Жел 29, 2016 18:43 Asia/Almaty

Ниса сүресі, 112-ші бөлім, 44-47 аяттар

 

 

أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُواْ نَصِيبًا مِّنَ الْكِتَابِ يَشْتَرُونَ الضَّلاَلَةَ وَيُرِيدُونَ أَن تَضِلُّواْ السَّبِيلَ ﴿۴۴﴾ وَاللّهُ أَعْلَمُ بِأَعْدَائِكُمْ وَكَفَى بِاللّهِ وَلِيًّا وَكَفَى بِاللّهِ نَصِيرًا ﴿۴۵﴾

 

"(Ей, Мұхаммед! Кітаптан сыбаға берілгендердің (яһудилердің)) азғындықты сатып алып, сендердің де дұрыс жолдан адасуларыңды көксеп жүргенін көрмедің бе? (4:44) Алла сендердің дұшпандарыңды әбден біледі. Алла сендерге ие де, медетші де болуға кәміл. (4:45)"

Осы аяттар Ислам пайда болған кезеңдегі Мәдинада тұрған, бірақ Ислам пайғамбары (с) мен Құранға бірінші болып иман келтірудің орнына, әу бастан-ақ қарсыласып, тіпті Мекке мүшріктерімен ұйымдасқан яһуди ғалымдары туралы. Осы аят: "Кітап иелері болып саналатын бұл ғалымдар Алланың сөзімен таныс бола тұра, оны өздері мен басқаларды бақытқа жеткізудің құралы етіп алудың орнына, басқаларды адастырып, олардың иман келтіруіне кедергі болды",-деп ескертеді. Сонан соң мұсылмандарға: "Олармен жауласудан қорықпаңдар. Алла оларға үстем. Алла сендерге жәрдем беруші",-дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:

Біріншіден, Алланың кітабы мен үкімдерін білудің бір өзі бақытқа жеткізбейді. Өздері де адасып, басқаларды да тура жолдан тайдырған діни ғұламалар қаншама? Адамның рухы таза әрі ақиқат іздеуші болуы тиіс.

Екіншіден, исламдық қоғамның негізгі дұшпандары – дін мен адамдардың ой-пікірінің сырттағы және іштегі дұшпаны.

Үшіншіден, Алланың жәрдеміне ие болу үшін өзің мен басқалардың дүниелік күшіне сенбей, Алланың жолымен жүру керек.

"Ниса" сүресінің 46-шы аяты:

 

مِّنَ الَّذِينَ هَادُواْ يُحَرِّفُونَ الْكَلِمَ عَن مَّوَاضِعِهِ وَيَقُولُونَ سَمِعْنَا وَعَصَيْنَا وَاسْمَعْ غَيْرَ مُسْمَعٍ وَرَاعِنَا لَيًّا بِأَلْسِنَتِهِمْ وَطَعْنًا فِي الدِّينِ وَلَوْ أَنَّهُمْ قَالُواْ سَمِعْنَا وَأَطَعْنَا وَاسْمَعْ وَانظُرْنَا لَكَانَ خَيْرًا لَّهُمْ وَأَقْوَمَ وَلَكِن لَّعَنَهُمُ اللّهُ بِكُفْرِهِمْ فَلاَ يُؤْمِنُونَ إِلاَّ قَلِيلًا ﴿۴۶﴾

 

"Яһудилердің кейбіреулері кітаптағы (Тәураттағы) сөзді өзгертеді де, олар: "Біз (сөзіңді) естідік те қарсы келдік", "сен бізге құлақ сал, біз саған құлақ салмаймыз",-дейді. Дінді кектіп, қиянаттау тұрғысынан тілін бұрап: "Рағина",-дейді. Егер олар "естідік әрі бойсұндық", "Құлақ сал", "унзурна" – десе ғой, өте жақсы, әрі дұрыс айтқан болар еді. Бірақ, қарсылығы себепті, Алла оларға қарғыс қылды. Сондықтан, олардың аз сандысы болмаса, көбі иман келтірмейді. (4:46)"

