Нау 06, 2016 17:23 Asia/Almaty

БҰҰ-ның гуманитарлық көмектерді үйлестіруші орталықтың баспасөз хатшысы Йенс Ларке журналистерге берген сұхбаттарының бірінде Украинаны әлемнің босқындарының саны ең көп 10 мемлекеттің тізіміне кіреді деп атады. Ол өткен 15 айдағы қақтығыстардың салдарынан 6454 адамның қаза болып, 16164 адамның жарақат алғанын мәлім етті.

 2013-ші жылға дейін  Еуропаға қоныс аударған Украина адамдарының саны аз болғандықтан, олар Еуропаның статистика ұйымының ресми мәліметтерінде  ескерілмеген. Осы кезде бұл елдің шығысындағы экономикалық апат пен әскери қайшылықтарға байланысты   босқынға айналған халқы Еуроодаққа ағылуда. 2014-ші жылдың соңына дейін Украина мигранттарының саны 16 есе артты. «Известия» газеті  Еуропаның статистика ұйымының ресми мәліметтеріне сүйеніп: «2014-ші жылдың соңғы үш айында еуропалық мемлекеттерден пана іздеген украиналық азаматтардың саны 295 адамнан 4930 адамға жетті. Украиналық 835 адам (17 пайызы)  Польшаға, 710 адам (14 пайызы) Италияға, 685 адам (13 пайызы) Германияға, 550 адам (11 пайызы) Францияға және  500 азамат (10 пайызы) Швецияға аттанды. Украина халқының 55 пайызы адами апатқа байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды. Еуропаға ағылған украиналықтардың ішінде әйелдер көп кездеседі»,- деп жазды.  Бұл газеттің жазуы бойынша украиналық босқындардың  Еуропаға кетулерінің себебі елдегі экономикалық жағдайдың нашарлығы мен әскери қайшылықтар болып табылады. Украинаның шығысындағы Донбасста, яғни Донецк пен Луганскте Украинаның армиясы әскери әрекеттерін арттырған 2014-ші жылдың көктемінен бастап бұл елдің босқындары Ресейге қарай бет алды. Бұған дейін украиндықтар Ресейге көбінесе жұмыс бабымен кететін. Бірақ 2014-ші жылдың сәуір айының  басынан 2015-ші жылдың  қаңтар айының соңына дейін Украинаның шығыс аймақтарының шамамен 800 мыңнан астам адамы әскери қақтығыстардан бассауғалап, Ресейге қашты. Ресей үкіметі украиндық босқындарды 3 күннің ішінде  уақытша мекендерге  орналастырып, содан соң олар 270 күн бойы со жерде қалып, гуманитарлық көмектерден пайдалана алатындай жағдай жасады. Содан кейін босқындардың жағдайлары қайтадан қарастырылып, олардың қалаулары бойынша сол жерлерде қалады немесе басқа жерлерге ауыстырылады. Украина жер көлемі бойынша  Еуропаның екінші, ал  халқының саны бойынша бесінші мемлекеті саналады. Бұл мемлекет Батыс пен Ресейдің қарым-қатынастарында ықпалға ие. Украина мен Ресей – көршілес мемлекеттер. Украина – НАТО мен Еуроодаққа мүше төрт елмен, атап айтқанда Польша, Румыния, Венгрия және Словакиямен ортақ шекараларға ие мемлекет. Украинаның географиялық орыны бұл елдің Батыс пен Ресейдің қарым-қатынастарына әсер ететін рөлін маңызды етті. Халқының алуандығына байланысты бұл елдің болмысы өте шиеліністі. Украина шын мәнінде біртұтас  бір ел түрінде қалыптасқан үш мемлекет деп айтуға болады. Онда  украин тілінде сөйлейтін украиндықтар, орысша сөйлейтін украиндықтар мен орыстар  өмір сүреді. Кейбір украиндықтар Ресейді ынтымақтастық жасап, даму үшін ең жақсы серіктес  деп санайды. Басқалар, әсіресе Украинаның батысындағылар Еуроодақ, батыс және НАТО-ны таңдайды.  Сол себепті Украинадағы бейберекеттердің негізгі  себебін ел халқы болмысының алуандығы деп атауға болады.              