Жел 21, 2016 18:56 Asia/Almaty

Һуд сүресі, 337-ші бөлім, 42-44 аяттар

"Һуд" сүресінің 42-ші аяты:

« و هي تجري بهم في موج کالجبال و نادي نوح ابنه و کان في معزل يا بنيٌ ارکب معنا ولاتکن مع الکافرين »

Ол кеме оларды таулардай толқында алып жүрді. Нұх (Ғ.С.) айрылуда болған ұлына: «Әй, балақайым! Бізбен бірге кемеге отыр, қарсы болушылардан болма!»,- деп дыбыстады (42).

Өткен бағдарламада Нұхтың қауымы қырсықтық танытып, хақты теріске шығарып, күпірлік білдіруден бас тартпаған соң Алла Тағаланың хазірет Нұхқа: «Оларға азап түсіріледі. Сондықтан азап күні мүміндердің құтқарылу құралы болатын үлкен кеме жаса» деп хабар бергенін айттық. Жерде су қайнап, аспаннан жаңбыр жауып, барлық жерді қалың сел басты. Құранның анықтамасы бойынша жерде таудай толқындар пайда болып, жер бетіндегі барлық нәрсе мен барлық адамды батырды.  Өкінішке орай, Нұхтың перзенті де кәпірлерге қосылып, әкесінің жолынан бөлінді. Сол себепті кемеге отырмай, шатқалды паналады. Бірақ соңғы мезетте Нұхтың әкелік сезімі буырқанып, азаптың басталуын көріп, бәлкім күпірліктен бас тартып, мүміндерге қосылар деп ұлын қырсықтық пен қыңырлықтан тыйды. Оқиғаның жалғасын келесі аяттардан түсінеміз. Бірақ осы аяттардан үйренетініміз төмендегідей болмақ:1.    Ата-ана өзінің перзенттерінің тағдырына жауапты. Әлеуметтік үлкен жауапкершіліктер осы жауаптылықты теріске шығармайды. 2.    Кәпірмен бірге болу тіпті пайғамбардың перзентін де хақ жол мен діннен бөледі.

 «Һуд» сүресінің 43 аяты:

« قال ساوي الي جبل يعصمني من الماء قال لا عاصم اليوم من امر الله الا من رحم و حال بينهما الموج فکان من المغرقين ‌»

Ұлы Кенған: «Мені судан сақтайтын тауға паналаймын» деді. Әкесі: «Бүгін Алланың әмірімен сақтаушы жоқ. Бірақ біреуге мәрхамет етсе басқа» дегенде, екеуінің арасына толқын түсіп, Кенған суға батқандардан болды (43).

Әкесінің ұлын күпірліктен қол үзіп, кемеге отыруға шақыруына қарсы Нұхтың ұлы әкесінің сөзіне ойланып, оны қабылдаудың орнына өзінің бұрыс жолында табандап, таудың басына шығып, таудың да Алланың бұйрығында екендігінен және Алла қаласа сол биіктіктің өзі де оның ажалының мекені болатындығынан хабарсыз ол Алланың қаһарынан құтыламын деп ойлады. Қалай болғанда да әке мен баланың әңгімесі нәтижеге жетпестен, аяқталмай жатып, үлкен толқын Нұхтың перзентін жалмап қойды. Осы аяттан үйренетініміз:1. Қатер төнгенде мүмін Алладан пана табады, мүшрік дүниенің материалды және шынайы емес күштеріне сенеді.2. Барлық жаратылыстың өмірінің негізі су Алланың әмірімен ажал мен құрдымның негізіне айналады.3. Алланың жазасы мен сыйының жүйесінде туыс болу және отбасылық байланыстардың әсері болмайды. Пайғамбардың ұлы да, егер кәпір болса батып кетеді, әкесі ештеңе істей алмайды.

 «Һуд» сүресінің 44 аяты:

« ‌و قيل يا ارض ابلعي و يا سماء اقلعي و غيض الماء و قضي الامر و استوت علي الجوديٌ و قيل بعداً للقوم الظالمين »‌

«Әй, жер! Суыңды жұт! Аспан, сен де тоқта» делінді де су тартылды. Іс бітті. Кеме Жуди тауына тоқтады. «Залымдар жоқ болсын!» делінді (Бұл Жуди тауы Мұсылға жақын) (44).

Бұл аяттар хазірет Нұхтың заманында орын алған тарихи шындықты баяндайды: жерді орасан сел мен топан су басып, содан соң қайтадан тыныштық орнап, мүміндерден адамдардың нәсілі жалғасын тапты.  Нұхтың кемесі тоқтаған Джудди тауының мекені қай жер екендігі туралы тәпсіршілер мен тарихшылар арасында пікір қайшылығы бар. Кейбіреулер оны Түркиядағы Арарат тауы десе, басқа біреулер оны Ирактың Моусел аймағында деп санайды, ал басқа біреулер тіпті басқа жерде деп есептейді. Бірақ осы оқиғаның орын алғандығы және Құранның оны «Алланың қаһары» деп атағандығы шындық.  Сондықтан сел мен зілзала сынды табиғи апаттар Алланың осы дүниедегі қаһарының белгісі екендігіне біліп жүрейік.Әдеби тұрғыдан да араб тілшілері мен әдебиетшілері қысқа бірақ қатаң және кесімді түрде сол бір ғаламат оқиғаны баяндаған осы аятты Құранның ең көркем және шешендік аяттарының бірі деп бағалаған. Осы аяттан үйренетініміз:1. Жер мен аспан Алланың әмірінде. Алла Тағала табиғи заңдылықтарды айыптамайды, оларды басқарады.  2. Залымдардың көзін жойғанмен зұлымдық жойылмайды. Зұлымдардың ақталу хабары тарих бойында жалғасып, тоқтамауы керек.