Нау 06, 2016 17:34 Asia/Almaty

Оңтүстік Судан – ішкі қайшылықтар мен сыртқы араласушылықтарға байланысты 2011-ші жылы Суданнан бөлініп, тәуелсіздігін жариялаған мемлекет. Бұл елдің шамамен 11 миллион халқы бар. Оңтүстік Судан мұнай қорына ие. Елдің ең маңызды экспорты шикі мұнайы болғанымен халқының 90 пайызы кедейшілікте өмір сүреді.

 Оңтүстік Судан әлемдегі ең кедей мемлекет және дүниежүзіндегі медициналық-гигиеналық деңгейі ең төмен ел. Бұл мемлекет жылдар бойы қайшылықтар, кемсітушілік пен Суданның орталық үкіметі арасындағы қақтығушылықтармен бетпе-бет келіп, қирауға айналды. Тәуелісіздігін жариялауынан бері  әлемнің ең тұрақсыз мемлекеті саналады. Оңтүстік Судан тәуелсіздігін енді жариялаған әр мемлекет сынды қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік қиындықтарға душар болып отыр. Дамуға қажетті инфрақұрылымның болмауы, адами күштің тапшылығына байланысты әкімшілік жүйенің біліксіздігі, Суданмен мұнайлы аймақтардағы шекараға қатысты қайшылықтардың жалғасуы мен қарулы бүлікші топтар Оңтүстік Суданның кезігіп отырған қиындықтарына жатады. Тайпалық ұрыс-керістер, қарулы топтар мен миналанған майдандар осы кезге дейін Оңтүстік Судандағы шешімі табылмаған қатерлер болып табылады.Тарихи тұрғыдан Оңтүстік Судан тәуелсіздігіне ие болу үшін жылдар бойы Суданмен ішкі соғыс жүргізді. 1955-2005-ші жылдар аралығындағы Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы қақтығыстар екі азаматтық соғысқа соқтырып, кемінде 2 миллион адамның  құрбан болуына себеп болды. Бөлінудің тамыры  Суданның ішкі соғыстарынан бастау алады. Суданның бесінші президенті Намиридің үкіметі құлаған соң азамат соғысы басталып, 2005-ші жылға дейін жалғасты. Бұл кезеңде Суданның уақытша президенті  Омар әл-Башир  ішкі  қақтығыстар мен сыртқы қысымдарға  байланысты халықаралық қысымдардан оңтүстіктегі бүлікшілермен бейбітшілік келісімге қол қойды. 2005-ші жылдың 9-шы қаңтарында Кенияда қол қойылған бейбітшілік келісімі бойынша,  Суданның екінші  азамат соғысы аяқталып, оңтүстік бөліміне солтүстік аймақен бірігу немесе тәуелсіздігін жариялау құқығы берілді. Бұл келісім бойынша  2011-шы жылдың  9-шы қаңтарында оңтүстік аймақтың жағдайын анықтау үшін референдум өткізілетін болды. Сөйтіп белгіленген 9-шы қаңтарда оңтүстік аймақ халқы референдумға қатысып, тәуелсіздіктеріне дауыс берді. Нәтижесінде  2011-ші жылдың 9-шы қаңтарында, яғни бейбітшілік келісімінен тура алты жыл өткен кезде жаңа африкалық мемлекет құрылды. Референдумның нәтижесі қабылданып, Оңтүстік Судан Африка  құрлығының 55-ші мемлекеті, әлемнің 196-шы мемлекеті, сондай-ақ БҰҰ-ның 193-ші мүшесі ретінде тіркеліп, Салва Киир тәуелісз елдің президенті болып сайланды. Оңтүстік Судан халқының тәуелсіздік алуынан екі жыл өтпей бұл мемлекет азамат соғысына кезікті.    Оңтүстік Суданның Президенті Салва Киир мен Вице-президенті және елдің бүлікшілерінің қазіргі басшысы Риек Мачардың арасындағы бақталастыққа қатысты қайшылықтар ресми түрде 2013-ші жылдың 15-ші желтоқсанынан   ел армиясының ішінде басталды. Мачар өзін президенттік сайлаудың үміткері жариялаған соң, Салва Киир оны орынбасарлық қызметтен босатып, барлық өкілеттігінің күшін жойды. Мұндай әрекеттер   екеуінің арасындағы қайшылықтарды күшейтті. Салва Киир орынбасарын «төңкеріс жасауға әрекет жасады» деп айыптады. Мачар болса «Салва Киир өзінің саяси бақталасын сахнадан шығару үшін осы мәселені сылтауратты» деді. Кейбір саяси мамандардың пікірінше бұл қайшылықтардың тамырын елдегі тайпалардың арасындағы келіспеушіліктерден іздеген жөн.   