Жел 27, 2016 20:27 Asia/Almaty

Ниса сүресі, 126-шы бөлім, 95-99 аяттар

لاَّ يَسْتَوِي الْقَاعِدُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ غَيْرُ أُوْلِي الضَّرَرِ وَالْمُجَاهِدُونَ فِي سَبِيلِ اللّهِ بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنفُسِهِمْ فَضَّلَ اللّهُ الْمُجَاهِدِينَ بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنفُسِهِمْ عَلَى الْقَاعِدِينَ دَرَجَةً وَكُلاًّ وَعَدَ اللّهُ الْحُسْنَى وَفَضَّلَ اللّهُ الْمُجَاهِدِينَ عَلَى الْقَاعِدِينَ أَجْرًا عَظِيمًا ﴿۹۵﴾ دَرَجَاتٍ مِّنْهُ وَمَغْفِرَةً وَرَحْمَةً وَكَانَ اللّهُ غَفُورًا رَّحِيمًا ﴿۹۶﴾

"Мүміндерден үзірсіз (ақсақ, соқыр, ауру болса бір басқа) соғысқа шықпағандар мен Алла жолында мал-жанын қиып соғысқа шыққандар тең емес. Алла жолында мал-жанын атап соғысқандарды Алла соғысқа шықпағандардан бір дәреже үстем қылады. Алла осы екі түрлі адамдарға (соғысқа шыққандарға да, себеппен соғысқа шыға алмағандарға да) жақсылық бағыштауға уәде қылды. Бірақ, соғысқа шыққандарға үйде отырушылардан ерекшелеп ірі сыйлық арнады. (95) Алла (оларға) ұлы мәртебе, мағфират, рақмет бағыштады. Алла – асқан кешірімді, ерекше мейірімді. (96)"

Алла тағала мұсылмандардың дұшпанға қатысты асығыс әрекет жасауына тыйым салған өткен аяттардан кейін осы аят арқылы оларды дұшпанға қарсы соғысқа белсенді қатысуға шақырады. Сондай-ақ қорқақ немесе рахатшыл мүміндерді соғысқа қатысуға ынталандыру үшін, алдымен үйлерінде отырып, намаз бен дұға оқумен ғана шектелетін мүміндермен соғыс шебіндегі күрескерлердің дәрежесі тең емес деп ескертіп: "Күрескерлердің дәрежесі артығырақ. Олардың дәрежесі ғана артық емес, оларды Алланың ерекше рақымшылығы мен мейірімімен қоса зор сыйлықтар күтіп тұр",-дейді. Алла тағала адамға ауыр тапсырма жүктемейді. Сондықтан денсаулығы жарамайтын және науқас адамдар соғысқа қатысудан босатылады. Егер олар күрескерлерге өздерінің мал-мүлкі және сөздерімен жәрдемдессе, олармен бірге сауапқа ие болады. Осы аятта күрескерлердің соғысқа қатыспай қалғандардан артықшылық мәселесі үш рет айтылғанымен, ол басқалардың қызметі мен еңбектерін жоққа шығару дегенді білдірмейді. Сондықтан аят: "Алла тағала барлық мүміндерге сауап беретіндігіне уәде берген. Алла жолында соғысудың дәрежесі артық болғанмен, басқалардың еңбегін жоққа шығаруға болмайды",-деп қуаттайды. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, исламдық қоғамдағы әділет дегеніміз – барлық мүміндерді бірдей деп санау емес. Дегенмен джихадқа қатысу белгілі бір артықшылық пен ұпай береді. Жауапты басшылар мен халық мұны естен шығармауы керек. Сондықтан күрескерлердің негізсіз ынтызары болмауы керек.

Екіншіден, илаһи жарылқауға бөлену үшін пәк болу керек. Алдымен кешірім, сонан соң рақымдылық тұрады.

Үшіншіден, Алла тағала кешірімді әрі рақымды болғанымен, адам оған өзінің амалдары арқылы кенеледі.

