Жел 29, 2016 18:31 Asia/Almaty

Ниса сүресі, 124-ші бөлім, 89-91 аяттар

وَدُّواْ لَوْ تَكْفُرُونَ كَمَا كَفَرُواْ فَتَكُونُونَ سَوَاء فَلاَ تَتَّخِذُواْ مِنْهُمْ أَوْلِيَاء حَتَّىَ يُهَاجِرُواْ فِي سَبِيلِ اللّهِ فَإِن تَوَلَّوْاْ فَخُذُوهُمْ وَاقْتُلُوهُمْ حَيْثُ وَجَدتَّمُوهُمْ وَلاَ تَتَّخِذُواْ مِنْهُمْ وَلِيًّا وَلاَ نَصِيرًا ﴿۸۹﴾

 

"Олар өздері сияқты сендердің де кәпір болуларыңды, сөйтіп өздерімен бірдей болуларыңды тілейді. Олар, Алла жолына көшпейінше, олармен достаспаңдар. Оларды (Алла жолына көшуден бас тартса) қайдан тапсаңдар, сол жерде ұстап өлтіріңдер, оларды дос та тұтпаңдар, көмекші де етпеңдер. (4:89)"

Кейбір аңқау мұсылмандар мұнафықтарға көмектесіп, оларға жақтасады. Сонда осы аят: "Бұлардың қаншалықты сұмдық екенін білмейсіңдер. Олар өздері ғана кәпір бола тұра, сендерді де күпірлікке салып, өздеріндей болуларыңды қалайды. Олар сендермен дос болуға лайықсыз болғандықтан, оларды достарың деп ойламаңдар. Олар күпірлік пен екіжүзділіктің ортасынан Ислам қоғамына көшсе, оның жөні басқа. Ал егер күпірліктен бас тартпай, Исламның атын кері мақсатта пайдалануды доғармаса, қай жерде болсын ұстап, тұтқындаңдар, тіпті қажет болса өлтіріңдер",-дейді. Бұл арада айта кететін жайт, Құранның көзқарасынша исламдық билік аясында өмір сүретін яһудилер мен христиандарға толық құрмет пен қолдау көрсетіледі. Ешкімнің оларға тиісуге хақы жоқ. Бірақ, егер мұнафықтар Исламның атымен соққы бермекші болса, оларға тым қатаң жаза қолданылады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, мұнафықтардың қауіп-қатеріне абай болайық. Олар кәпір дұшпаннан да жаман болғандықтан, олардың достығын қабылдамайық.

Екіншіден, Алланың жолында қоныс аудару – нағыз иманның белгісі. Дін жолында қоныс аударғысы келмейтін адам нағыз мүмін емес.

Үшіншіден, әр күнәнің тәубесі үшін оның есесін толтыру керек. Қоныс аудармаудың есесін толтыру үшін қоныс аудару керек.

"Ниса" сүресінің 90-шы аяты:

 

إِلاَّ الَّذِينَ يَصِلُونَ إِلَىَ قَوْمٍ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُم مِّيثَاقٌ أَوْ جَآؤُوكُمْ حَصِرَتْ صُدُورُهُمْ أَن يُقَاتِلُوكُمْ أَوْ يُقَاتِلُواْ قَوْمَهُمْ وَلَوْ شَاء اللّهُ لَسَلَّطَهُمْ عَلَيْكُمْ فَلَقَاتَلُوكُمْ فَإِنِ اعْتَزَلُوكُمْ فَلَمْ يُقَاتِلُوكُمْ وَأَلْقَوْاْ إِلَيْكُمُ السَّلَمَ فَمَا جَعَلَ اللّهُ لَكُمْ عَلَيْهِمْ سَبِيلًا ﴿۹۰﴾

 

"Бірақ, сендермен өзара келісім жасасқан қауымға паналағандардың немесе сендермен де, өз қауымымен де соғысуға (батылы бармай), сендерге келгендердің жөні бір басқа. Егер, Алла қаласа, оларды сендерге қожаңдатып өктем қылар еді, сонда олар соғысар еді. Егер, олар сендерден аулақ тұрса және соғыспаса, сендерге тізе бүксе (келісім талап етсе), Алла сендердің оларға тиісулеріңе әсте рұқсат етпейді. (4:90)"

