Әли-Ғимран сүресі, 90-ші бөлім, 154-158 аяттар
Әли-Ғимран сүресі, 90-ші бөлім, 154-158 аяттар
ثُمَّ أَنزَلَ عَلَيْكُم مِّن بَعْدِ الْغَمِّ أَمَنَةً نُّعَاسًا يَغْشَى طَآئِفَةً مِّنكُمْ وَطَآئِفَةٌ قَدْ أَهَمَّتْهُمْ أَنفُسُهُمْ يَظُنُّونَ بِاللّهِ غَيْرَ الْحَقِّ ظَنَّ الْجَاهِلِيَّةِ يَقُولُونَ هَل لَّنَا مِنَ الأَمْرِ مِن شَيْءٍ قُلْ إِنَّ الأَمْرَ كُلَّهُ لِلَّهِ يُخْفُونَ فِي أَنفُسِهِم مَّا لاَ يُبْدُونَ لَكَ يَقُولُونَ لَوْ كَانَ لَنَا مِنَ الأَمْرِ شَيْءٌ مَّا قُتِلْنَا هَاهُنَا قُل لَّوْ كُنتُمْ فِي بُيُوتِكُمْ لَبَرَزَ الَّذِينَ كُتِبَ عَلَيْهِمُ الْقَتْلُ إِلَى مَضَاجِعِهِمْ وَلِيَبْتَلِيَ اللّهُ مَا فِي صُدُورِكُمْ وَلِيُمَحَّصَ مَا فِي قُلُوبِكُمْ وَاللّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ ﴿۱۵۴﴾
"Сол қайғы-қасіреттен кейін, Алла сендерге тыныштық ұйқысын берді де, кейбіреулеріңді қалғытып қойды, енді бір бөлігіңді өз бастарымен қайғы етіп қойды. Бұлар жаһилият дәуірінің адамдары сияқты Алла жөнінде түрліше тұспал ойларда болды. Олар: "Бізге жеңістен бір үміт бар ма?",-десті. (Ей, Мұхаммед!) "Күллі іс шынында Алланың еркінде",-де. Олар өз іштеріне бүккен арамдығын саған әшкерелемейді. Олар: "Бізге жеңістен біраз үміт болса ғой, бұл жерде өлтірілмес едік",-деседі. Оларға: "Сендер үйлеріңде отырсаңдар да, (араларыңдағы) ажал сызығы толғандар, сөз жоқ, сол ажалы келетін жерге барады",-деп айтып қой. Алла сендердің жүректеріңді сынау, көңілдеріңді кіршіксіздендіру үшін осылай істейді. Көкейдегінің бәрі де Аллаға аян. (3:154)"
Ухуд соғысында мұсылмандардың бұйрықтан жалтарып, соғыс майданынан қашуы олардың жеңілуі мен соның салдарынан өз істеріне өкініп, мұңаюларына себеп болды. Сол себепті олар пайғамбарға (с) барып, одан кешірім сұрайды. Пайғамбар (с) да оларды кешіреді және Алла тағала олардың тәубесін қабылдап, көңілдері тынышталады. Бірақ жеңіліске өздері себепші болғандығын мойындағысы келмеген бір топ, бұған Алла мен Оның елшісін (с) кінәлап: "Алла бізге жәрдем беруге уәде берген, ендеше неге көмектеспеді және дұшпанды неге жеңдірмеді?",-деген уәж келтірді. Пайғамбарға (с) да: "Соғыстан бұрын біз Мәдинада қалып, қала ішінде бекіну керектігін ұсынғанбыз, бірақ сіз біздің ұсынысымызды орындамадыңыз. Қаладан шыққан соң жеңіліске ұшырадық",-десті. Алла тағала осы аятта оларға былай деп жауап береді: "Біріншіден, жеңістің шарты – жандарыңды сақтау үшін қашып, пайғамбарды (с) жалғыз қалдыру емес, табандылық пен қарсыласу болып табылады. Осылай істеп тағы жеңуді ойлайды екенсіңдер. Аллаға деген осы теріс пиғылдарың, негізсіз жеңісті күткен жәһилият кезіндегі пиғылдарың секілді. Екіншіден, қалада қалсақ, осыншама адам өлмес еді дейтіндей, өлу мен шәһид болу сендердің қолдарыңда емес. Өйткені шәһид болғандар, үйлерінде бекініп шайқасса да қаза болатын еді. Осы оқиғалардың барлығы сендердің іштеріңдегіні әшкере ету үшін болды". Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, өз басыңды ғана ойлау нағыз иманға сәйкес келмейді. Өзін сақтауды ғана ойлайтындар, Аллаға күмәндануы мүмкін.
Екіншіден, жеңіліске Алланы кінәлаудың орнына, өзіміздің осал тұстарымызды тауып, түзеуге тырысайық.
Үшіншіден, Алла баршамыздың ішкі дүниеміз бен ойларымыздан хабардар.
"Әли-Ғимран" сүресінің 155-ші аяты:
إِنَّ الَّذِينَ تَوَلَّوْاْ مِنكُمْ يَوْمَ الْتَقَى الْجَمْعَانِ إِنَّمَا اسْتَزَلَّهُمُ الشَّيْطَانُ بِبَعْضِ مَا كَسَبُواْ وَلَقَدْ عَفَا اللّهُ عَنْهُمْ إِنَّ اللّهَ غَفُورٌ حَلِيمٌ ﴿۱۵۵﴾
"Екі қосын ұшырасқанда, араларыңдағы ішінара адамдар бет бұрды, кей қылықтары (пайғамбарға қарсы шыққандығы) себебінен, шайтан олардың табанын тайдырып жіберді. Алла оларды шынында кешірді. Алла расында кешірімшіл, әрі кең пейіл. (3:155)"
Бұл аят мұсылмандардың бір тобының Ухуд соғысынан қашуының себебіне тоқталып: "Бұрынғы күнәларының кесірінен имандары әлсіз еді. Сондықтан шайтанның азғыруына тез түседі. Өмірлеріне қауіп төнген кезде, олар дін жолында жан қиюға дайын болмай шықты",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, біз аздаған күнә жасап, шайтанның үлкен азғыруына түсіп қалуымыз мүмкін. Адам кейде жанын сақтау үшін Алла мен Оның пайғамбарына (с) теріс қарайды.
