Жел 24, 2016 17:24 Asia/Almaty
  • Ұлы тұлғаның алдында 51

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи: «Мұхаррам мен сафар айларында біздің ардақты халқымыз бойларынан ерлік пен ашуралық рухты, Аллаға тәуекел ету мен жанкештілік рухын тәрбиелеп, имам Хусейн (ғ.с.)-нан үлгі алуы керек. Аза тұту рәсімдері біздің жүректерімізді имам Хусейн (ғ.с.)-ға жақындатып, хазіреттің мақсаттарымен жақыннан таныстырады».

 

Үйлер мен мешіттердің және имам Хусейн (ғ.с.)-ға аза тұтушылардың мекендерінің үстінен жасыл және қара туларды көруге болады. Имам Хусейн (ғ.с.)-ға аза тұту үшін жиналған топтардан әйелдердің жылаған дауыстары естіледі. Иран Ислам революциясының  жетекшісі аятолла Хаменеи мұхаррам мен сафар айларын рухани және адами жоғары мақсаттар орындалатын ай деп санайды.  Ол осы екі ай кезінде халыққа: «Мұхаррам мен сафар айларында біздің ардақты халқымыз бойларынан ерлік пен ашуралық рухты, Аллаға тәуекел ету мен жанкештілік рухын тәрбиелеп, имам Хусейн (ғ.с.)-нан үлгі алуы керек. Аза тұту рәсімдері біздің жүректерімізді имам Хусейн (ғ.с.)-ға жақындатып, хазіреттің мақсаттарымен жақыннан таныстырады»,- деді.

Имам Хусейн (ғ.с.) мен хазіреттің серіктерін еске алып, аза тұту және Ашура оқиғасын баяндау бірнеше тұрғыдан маңызды. Біріншіден, Құран Кәрім Алланың дінінің әулиелері және теңдессіз тұлғалардың жоғары сипаттары мен ерекшеліктерін ұмытпауды қуаттайды. Басқа жақтан Алла елшісі ұрпағының пәк имамдарының ғамалдарына  шолу жасап, олардың Кербала оқиғасын мәңгілік ету саласындағы әртүрлі ғамалдары туралы оқимыз. Олар аза рәсімдерін өткізуге және ақындарды орын алған оқиғаларды баяндауға жігерлендіріп, бұл ерлікті еске салатын. Имамдардың өздері бұл апатты еске алып, көп жылап, олар туралы көп айтып, Кербаладағы имам Хусейн (ғ.с.)-ның қабіріне зиярат етуді маңызды санаған. Сондықтан аза тұту рәсімдерін өткізу және Ашура оқиғасы туралы баяндау пайғамбар әулетінен басталған деп айтуға болады. Аятолла Хаменеи  бұл туралы Ашура күнгі хазірет Зейнабтың ерлігіне тоқталып: «Рауаяттар бойынша хазірет Зейнаб имам Хусейн (ғ.с.)-ныың шәһид болған жеріне қарсы төбеге көтеріліп, пайғамбарға: «Жер мен аспанның періштелері өзіне сәлем айтқан  уа, Алланың елшісі!  Денесі парша-парша болып, басы денесінен бөлінген мынау өзіңнің Хусейнің. Мәйіті далада қалып, оның үстінен жел соғып, шаң-тозаң қонып жатқан мынау өзіңнің Хусейнің»,- деп, имам Хусейн (ғ.с.)-ға жоқтау айтуды бастады. Имамның қарындасы Кербала, Куфе, Шам мен Мединеде дауыстап, Ашура оқиғасын баяндады. Бұл бұлақ сол күннен басталып, осы уақытқа дейін сарқылған жоқ»,- деді. Шәһидтердің көшбасшысы имам Хусейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдерін өткізу маңызды болғанымен бұл рәсімдердің  мәтіндері  одан да маңызды. Аятолла Хаменеи имам Хусейн (ғ.с.)-ның аза рәсімдерінің ерекшеліктеріне тоқталып: «Мұхаррам айындағы аза рәсімдері үш ерекшелікке ие: біріншіден, имам Хусейн (ғ.с.) мен пайғамбар әулетіне деген мейірімділікті  арттыру қажет, өйткені мейірімді қарым-қатынас өте маңызды. Екіншіден, Ашура оқиғасын анығырақ айту керек, үшіншіден, діннің тағылымдарына келтіру үшін  иманға ие болуы керек»,- деді. Өйткені апат пен ерліктен хабардар болмай, оны мадақтауға немесе ол туралы баяндауға болмайды. Өкінішке орай, кейбір адамдар нақты білімдеріне емес, естігендеріне сүйеніп сөйлеп, мадақ айтады.

