Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 7
Мешіттің функцияларының бірі сол жерде жамағат және жұма намаздарын өткізу болып табылады. Жамағат намазы тәртіп және имамға бағыну арқылы оқылады. Мұсылмандар тәртіпті де жүйелі саптарға тұрып, бір-бірінің қасына қапталдасып тұрады. Олардың осы әрекеттері хақ Тағалаға құлшылық ету жолында сапарлас екендіктерін білдіреді.
Егер естеріңізде болса, өткен бағдарламаларда Құдайға ғибадат етіп, табынудың илаһи барлық діндерде жоғары орынға ие екендігін айттық. Сол себепті ғибадаттың орыны да ерекше маңызды.
Исламның қасиетті дінінде мешіт Құдайдың үйі және Құдайдың құлдарының ғибадат етіп, Құдайға жалбарынатын мекені саналады.
Бірақ, маңызды жайт, ол исламның өз шариғатының негізін қоғамның негізі еткен жалғыз дін екендігінде және өзінің ахкамдары мен ережелерін қоғамдық формаларда баяндауында.
Ислам дінінің бағаны саналатын намаздың негізі де жамағат намазында, бірақ егер адам жалғыз өзі жеке оқимын десе, оған еш кедергі жоқ. Сол себепті де Алланың ардақты пайғамбары мен мүміндердің әміршісі хазірет Әли және хазірет Хаджидже жер бетіндегі алғашқы мұсылмандар болған кезде намазды бірлесіп оқыған.
Афиф Канди былай дейді: «Мен саудагер болдым. Бір жылы Меккеге келгенімде өте қызық көріністі байқадым. Адамдардың барлығының Қағбада ағаштан, темір мен тастардан жасалған пұттарға табынып, солардың арасында тек үш-ақ адамның Шам жаққа (әл-Ақса мешіті жаққа) қарап, ғибадат етіп жатқанын көрдім. Пайғамбардың ағасы Аббас бен Абдул Мотталеб менің қасымда болған. Одан бұлар кімдер және не істеп жатыр деп сұрадым. Ол: «Алдыда тұрған ана адам – бауырым Мохаммад. Оның оң жағында тұрған ұл келесі бауырым – Әли. Олармен бірге намаз оқып жатқан әйел – Мохаммадтың зайыбы Хадидже. Құдайдың аспанының астында осы үш адамнан басқа бұл дінді ешкім ұстанбайды» деді.
Мешіттің функцияларының бірі сол жерде жамағат және жұма намаздарын өткізу болып табылады. Жамағат намазы тәртіп және имамға бағыну арқылы оқылады.
Мұсылмандар тәртіпті де жүйелі саптарға тұрып, бір-бірінің қасына қапталдасып тұрады. Олардың осы әрекеттері хақ Тағалаға құлшылық ету жолында сапарлас екендіктерін білдіреді.
Осылайша барша намазхан ұжымдасқан түрде құныт дұғасын оқып, рүкүқ және сәжде жасап, жүректері бір-біріне жақындай түседі.
Сол кезде олардың бойында бізд барлығымыз бауырмыз деген сезім оянады. Бұдан басқа жамағат намазының мынадай ерекшелігі бар: адамдардың барлығын – кедей мен байды, үлкен мен кішіні тәртіп пен уақытты қадірлеуге, нақтылыққа үйретеді. Сонымен қатар олардың арасындағы жанашырлық пен жақындық және ынтымақтастық сезімін нығайтады. Сол себепті мешітке барып, сол жерде намаз оқудың маңыздылығы сондай, ұлы Құдай уәде беріп: «Егер жамағат намазына қатысушылардың саны он адамнан артық болса, барлық теңіздер жиналып, ағаштар қаламға айналып, жындар мен адамдар және періштелер жазушы болса да, оның бір рекет намазының сауабын жаза алмайды» деген. Сол себепті бір адам өзінің мешітке бармайтындығы мен жамағат намазына қатыспауының себебі ретінде көзінің көрмейтіндігі мен жалғыздық мәселесін алға тартқанда пайғамбар оған: «Үйіңнен мешітке дейін арқан тартып, сонымен өзіңді жамағат намазына жеткіз» деген болатын.
Құран аяттарында да жамағат намазының маңыздылығы сондай, Құдай тіпті діннің дұшпандарымен соғыс уақытында да жамағат намазын қаза етпеуге бұйырған. «Ниса» сүресінің 102 аятында: «(Мұхаммед Ғ.С.) Сен олардың ішінде (соғыс майданында имам болып) тұрған кезде олардан бір бөлігі сенімен бірге намазға тұрсын, барлығы құралдарын алсын. Сонда қашан олар сәжде қылса, (саған ұйып бір ракат оқыса,) олар арт жақтарында (жау жақта) болсын. Екінші намаз оқымаған топ келіп, сенімен бірге намаз оқысын, қорғаныстарын, құралдарын да алсын» (102).
Осы аятта Құдай пайғамбар мен сахабаларына соғыстың қиын жағдайында жамағат намазының егжей-тегжейін баяндап, оларды жамағат намазынан босатпай, керісінше оны оқудың тәсілдерін түсіндірген.
Құрметті оқырмандар, бағдарламаның осы бөлімінен мұсылмандардың арасындағы үшін мешіт саналатын «әл-Ақса» мешітін таныстырамыз.