Ислам дініне қарсылардың жағымсыз қылықтарының бірі – мазақ қылу мен кемсіту болып табылады. Осы аятта Құран соның бірқатар мысалына тоқталған. Мұндай әдісті қолданатындар Исламның қисынына қарсы тұра алмағандықтан, өздерінің кегі мен ашу-ызасын көрсетушілер. Осы аятта айтылғандай, кейбір яһудилер сөздерді кері мақсатта пайдаланып, кекету арқылы Ислам пайғамбарына (с): ""Сен айтасың, біз тыңдамаймыз", "Біз айтсақ, сен тыңдама" өйткені сенің айтқаның біздің басымызды қатыру үшін болғандықтан, біз оған құлақ аспаймыз",-деген. Олар тіпті екі мағынаны беретін сөздерді кері мақсатта пайдаланып, кейде пайғамбар (с) адамдарға Алланың аяттарын оқыған кезде, мұсылмандар: "Уа, пайғамбар! Рағына, яғни бізді қорға және сенің сөздеріңді жақсылап естіп, есте сақтау үшін бізге мұрсат бер!",-десе, яһудилер бұл сөздің басқа бір мағынасын, яғни "ақымақ қылуды" пайғамбарға (с) қарсы қолданады. Сонда Алла оларға және басқа мұсылмандарға: "Бұл сөздің орнына жаман мағынасы жоқ "мұрсат бер" деген "унзурна" сөзін қолданыңдар",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, қарсыластарға қатысты әділдікті сақтайық. Осы аят барлық яһудилерді жамандамай қайта кейбір яһудилер ғана осылай істейтінін айтады. Сондықтан бірнеше кісінің күнәсін баршаға жаппаййық.

Екіншіден, діни жетекшілер немес оның үкімдері ме кез-келген діни қасиеттерге тіл тигізуге болмайды.

Үшіншіден, адам Алланың үкімдерін орындап, пайғамбарлардың нұсқауларына бойсұнған жағдайда ғана игілікке бөленеді.

"Ниса" сүресінің 47-ші аяты:

 

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ أُوتُواْ الْكِتَابَ آمِنُواْ بِمَا نَزَّلْنَا مُصَدِّقًا لِّمَا مَعَكُم مِّن قَبْلِ أَن نَّطْمِسَ وُجُوهًا فَنَرُدَّهَا عَلَى أَدْبَارِهَا أَوْ نَلْعَنَهُمْ كَمَا لَعَنَّا أَصْحَابَ السَّبْتِ وَكَانَ أَمْرُ اللّهِ مَفْعُولًا ﴿۴۷﴾

 

"Ей, кітап берілгендер (яһудилер), сендер кей беттерді (мұрын, қас, көздерін жоғалтып, жып-жылмағай етіп) теріс қаратып қойуымыздан бұрын және сенбі күнін құрметтемегендерді (маймыл суретіне айналдырып) қарғыс қылғанымыздай малғұн етуімізден бұрын, өз жандарыңдағы кітапты (Тәуратты) растаушы етіп біз түсірген кітапқа (Құранға) сеніңдер. Алланың үкімі орындалады. (4:47)"

Кітап иелеріне, әсіресе яһудилерге арналған өткен аяттардан кейін, осы аят та оларға: "Сендер Алланың кітабымен таныс болғандықтан, бұрыннан Аллаға иман келтірмеген мүшріктерге қарағанда сендер Ислам дінін қабылдауға жақынырақсыңдар. Ислам дінінің кітабы сендердің кітаптарыңа жақын және бір Құдайдың тарапынан жіберілді",-дейді. Сонан соң бір маңызды қағидаға меңзеп: "Сендер кек сақтап, қырсығып ақиқатты мойындамай, оны масқаралайтын болсаңдар, сендердің ақылдарың жойылып, біртіндеп адами бейнеден айрыласыңдар",-дейді. Адамның сезу мүшелері оның басында орналасқандықтан, Құран адамның ақиқатты сезбеуін оның келбетінің жойылумен салыстырады. Ал бұл адамның құрығанын көрсетеді. Ия, адамның тілі діннің ақиқатын мойындамаған кезде, оның ақылы, көзі мен құлағы да адасып, шындықты теріс көреді. Қара шынысы бар көзілдірік киіп, күндіздің өзін қара қылып көретін көз тәрізді. Бұл аят сондай-ақ сенбі күнін демалыс ету негізіндегі Алланың үкімін бұзғандарына меңзеп: "Олар Алланың үкімін мазақ қылғандары үшін дүниеде азапқа ұшырап, маймылға айналғандай, сендер де Құран аяттарына қалжыңдап, олардың тағдырына душар боласыңдар",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, басқаларды Исламға шақырғанда олардың жақсылығы мен игі істерін мойындап, құрметтеу керек.

Екіншіден, барлық діндердің негіздері мен пайғамбарлардың тәлімдері бір-біріне сәйкес келеді және барлығы бір бағытта.

Үшіншіден, Ислам илаһи діндерге ерушілерді имандарын дамытып, Исламды қабылдауға шақырады.

Төртіншіден, діни қасиеттерді масқаралаған үшін бұл дүниеде азап беріледі.