Жел 29, 2016 18:48 Asia/Almaty

Ниса сүресі, 108-ші бөлім, 32-33 аяттар

 

وَلاَ تَتَمَنَّوْاْ مَا فَضَّلَ اللّهُ بِهِ بَعْضَكُمْ عَلَى بَعْضٍ لِّلرِّجَالِ نَصِيبٌ مِّمَّا اكْتَسَبُواْ وَلِلنِّسَاء نَصِيبٌ مِّمَّا اكْتَسَبْنَ وَاسْأَلُواْ اللّهَ مِن فَضْلِهِ إِنَّ اللّهَ كَانَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمًا ﴿۳۲﴾

 

"Алланың біріңді-біріңнен артықша жаратқандағы нәрселеріне ынтық бола бермеңдер. Істеген істерінен еркектердің сыбағасы өзіне, әйелдерді сыбағасы да өзіне. Алланың рақыметін тілеңдер. Алла сөзсіз барлық нәрсені біліп тұрады. (4:32)"

Жаратылыс жүйесі айырмашылыққа негізделген. Алла тағала жаратылыс істерінің айналып тұруы үшін түрлі тіршілік иелерін жаратқан. Ол кейбіреуін қатты дене, кейбіреуін өсімдік, кейбіреуін жануар, ал кейбіреуін адам, ал сол адамдардың бір тобын еркек, бір тобын әйел етіп жаратты. Әйелдер мен еркектердің арасында да әр жағынан бірдей етіп жаратылған жандар кездеспейді және олардың әрқайсысының бір-бірінен дене бітімі немесе рухани жағынан айырмашылық етеді. Әрине адамдардың осы айырмашылығы хикмет негізінде және адамзат қоғамындағы түрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін болған. Мысалы, бір көліктің қозғалуы үшін оған жұмсақ дөңгелектер, моторына мықты темір, жүргізуші көру үшін мөлдір әйнек және түнде жарық түсіру үшін шырақ қажет. Осылайша бір көлікті жасау үшін әрқайсысы өзінің құрамы мен пішініне сәйкес қызмет атқаратын мыңдаған бөлшек қолданылады. Олар әртүрлі болғанымен, құрастырылып, от алған кезде барлығы бірдей жұмыс істейді. Мына зор әлем де миллиардтаған тіршілік иелерінен тұрады. Олардың әрқайсысы өзіне жүктелген міндетін атқарып, әлемнің қозғалысына себепші болады. Адамзат қоғамы да түрлі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ақыл-ой мен дене тұрғысынан түрлі қабілеттері мен дарындары бар кісілерге зәру. Бұл айырмашылықтардың мақсаты біреуді кемсіту емес. Өйткені біріншіден, ешбір тіршілік иесінің Алладан сұрайтындай бұрыннан қалған талабы жоқ. Екіншіден, бұл айырмашылық біреуді кемсіту, қызғану немесе арамдыққа емес хикметке негізделген. Әрине егер Алла барлық адамға бірдей талап қойса, бұл зұлымдық болар еді. Өйткені ол барлығына бірдей мүмкіндік берген жоқ. Бірақ аяттар мен рауаяттар бойынша Алла әркімге жауапкершілікті оның қабілетіне сәйкес берген. "Талақ" сүресінің 7-ші аятында айтылғандай:

 

لَا يُكَلِّفُ اللَّهُ نَفْسًا إِلَّا مَا آتَاهَا ﴿۷﴾

"Алла пендесін бергенінен артыққа зорламайды. (4:7)"

Адам мен басқа тіршілік иелерінің күрделі айырмашылығы бар. Ол - адамның ойланып, өз еркімен жолын өзі таңдау қабілеті. Адам осы еркінің арқасында һәм кемелдікке жете алады, һәм азғындыққа салынып құлдырай алады. Былайша айтқанда Алла адамға екі нәрсе берген: біріншісі, материалдық ерекшеліктер тәрізді адамның еркінен тыс істер. Екіншісі, білім, күш және байлық секілді адамның өз қолынан келетін ерікті істер. Адам өз қолынан келетін істерде еңбек етіп, талпыныс жасаса өзін күшейтеді. Ал егер жалқаулыққа салынса, оған Алла емес, адамның өзі кінәлі. Осы аятта алдымен біздің еркімізден тыс Алла берген нығметтерге тоқталып: "Алланың біреуге беріп, біреуге бермеген нәрсесіне қызғанып, жөнсіз қиялдамаңдар. Өз еріктеріңдегі істерді де әркім өзінің талпынысы бойынша пайдаланады. Сондықтан Алладан еңбектеріңе сай жеміс беруін тілеңдер",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, басқалардың нығметі мен қабілетіне көз салып, қызғанғанша, өз күштерің мен мүмкіндіктеріңді пайдаланыңдар.

Екіншіден, өз бойымыздан көптеген ахлақтық азғындыққа апаратын бекер ойларды алшақтатайық.

Үшіншіден, өзіміз еңбек етіп, талпыныс жасағанымызбен, бізге ризық жеткізуде Алла ешқандай рөл атқармайды деп ойламайық. Еңбек етіп, Алладан ризық тілейік.

Төртіншіден, мирас, мәһір немесе жұмыс істеп тапқан мал-мүлікке әйелдер де еркектер секілді ие болып табылады.

"Ниса" сүресінің 33-ші аяты:

 

وَلِكُلٍّ جَعَلْنَا مَوَالِيَ مِمَّا تَرَكَ الْوَالِدَانِ وَالأَقْرَبُونَ وَالَّذِينَ عَقَدَتْ أَيْمَانُكُمْ فَآتُوهُمْ نَصِيبَهُمْ إِنَّ اللّهَ كَانَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدًا ﴿۳۳﴾

 

"Барлық ата-ананың және жақындардың артында қалған мал-мүлкі үшін мұрагер тағайындадық. Сендер (өзара көмектесіп мұра алуға) серт байласқан адамдарыңның сыбағасын да өзіне беріңдер. Алла – барлық нәрсені бақылаушы. (4:33)"

Әр әйел мен ер адам өзінің еңбегімен тапқан мал-мүлкіне ие деп айтқан аяттардан кейін осы аят: "Әр әйел мен ер адам ата-анасы немесе жақындары мирас етіп қалдырған мал-мүлікке ие болып саналады. Сонымен қатар мұраға қалған дүниеден басқа, заңды келісімдер бойынша тапқан мал-мүлікке де ие болады",-дейді. Тарихта айтылғандай, Исламға дейін арабтар арасында келісімнің бір түрі болған. Осы келісімге сәйкес, екі адам өмірде бір-біріне жәрдемдесіп тұруға және біреуі зардап шексе, екіншісі оның есесін қайтаруға көмектесуге және қайтыс болған жағдайда бір-бірінен мирас алуға уағдаласады. Қазіргі замандағы сақтандыру заңына ұқсас осы келісімді Ислам қабылдады. Бірақ мұрагер болмаған жағдайда ғана бір-бірінен мирас алуға рұқсат берді. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, Исламдағы мұра туралы заң – илаһи заң. Сондықтан ешкім бұл қағиданы немесе оның мөлшерін өзгерте алмайды.

Екіншіден, уәдеге тұру мен келісімді, әсіресе қаржы келісімін орындау - парыз. Өйткені ол бұзылған жағдайда басқа тарап зардап шегеді.

Үшіншіден, әркімнің міндеттемесін, ол өлсе де құрметтеу керек. Ол өлгенмен уәде бұзылмайды.