Пайғамбардың сахабасы Абузар Ғаффариден мынадай сөз қалған: «Уа, Алланың елшісі! Жер бетінде салынған алғашқы мешіт қайсы?» деп сұрағанда хазірет: «Әл-Харам мешіті» деді. Содан кейін «Келесі мешіт қайсы?» деп сұрағанымда хазірет: «Әл-Ақса» мешіті» деді. Рауаяттарға сәйкес, хазірет Адам (ғ.с.) әл-Ақса мешітінің іргетасын әл-Харам мешітін салғаннан кейін қалаған. Милади жыл санағынан шамамен 2000 жыл бұрын хазірет Ибраһим, кейін перзенті хазірет Жақып пен хазірет Ысқақ ғимаратты жөндеуден өткізді. Көп жылдардан кейін Сүлеймен пайғамбар оны қайта жөндеуден өткізді. Милади жыл санағы бойынша 636 жылы да әділ халифаларының екінші халифасы Омар ибн ал-Хаттаб Құдсты жеңгеннен кейін әл-Ақса мешітінің оңтүстігінде қыбыла жақта орналасқан «Қебли» намазханасында (Содан бастап «Қебли» орталық мешіті деп танымал) намаз оқыған. Содан кейін Амавие кезеңінде Куббат ас-Сахра мешіті салынып, «Ғебли» намазханасы да жөндеуден өткізілді.
Сол себепті жер бетіндегі қасиетті Меккедегі әл-Харам мешітінен кейінгі екінші мешіт әл-Ақса мешіті салынды. Аталмыш мешіт ерте замандардан мұсылмандардың ең қасиетті мешіттерінің бірі ретінде жұрт назарын өзіне аударып келеді.
Әл-Ақса мешіті мұсылмандардың алғашқы құбыласы да. Ардақты пайғамбар мен басқа мұсылмандар Қағбаға қарап, намаз оқудан бұрын 14 жылдан астам уақыт әл-Ақса мешітіне қарап намаз оқыған.
Мұсылмандар үшін әл-Ақса мешітінің қасиеттілігінің келесі бірі тарихи оқиға мен исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммедтің миғражға көтерілу мұғжизасына байланысты.
«Исра» сүресінің бірінші аятында Құдай осы оқиғаға сілтеме жасап: «Құлын (Мұхаммед Ғ.С-ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін мешіт Ақсаға апарған Алла әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз ол естуші, білуші. (Мұхаммед Ғ.С. бір түні Жебірейіл Ғ.С. арқылы Бұраққа мінгізіліп, мешіт әл-Харамнан мешіт Ақсаға апарылып, сол арадан да көкке шығарылып, бір демде адам баласының өлшеулі сезімінен тыс дәрежеге ие болып қайтқан “Миғраж” уақиғасы. 53-С. 1-18-А.) (1).
Сол себепті әл-Ақса мешіті өзінің атауын Құраннан алған. «Ақса» алысырақ деген мағынаны білдіреді. Пайғамбар мен мұсылмандардың мекені болған Мекке мен әл-Хараммен салыстырғанда ол мешіт өте алыс жерде орналасқандықтан «әл-Ақса» мешіті деп аталған. Пайғамбардың миғражы осы мешіттен басталғандықтан мына жайт маңызды: миғраждың мақсаты мағрифат пен рухани дамуға қол жеткізу болды. Мешіт мүміннің рухани ұшуы үшін ең жақсы сәкі бола алады.
Кейде «Харам шариф» деп те аталатын қасиетті ғимараттың құрылысы қазіргі қалыпқа келуі үшін шамамен 30 жылға (685-715) созылды. Бұл құрылыс Қыбыла жақтан әл-Ақса мешітінің оңтүстік нүктесінен ең алыстағы қара түсті қорғасын күмбезге ие «Қебли» намазханасынан, әл-Ақса мешітінің ортасында орналасқан алтын күмбезді Куббат ас-Сахрадан, Әл-Ақса мешітінің төменінде оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Марвани намазханасы мен «Пырақ» мешітінен, жалпы шамамен 200 ескерткіш пен тағы да басқа мүбарак мекендер мен мешіт пен ғимараттарды, күмбездер мен сәкілерді, мұнаралар мен дарбазаларды қамтиды.
«Харам шариф» су қорымен жабдықталғандықтан мұсылмандар осы мешіттің ислам тарихы бойында кесененің айналасында шашырай орналасқан құдықтар мен су қорлары мен емхана салуға күш салды.
«Харам шарифтің» әкімшілік және қаржы істері бүгінде Иорданияның астанасы Амманда орналасқан Уқаф және Исламдық қасиетті мекендер істері министрлігіне қарайтын исламдық Уқаф ұйымы арқылы басқарылады.
Аталмыш кешеннің аумағында исламдық мұражай, әл-Ақса мешітінің кітапханасы, әл-Ақса дін ғылымдары медреселері, «Дар ал-Құран Кәрім», исламдық Уқаф сынды әкімшілік кеңселер мен мекемелер орналасқан.
Әл-Ақса мешітінің орынын баяндағанда исламның ардақты пайғамбары былай деген: «Егер бір адам өзінің үйінде намаз оқыса, өзінің бір намазының сауабын алады. Егер мешітте намаз оқыса, 25 намаздың сауабын алады. Ал егер орталық мешітте намаз оқыса, оған Құдай 500 намаздың сауабын жазады. Бірақ, егер әл-Ақса мүбарак мешітінде оқыса, 50 000 намаздың сауабын алады».
Сонымен қатар келесі хадиста: «Әл-Харам мен менің мешітім (ән-Наби), әл-Ақса мен Куфе мешіттеріне болмаса, сапар мен зиярат үшін жолға шығуға қамданбаған жөн» деген.