Екіншіден, күнә – күрескерлердің еңсесін түсіріп, шайтанның ықпал етуіне жағдай жасайды. Ендеше олар соғыстан бұрын кешірім сұрап, тәубе ету арқылы дұшпанмен күресуге әзірленуі тиіс.
Үшіншіден, қателескен кісіні мәңгі алшақтатуға болмайды. Алла тағала соғыстан қашқандарды, олар өкініш білдірген соң кешірді.
"Әли-Ғимран" сүресінің 156-шы аяты:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ لاَ تَكُونُواْ كَالَّذِينَ كَفَرُواْ وَقَالُواْ لإِخْوَانِهِمْ إِذَا ضَرَبُواْ فِي الأَرْضِ أَوْ كَانُواْ غُزًّى لَّوْ كَانُواْ عِندَنَا مَا مَاتُواْ وَمَا قُتِلُواْ لِيَجْعَلَ اللّهُ ذَلِكَ حَسْرَةً فِي قُلُوبِهِمْ وَاللّهُ يُحْيِي وَيُمِيتُ وَاللّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ ﴿۱۵۶﴾
"Ей, мүміндер! Сапарға немесе соғысқа кеткен туыстары туралы: "Олар біздің қасымызда болса өлмейтін де, өлтірілмейтін де еді",-дейтін кәпірлердің аяғын құшпаңдар. Алла мұны, олардың көңіліндегі бір қасіретке айналдырды. Алла тірілтеді де, өлтіреді. Алла барлық істегендеріңді көріп тұрады. (3:156)"
Осыдан бұрынғы аяттар мұнафықтардың Ухуд соғысына қатыспау үшін айтқан сылтауларын баяндаса, осы аят мұны күпірлікке апаратын сөздер деп сипаттап: "Ей, мүміндер, "егер қаладан шығып, соғысқа барғандар бізбен қалған болса, мұндай оқиғаға ұшырамас еді" деген мұнафықтардың сөздерін неге қайталайсыңдар? Олар өлім мен өмір Алланың қолында екенін білмейтін тәрізді. Өлтіретін де, тірілтетін де Ол. Әрине қияметте ақиқатты түсінген кезде, осы істері мен сөздеріне өкінеді",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:
Біріншіден, кейбір сөздер күпірлік пен дінсіздікке апарады. Мұнафық адам күпірлікке тым жақын.
Екіншіден, кейбір надан достардың ықпалына түспеу керек. Өйткені кейде дұшпан қоғамда олардың аузынан еңсемізді түсіретін сөздер жаяды.
Үшіншіден, көбірек өмір сүреміз деген оймен қасиетті соғысқа қатысудан жалтарып жүрмейік! Соғысқа барып, тірі оралған қарттар мен қалада қалып, өмірден озған жастар қаншама?
"Әли-Ғимран" сүресінің 157-158 аяттары:
وَلَئِن قُتِلْتُمْ فِي سَبِيلِ اللّهِ أَوْ مُتُّمْ لَمَغْفِرَةٌ مِّنَ اللّهِ وَرَحْمَةٌ خَيْرٌ مِّمَّا يَجْمَعُونَ ﴿۱۵۷﴾ وَلَئِن مُّتُّمْ أَوْ قُتِلْتُمْ لإِلَى الله تُحْشَرُونَ ﴿۱۵۸﴾
"Сендер Алла жолында өлсеңдер, яки өлтірілсеңдер, сендерге арналатын Алланың кешірімі және рақметі, олардың жиған-терген дүниеліктерінен қымбат. (3:157) Сендер (өз ажалдарыңмен) өлсеңдер де немесе соғыста өлтірілсеңдер де, сөзсіз Алланың алдына жиналасыңдар. (3:158)"
Осы аяттар Ухуд соғысындағы мүміндердің сенімін күшейту үшін: "Мұнафықтардың бос сөздеріне құлақ аспаңдар! Алла жолында қайтыс болсаңдар немесе соғыс шебінде өлтірілсеңдер ештеңеден айрылмайсыңдар, қайта мұнафықтар мен кәпірлер және тағы басқалардың өмір бойы жинаған нәрселерінен де бағалы әрі мәңгі сыйға ие боласыңдар. Ол Алланың сендерді жұмаққа кіргізетін ерекше рақметі мен кешірімі",-дейді. Осы аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, Алланың жолында қайтыс немесе шәһид болудың айырмашылығы жоқ, тек Оның жолында болу маңызды. Кімде-кім Алланың жолында білім алуға шығып, бір оқиғаға душар болса да, илаһи рақымшылық пен кешірімге бөленеді.
Екіншіден, өлімнен құтыла алмайды екенбіз және барлығымыз осы дүниеден өтетін болғандықтан, оның ең абзал түрін өз еркімізбен неге таңдамаймыз? Пайғамбардың (с) немересі Хусейн ибн Әли (ғ) былай дейді: "Мына денелер өлетін болса, ендеше Алланың жолында шәһид болу ең абзал өлім ғой".