Жетекшілік хадисі 99
«Юнес» сүресінің 65-ші аятында Алла Тағала рақым мен мейірім пайғамбарына: «(Мұхаммад с.ғ.с.) кәпірлердің сөзі сені кейітпесін. Расында, бүкіл үстемдік Аллаға тән. Ол әр нәрсені естуші, білуші» дейді.
Қадірлі және ғиззатқа ие болу – әр адамның қалауы. Сол себепті әр адам сондай қасиеттерге ие болу жолында қадам басады. Бірақ адамдардың көбі жолдан адасып, соңында ғиззатқа ие болудың орнына қорлыққа тап болады. Осыған орай Аллаға қарай бет алып, қасиетті Құран кітабын ашып, бақыт пен ғиззатқа жеткізетін ең жақсы жолды табу қажет. «Юнес» сүресінің 65-ші аятында Алла Тағала рақым мен мейірім пайғамбарына: «(Мұхаммад с.ғ.с.) кәпірлердің сөзі сені кейітпесін. Расында, бүкіл үстемдік Аллаға тән. Ол әр нәрсені естуші, білуші» дейді. Сондай-ақ хадистерге шолу жасау арқылы мүміннің маңызды орынға ие екендігін, Жаратушының оған өзін қорлаудан басқа кез келген істі орындау ықтиярын бергенін көреміз.
Адам Аллаға қаншалықты сүйенсе, соншалықта Алладан басқалардан тәуелсіз болып, ғиззаты да артады. Өйткені, ғиззат Аллаға тән сипат. «Мунафиқун» сүресінің 8-ші аятында: «Негізінде ғиззат Аллаға, Елшісіне әрі мұсылмандарға тән. Бірақ мұнафықтар білмейді»,- деп айтылған. Илаһи нығмет Алладан басқаға сүйенуден алыстатады. Исламның ұлық пайғамбарының қасиетті хадистерінің бірінде Алла тарапынан: «Мен сендердің Жаратушыларыңмын. Сондықтан екі әлемде ғиззат талап етушілер тек Аллаға бағынуы керек»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.) Аллаға бағынуы мен күнәдән алыстауын қуаттау үшін өсиетнамасында: «Әрқашан халық пен тайпаны қажет етпей, ғиззат пен салтанатқа, үкіметті қажет етпей айбындылыққа жеткің келсе, Аллаға бағын»,- деген. Тақуалық – адамды шығын мен зияннан қорғап, бұрмаланушылықтарға кедергі болатын ерекшелік. Сондықтан ғиззатқа жеткізетін жолдардың бірі илаһи тақуалықты сақтау болып табылады. Исламның ұлық пайғамбары: «Ең ғиззатты адамдардың қатарында болғысы келген әр адам илаһи тақуалыққа ие болуы керек»,- деді. («Бихар әл-Анвар», 70-ші том). Илаһи тақуалық адамның абыройы мен беделін арттыруда маңызды рөл атқаратындықтан, имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Ешбір ғиззат тақуалықтан артық емес»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 371-ші хикмет). Негізінде тақуалық пен ғиззаттың арасында тікелей байланыс бар. Тақуалық артқан сайын ғиззат да арта түседі. Керісінше, адам тақуалықтан алыстаған сайын ғиззаттан да қашықтай береді. Имам Әли (ғ.с.): «Тақуалық адамға ғиззат сыйласа, күнә адамды қорлайды» деген. Ғиззаттың ерекшеліктерінің бірі – халыққа мұқтаж болмауда. Имам Бақер (ғ.с.): «Халықтың қолындағысына мән бермеу адамның діни ғиззатына себеп болады»,- деген. («Усул Кафи», 2-ші том). Хадистердің бірінде Алланың адал періштесі Жебірейілдің пайғамбардың қасына келіп: «Уа, Мұхаммад! Қалай өмір сүргің келсе, солай өмір сүр, бірақ өлімнің бар екенін ұмытпа. Кімді жақсы көргің келсе, соны жақсы көр, бірақ айрылудың да бар екенін ұмытпа. Не істегің келсе, соны істе, бірақ жазаның да бар екенін біл. Сондай-ақ адамның беделінің ғибадатын орындап, ояу өткізген түнінде және оның ғиззатының халыққа мұқтаж болмауында екенін біл»,- дегені айтылған. Ислам адамды жоғары санап, әрқашан оны құрметтейді. Сондықтан мүміндерге мүмкіндіктеріне қарай басқаларға қарай қол жаймау туралы кеңес береді. Өйткені мүмін адам өзінің қажеттіліктерінің бір бөлімін қамтамасыз ету үшін басқаның алдында өзін кішірейтпейді. Аллаға иман келтіру адамға ең жоғары ғиззатты сыйлайды. Имам Әли (ғ.с.) мен басқа пәк имамдардың рауаяттары бойынша шағбан айында оқылатын дұғада: «Уа, Алла! Мені жаратылғандарға тәуелді болудан алыстатып, Өзіңе жақындат»,- деп сұралады. Сонымен бірге: «Уа, Алла, мен үшін өзіңнің пендең болу ғиззаты жеткілікті. Өзіңнің маған ие болғаныңды құрмет тұтамын»,- дейді. («Имам Әли (ғ.с.)-ның мүнәжәттерінен).