Украинаның ұлттық болмысы жерінің тарихынан бастау алады. Бұл аймақта орыстар Екатерина патшаның заманынан бері өмір сүріп келеді. Тіпті олар үшін украина тілінің орнына орыс тілінде сөйлеуге мүмкіндік беретін заңдар қабылданды. Қазіргі кезде украиналықтардың көбісі елдің шығыс аймақтарында орыс тілінде сөйлеп, өздерін Ресеймен тарихи және мәдени  тұрғыдан тамырлас деп санайды. Бірақ елдің батыс бөлімінде украиндықтардың көбі өз тілдерін еуропалық мемлекеттерге жақын санайды. Сондықтан айырмашылықтар тіл мәселесінен жоғары. Кеңес Одағы тараған соң және 2014-ші  жылғы бейберекеттіктерден бұрын келісімдер мен артықшылықтар  жағдайдың бақылауда болуына себеп болды. Бірақ 2014-ші жылдың ақпан айында жағдай өзгерді. Өзгерістердің тамыры  2004-ші жылдың сайлауынан байқалды. Сайлауда Виктор Янукович ел президенті болып сайланды. Бірақ сайлаудың өтуіне қатысты наразылықтар мен сайлауда жалған дауыстар болды деген уәждер елдің үлкен бөлімін, әсіресе Киев пен батыс аймақтарын шырмап, «түрлі-түсті төңкеріс» деп аталған қозғалысқа жеткізді. Янукович наразылықтардан кейінгі келесі сайлауда  сәтсіздікке ұшырады. Бірақ келесі үкіметтің берген уәделерін орындамауы және батысшыл лагердегі ішкі қайшылықтар Януковичтың 2010-шы жылғы сайлауда  билік басына оралып, бақталасы әрі Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы  абақтыға жабуға себеп болды. Янукович 2013-ші жылдың қараша айында Еуроодаққа көбірек қосылу келісімін қабылдамай, Ресейдің 15 миллион долларлық қаржылай көмегін қабылдап, әлемді таңғалдырды. Бұл шешімнен кейін Украинаның батысы реакция білдірді. Олардың пікірінше, Янукович Ресейдің қаржы көмегін қабылдау арқылы мемлекетті Кремльге сатты. Соның нәтижесінде наразылықтар басталды. 2014-ші жылдың қаңтар айының ортасында шерулерге тыйым салу заңының бекітілуі елдің, әсіресе астанасы Киевтің кеңістігін бейберекеттіктерге тіреді. Аталмыш заңның күшін жою наразылықтарды тоқтатпады. Польша және Германияның арағайындығымен үкімет пен оның қарсыластарының арасында қабылданған келісімге қарамастан  қатыгездіктер арта түсті. Қарсыластар осы кезде «Еуропа майданы» деп атаған бұрынғы Тәуелсіздік майданынан кетпей, Януковичтің отставкаға кетуін талап етті. Бірнеше күннен кейін Янукович елінің шығысына, кейін Ресейге аттанды. АҚШ-тың қолдауына ие Петр Порошенконың билік басына келуімен жағдай тынышталудың орнына тіпті кейбір аймақтардағы ахуал нашарлай түсті. Украинаның шығысы мен батысындағы тынышсыздықтар Киевтегі тынышсыздықтар үшін қайтарылған жауап болды. Порошенконың қарсыластарының наразылықтарының жалғасуы Қырымның Украинадан бөлініп, Ресейге қосылуымен аяқталды. Сол кезден бері қақтығыстарды тоқтатуға қатысты бірнеше келісімге қол қойылды. Бірақ осы уақытқа дейін үкіметтік күштер мен Ресеймен жақтас күштердің арасында қарулы қақтығыстар жалғасуда. Қазіргі уақытта Украинаның батысы Еуропамен бірігу дабылын қағып отырса, шығысы  мен оңтүстігі Ресейге жақындауға асығуда. Шын мәнінде, мәселеге нақты көңіл бөлсек, экономикалық келісімге қол қою немесе қол қоймаудан басқа Ресей мен Батыстың сол аймақта билік етуді көздеп бақталасып жатқанын аңғарылады. Саяси сарапшылардың көзқарасы бойынша, Шығыс пен Батыс Украина арқылы көптеген мүддеге қол жеткізуді көздейді. Сол себепті Украинадағы оқиғаларға қатысты әртүрлі ұстаным кездеседі. Кейбір мемлекеттер, әсіресе Батыс бұл елдің шиеліністі болмысын өз мүдделері үшін пайдаланып, ол жерде орын алған оқиғаны «революция» деп атайды. Ресей болса оны «төңкеріс» деп, Януковичті президенттік міндетінен шеттетуді Украинаның Конституциясына қайшы әрекет деп атады. Кейбір мамандар Украинадағы оқиға Батыс, әсіресе АҚШ-тың кең ауқымы араласушылығының салдарынан орын алған жоқ, оған Ресей мен АҚШ-ның арасындағы  қайшылықтар себеп болды деп санайды.  Ресейдің Сирия үкіметіне қолдау көрсетуі  мен осыған ұқсас мәселелер АҚШ-тың Ресейге қысым жасауына себеп болды, тіпті босқындар мен үйсіздердің санының артуы да бұл елді Ресейге қысым жасау райынан қайтармады.

Тегтер