"Ниса" сүресінің 97-ші аяты:

إِنَّ الَّذِينَ تَوَفَّاهُمُ الْمَلآئِكَةُ ظَالِمِي أَنْفُسِهِمْ قَالُواْ فِيمَ كُنتُمْ قَالُواْ كُنَّا مُسْتَضْعَفِينَ فِي الأَرْضِ قَالْوَاْ أَلَمْ تَكُنْ أَرْضُ اللّهِ وَاسِعَةً فَتُهَاجِرُواْ فِيهَا فَأُوْلَئِكَ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ وَسَاءتْ مَصِيرًا ﴿۹۷﴾

"Періштелер өз бастарын кесірге ұшыратқандардың (хижрат етпей кәпірлермен бірге тұра бергендердің) жанын алған кезде, олардан: "(дін жағынан) қандай жағдайда едіңдер?",-деп сұрайды. Олар: "Бұл жерде (Меккеде) дәрменсіз едік",-дейді. Періштелер: "Қоныс аударсаңдар, Алланың жері кең емес пе?",-дейді. Міне бұлардың барар орны – жаһаннам. Ол неткен жаман орын десеңізші! (97)"

Тарихи деректер бойынша Меккенің кейбір мұсылмандары жанын сақтау үшін кәпірлерге қосылып, тіпті олармен бірге кейбір соғыстарға қатысып, қаза болған. Осы аят түсіп, оларды күнәһар және кінәлі деп есептеп, олардың дұшпанға қосылудағы "отансүйгіштік" сезімін қабылдауға жатпайтын себеп деп атады. Өйткені бір жерден басқа жерге қоныс аудару міндетті болғанымен, негізгі мақсат - дінді сақтау болып табылады. Бұл арада айта кететін қызықты жайт, осы аят бойынша адам өлер алдында илаһи періштелерге жолығады. Періштелер адаммен сөйлесіп, оны айыптайды. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, адамның істерін тек Алла ғана емес, періштелер де біліп тұрады.

Екіншіден, кәпірлер мен күнәнің ортасынан көшу уәжіп болып саналады. Сондай-ақ кәпірлердің әскеріне қосылу да харам.

Үшіншіден, негізінде өмірде отанға емес, Аллаға табыну керек. Сондықтан қоршаған ортамызды өзгертіп немесе ол жерден көшу керек.

"Ниса" сүресінің 98-99 аяттары:

إِلاَّ الْمُسْتَضْعَفِينَ مِنَ الرِّجَالِ وَالنِّسَاء وَالْوِلْدَانِ لاَ يَسْتَطِيعُونَ حِيلَةً وَلاَ يَهْتَدُونَ سَبِيلًا ﴿۹۸﴾ فَأُوْلَئِكَ عَسَى اللّهُ أَن يَعْفُوَ عَنْهُمْ وَكَانَ اللّهُ عَفُوًّا غَفُورًا ﴿۹۹﴾

"Бірақ, ерлерден, әйелдерден, балалардан бейқайрат болғандардың, жол білмейтіндердің жөні басқа. (98) Міне, бұларды Алла кешіруі мүмкін. Алла кешірімшіл, жарылқағыш. (99)"

Өткен аят дінді сақтау үшін қоныс аударудың қажеттігін баяндаса, осы аят қоныс аударуға шамасы келмей, құтылудың жолын таба алмай отырған мүміндерге, шамадан тыс тапсырма жүктемейді. Негізінде Исламда тапсырманы орындау қабілетке байланысты. Сондықтан ақыл-ойы немесе денсаулығы жағынан шамасы келмейтін адамдарға Алла міндет жүктемейді. Осы аятта мұндай ерлер мен әйелдер балалармен бір қатарға қойылып, олар "әлсіздер" деп аталған. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, хижрат етуге ерлер ғана емес, отбасының барлық мүшелері міндетті. Шамасы келмейтіндердің жөні басқа.

Екіншіден, Алланың алдында ойдан шығарылған сылтаулар емес, нағыз себеп қана қабылданады.