Осы аят мұнафықтарға қатаң жаза қолдау барысында, олардың екі тобын ережеден тыс санайды. Олардың бірінші тобы - мұсылмандармен келісім жасап, өзара байланыс орнатқандар. Ал екінші тобы - соғыс пен күреске қатыспай, тіпті татулық ұсынысын жасағандар. Бірінші топ келісім мен уәделерінде тұрғандықтан ережеден тыс болады. Ал екінші топ өздерінің бейтараптығын мәлімдегендіктен, оларға тиісу әділет пен ержігіттікке қайшы келеді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, тіпті кәпірлермен де жасалған саяси немесе әскери келісімдерді, егер олар оны бұзбай орындаса, құрметтеу керек.

Екіншіден, Исламда джихад пен күрестің мақсаты - кек алу немесе үстемдік жүргізу емес. Егер дұшпан татулық келісімін қабылдап, соғысудан бас тартса, оған тиісуге болмайды.

"Ниса" сүресінің 91-ші аяты:

 

سَتَجِدُونَ آخَرِينَ يُرِيدُونَ أَن يَأْمَنُوكُمْ وَيَأْمَنُواْ قَوْمَهُمْ كُلَّ مَا رُدُّوَاْ إِلَى الْفِتْنِةِ أُرْكِسُواْ فِيِهَا فَإِن لَّمْ يَعْتَزِلُوكُمْ وَيُلْقُواْ إِلَيْكُمُ السَّلَمَ وَيَكُفُّوَاْ أَيْدِيَهُمْ فَخُذُوهُمْ وَاقْتُلُوهُمْ حَيْثُ ثِقِفْتُمُوهُمْ وَأُوْلَئِكُمْ جَعَلْنَا لَكُمْ عَلَيْهِمْ سُلْطَانًا مُّبِينًا ﴿۹۱﴾

 

"Сендермен де, өз қауымымен де тыныштықта тұруды қалайтын тағы бір түрлі адамдар бар екенін көресіңдер. Олар бұзақылыққа шақырылса, өңмеңдеп кірісе кетеді. Олар сендерден аулақ тұрмаса, бас игісі келмесе, соғыстан қолын тартпаса, оларды қай жерден кезіктірсеңдер, сол жерде ұстап өлтіріңдер. Міне сендер (жаза жорығын жүргізулерің) үшін оларға қарсы айқын дәлелдер көрсеттік. (4:91)"

Мекке тұрғындарының бір тобы пайғамбардың (с) алдына келген сайын екіжүзділікпен Исламды қабылдағандарын айтатын. Бірақ Меккеге оралғанда кәпірлердің азабына душар болмау үшін қайтадан пұттарға табынып, кәпірлерді қолдайтынын айтқан. Осылайша олар екі жақтан да пайда көріп, олардың қауіп-қатерінен аман қалып жүрді. Бірақ олар шындығында кәпірлерге жақынырақ болып, олардың мұсылмандарға қарсы қастандықтарына қатысатын. Осы аят түсіп, мұсылмандарға әлгі топпен қатаң болуды бұйырды. Өйткені мұндай кісілер мұсылмандар арасындағы дұшпанның ықпал етуші күші болатын. Сондықтан олар соғысты ашық жариялайтын кәпірлерден де қауіпті болып есептеледі. Бұлар осыдан бұрынғы аятта олармен тату өмір сүру жөнінде берілген нұсқауға кірмейтін, аса қу және қастандық жасайтын адамдар. Олар өздерінің бейтараптығын мәлімдемеумен қоса, соғыс пен қақтығыс отын өршітеді. Сондықтан бұлардың үкімі олардың үкімінен бөлек. Оларды қай жерде болсын тұтқындап, қарсылық білдірген жағдайда өлтіру керек. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, мұсылмандар өзінің дұшпандарын біліп, олардың әрқайсысына тиісті жауап беруі тиіс.

Екіншіден, исламдық үкіметке қарсы қастандық жасап, оны төңкеруді көздейтіндерге қатаң шаралар қолданып, басып-жаншу керек.

Үшіншіден, мұнафық адам өзінің иманы мен сенімдерін сақтауды емес, тек жанының рахатын ғана ойлайды.