Кербала оқиғасы адамды тәрбиелейтін көптеген құндылықтарға ие. Сөз сөйлейтін және мадақтаушы адамдар ерліктің әртүрлі тұрғыларына нақты көңіл бөліп, көп тағылым үйрете алады. Мәселен, мейірімділік – Ашура оқиғасының негізгі құндылықтарының бірі. Адам бұл оқиғаға назар аударған кезде одан махаббатты көреді: қарындасының ағасына деген махаббатын, көкесінің бауырларының перзенттеріне  деген махаббатын, тәтесінің ағасының балаларына, ең маңыздысы имам Хусейн (ғ.с.)-ның Жаратушысына деген махаббатын. Дәл осы  мейірімділік қарым-қатынасты көрсетуге үлкен әсерін тигізеді. Бұл әулеттің отбасылық мейірім қарым-қатынасы барша үшін теңдессіз үлгі. Балаларға деген махаббат, шатырларды өртеу, қамауға алу, имам Хусейн (ғ.с.) перзенттерінің жанкештілігі, хазіреттің ағасының перзенті Қасем бен әл-Хасанның жанкештілігі мен алты айлық сәбидің құрбан болуы жүректерді сыздатып,  жанарларымызды көз жасына толтырады. Ислам революциясының жетекшісі: «Аза рәсімдерінде оқиғаның өзімен бірге адами мейірім туралы айту имам Хусейн (ғ.с.) мен Исламның ұлық пайғамбарына деген махаббатты арттырады. Ол діни қайраткерлерге: «Мейірімді қарым-қатынас өте маңызды мәселе. Сіздер аталмыш рәсімдерге қатысушылардың имам Хусейн (ғ.с.) мен пайғамбар әулетіне деген білімдерінің күннен күнге артатындай белсенділік танытуларыңыз керек. Өкінішке орай, егер аза рәсімдерінің бірінде пайғамбар әулетіне мейірім тұрғысынан жақындатпай, керісінше алыстататын кеңістік орнатылса, бұл рәсім зиян келтірген рәсім болып саналады. Пәк имамдардың кезінде имам Хусейн (ғ.с.) үшін жылау орынды болды, бірақ қазір бұл көне дәстүр  деп ойлайтын боларсыздар. Бұл дұрыс емес. Мейірім өз орнына, қисын мен дәлел өз орнына. Адамның болмысында олардың әрбіреуінің үлесі бар. Мейірімділік пен махаббат арқылы шешетін мәселелер көп. Олар қисын мен дәлелдің орнын алмастыра алмайды. Ашура оқиғасы – өз болмысында мейірімділік қайнаған теңіз»,- деді. Аятолла Хаменеи адамдардың діни болмысындағы мейірімділіктің рөлін жақсырақ анықтау үшін пайғамбарлардың қозғалысына тоқталды. Аятолланың пікірінше пайғамбарлардың сабақ болатын қозғалыстарын нақтырақ зерттеу   пайғамбарлардың өз міндеттеріне кірісіп, олардың қасына адам жиналған кезде олардың жиналуына қисын мен дәлел себеп болмаған. Ислам революциясының жетекшісі: «Сіздер  пайғамбардың анық әрі баршаға белгілі тарихына көңіл бөліңіздер. Хазірет құрайыш тайпасының дінсіздерінің қайсын алдына отырғызып, Құдай бар немесе Құдай жалғыз деген дәлел келтірді? Әлде пұтқа табынуларың дұрыс емес деп қандай дәлел айтты? Дәлел қозғалыс алға ілгерілеген кезде ғана пайдалы. Бірінші кезеңде сезім мен мейірімділік әсерін тигізеді. Пайғамбар бірінші кезеңде «Мына пұттарға қараңдар, олар әлсіз» немесе «Қараңдар, Ұлы Алла жалғыз» деді. Бұл жерде ақылмен айтылған дәлел мен философия қайда? Әрине, әрбір шынайы сезімдің аясында философиялық дәлел бар. Бірақ пайғамбар  өз шақыруын бастағысы келген  кезде философиялық  дәлелді баяндамады. Бұл жерде шынайы мейірімділік маңызды»,- деді. Ислам революциясының пікірінше имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысы туралы айтатын адамдар басында Кербала апатын еске алып, мейірімділік турлы ұмытпауы керек. Яғни, имам Хусейн (ғ.с.) мен қасындағылардың арасындағы мейірімді қарым-қатынасты баяндағаннан кейін хазіреттің көтерілісінің дәлелдеріне тоқталу керек.