Дика тайпасынан шыққан Салва Киир мен нуэр тайпасынан шыққан Риек Мачардың бақталастығы бірнеше жыл бұрын басталған. Дика мен нуэр тайпаларының  бетпе-бет келуі жылдарға созылып, екі жақтың көптеген кектері мен жиіркеніштеріне себеп болды. Оңтүстік Суданның дағдарысы ішкі жағдай салдарынан басталып, үкімет  пен бүлікші күштер арасындағы дағдарыс күшейіп, халықтың қырылуы мен босқындар санының көбеюіне жеткізді. БҰҰ өзінің соңғы мәліметтерінде Оңтүстік Судандағы қақтығыстардың шығындарының көбеюі туралы: «Бұл қақтығыстарда ондаған мың адам өліп, 2 миллионнан астам адам босқынға айналды. Олардың мыңдағаны  Оңтүстік Судандағы   БҰҰ-ның арнайы лагерлерінде  орналасты»,- деп мәлімдеді. БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі Жоғары комиссариатының 2015-ші жылдың басында жарияланған мәліметі бойынша, Оңтүстік Судан бүгінде босқындар және үйсіз қалған адамдар санының артуы тұрғысынан әлемнің бесінші мемлекеті саналады. Оңтүстік Судандағы қатыгездіктің күшеюі көршілес елдерге ағылған босқындар санының көбеюіне себеп болды. Қазір Эфиопия, Уганда, Судан және Кения Оңтүстік Суданның босқындарын қабылдап отыр. Оңтүстік Суданның дағдарысы БҰҰ Бас хатшысының  геноцидтің алдын алу істері жөніндегі кеңесшісі Адам Дингтің наразылығына себеп болды. Ол Оңтүстік Судан халқының дағдарыс жағдайы және ел президентінің өз қарсыластарымен қақтығысуы туралы мәліметінде халықаралық ұйымдар мен Африка одағының бұл елдің халқын қырып-жоюшыларды жазалауға шара қолдануы қажеттілігін  қуаттап: «Оңтүстік Суданданғы қақтығыстардың негізгі екі жағы, яғни Салва Киир мен Риек Мачармен біртұтас күштер бұл елдің халқына қиындықтар мен үмітсіздікті танытуда. Бұл мәселе  олардың азамат соғысын тоқтату жолында әрекет еткілері келмейтінін көрсетеді. Қолға түскен мәліметтер бойынша, 2013-ші жылдың желтоқсан айынан соғыс басталғаннан бері адам құқығы мен халықаралық гуманитарлық құқықтар үкімет және бүлікші күштер тарапынан бұзылды. Олар өлтіру, шабуыл жасау, қорлау, заңсыз тұтқындау, талан-таражға салу, қоныс аударуға мәжбүрлеу,   БҰҰ-ның мүлкі және қызметкерлері сияқты қорғауға алынған мекендер мен жеке адамдарға шабуыл жасау сынды қылмыстар жасады. БҰҰ 2015-ші жылдың маусым айында үкіметтік күштердің Unity (әл-Вахда) провинциясында әскери еместерге, атап айтқанда қыздар мен әйелдерге шабуыл жасап, олардың кейбіреулері тірідей өртегені туралы хабарлаған болатын. Осы кезге дейін мыңдаған әскери емес бейбіт тұрғын қырылып, 1 миллион 500  мыңнан астам адам босқынға айналып, олардың шамамен 700 мыңы көршілес елдерден пана тапты. Бұл қақтығыстардың  кейбір тараптары әскери еместерге қарсы шабуылдарымен бірге соғыс қылмыстарын іске асырды. Сондықтан тиісті адамдарды жауапқа тарту керек»,- деді. БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық  істер жөніндегі орынбасары Стивен  О`Брайен үндеу шығарып, шындыққа назар аудартып: «Оңтүстік Суданның 4 миллион 600 мың адамы азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрғысынан қиындықтармен кезігіп, олардың ішінде шамамен 250 мың бала дұрыс тамақтанбайды. Оңтүстік Судандағы ашаршылыққа қарсы ойластырылып отырған шаралар жеткіліксіз. Зерттеулер бойынша кемінде  қосымша 1 миллиард доллар бюджет қажет. 2015-ші жылы Оңтүстік Суданға гуманитарлық көмек көрсетуге қажет бюджеттің тек 42 пайызы қамтылды»,- деді. Ол әскери еместерге қарсы қатыгездіктер, оларды өлтіру,  ұрлау және балаларды Оңтүстік Судандағы қарулы топтарда пайдалануды қатты сынады. Сөз болған қылмыстар Оңтүстік Судан басшылары аяқталмайтын келіссөздерін жалғастырып, Оңтүстік Судан, Эфиопия және Танзанияның арасында сапар шегіп жүрген жағдайда орын алуда. Аталмыш келіссөздер осы кезге дейін нәтижеге жетпеді немесе Оңтүстік Судан халқының ауыртпалықтарын азайтпады. Қақтыыстар мен қатыгездіктер жалғасуда. Тіпті келіссөздердің соңғы күндері Оңтүстік Суданның үкіметі халықаралық қоғамның шешіміне қарамастан бейбітшілік келісімге қол қоймады. Оңтүстік Суданның билік басындағы SPLM партиясының Бас хатшысы Паган Амом, президенттің орынбасары және бүлікшілер басшысы Риек Мачар  арағайындық жасаушылар «бейбітшілік келісімі» деп атаған құжатқа қол қойды. Бірақ үкімет қол қоймады. Бұл келіссөздерге арағайындық танытушы Сейам Месфин өкініш білдіріп: «Оңтүстік Суданның басшылары кейбір пікірлерін айтып, кеңесу үшін елдеріне оралуға шешім қабылдады»,- деді. Бұл үдерістің жалғасуы Оңтүстік Судан халқының зорлық-зомбылық көруінің жалғасуына себеп  болады. Шын мәнінде Оңтүстік Судан халқының өмірі Салва Киир, Риек Мачар мен аймақтың немесе басқа әлемнің басшылары үшін маңызды ма?