Жел 31, 2016 19:51 Asia/Almaty

Әли-Ғимран сүресі, 70-ші бөлім, 44-47 аяттар

 

ذَلِكَ مِنْ أَنبَاء الْغَيْبِ نُوحِيهِ إِلَيكَ وَمَا كُنتَ لَدَيْهِمْ إِذْ يُلْقُون أَقْلاَمَهُمْ أَيُّهُمْ يَكْفُلُ مَرْيَمَ وَمَا كُنتَ لَدَيْهِمْ إِذْ يَخْتَصِمُونَ ۴۴

 

"(Ей, Мұхаммед!) Саған уахи еткен осы хабарларымыз – ғайып хабарлары. Олардың әрқайсысы Мәриямға ие болуға қаламдарын тастағанда және өзара таласта қалғанда да сен олардың жанында жоқ едің. (3:44)"

Мекке мүшріктері Құранның аян екендігін теріске шығару үшін "Құран бір ертегі және Мұхаммед оны яһуди ғұламаларынан үйренді немесе бұрынғы кітаптардан оқыған" деп айтады. Алла тағала оларға жауап ретінде: "Құранда айтылған дастандардың көбі ғайып істер. Оны ешкім білмейді. Тек Алланың елшісі ғана одан аян арқылы хабардар болады. Мәриямның анасының уәде беруін Алладан басқа ешкім білмеді. Немесе Мәриямның қалай қамқорлыққа алынғанын сендер білмедіңдер. Осының барлығы пайғамбарға аян етілетін ғайып хабарлар".

Мәриямның қамқорлыққа алынуы жөніндегі аяттар: "Мәриямның анасы перзентін Бейт-ул-Мұқаддасқа қызметші ретінде арнаған еді. Сондықтан оны мешіт қызметшілерінің жанына әкелгенде, олар бұл жауапкершілікті қабылдау үшін, бір-бірімен бәсекеге түсті. Өйткені Мәриямның ата-анасы Исраил қауымының абыройлы және құрметті әулеттерінің бірі еді. Сол себепті қызметшілердің әр қайсысы осы құрметті істі қабылдауға тырысты",-деген болатын. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, Құран өзге кітаптардың көшірмесі немесе басқа жазбалардан айтылған сөз емес, Алланың аяны.

Екіншіден, бәсеке дүниелік мансап пен дәрежеге қол жеткізу үшін емес, рухани жауапкершіліктерді қабылдау үшін болуы тиіс.

 

إِذْ قَالَتِ الْمَلآئِكَةُ يَا مَرْيَمُ إِنَّ اللّهَ يُبَشِّرُكِ بِكَلِمَةٍ مِّنْهُ اسْمُهُ الْمَسِيحُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ وَجِيهًا فِي الدُّنْيَا وَالآخِرَةِ وَمِنَ الْمُقَرَّبِينَ ﴿۴۵﴾

"Сол кезде періштелер былай деген еді: "Ей, Мәриям! Алла сенен (атаның қатысынсыз) өзінің бір калимасы арқылы (дүниеге келетін бір бөбекке) сүйінші сұрайды. Оның аты – Мәсих Мәриям ұлы Иса. Ол дүниеде де, ахыретте де бетті, абыройлы және Аллаға ең жақындардан болады". (3:45)"

Мәриям, анасының берген уәдесі бойынша мешіттің қызметшісі болып, өмірін Аллаға құлшылық етумен өткізген қыз. Оның азығын илаһи періштелер әкеліп тұратын. Алла тағала оған халық арасында абырой мен беделге ие және өзіне жақын жандардан болған перзентті сыйлады. Христиандардың сеніміне керісінше, Иса – құдай да емес, құдайдың ұлы да емес, ол Мәриямның ұлы. Алланың жаратқан пендесі. Бірақ оның болмысында Алланың құдіреті мен ұлылығының белгісі бар. "Каһф" сүресінің 109-шы аятында Алланың жаратқан барлық нәрсесі "кәлима" деп аталғанындай, Алла тағала оны – "кәлима" деп таныстырады. Осы аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, періштелер пайғамбарлармен қатар, ер болсын, әйел болсын Алланың басқа да пәк пенделерімен сұхбаттасады.

Екіншіден, хазірет Иса (ғ) әкесіз дүниеге келгенімен Алланың ұлы емес. Ол Мәриямның ұлы. Өйткені анасының құрсағында болды.

 

وَيُكَلِّمُ النَّاسَ فِي الْمَهْدِ وَكَهْلًا وَمِنَ الصَّالِحِينَ ﴿۴۶﴾

"Ол Иса бесікте де, орта жас кезінде де адамдарға (пайғамбарлық сөзді) сөйлейді және (тақуалыққа кемелді) шарапатты адам болады. (3:46)"

Перзентті болатындығы туралы сүйіншіні естіген Мәриям, тұрмыс құрмағандықтан, жұрт оны пәк емес деп айыптайды деп алаңдады. Осыған байланысты періштелер оған: "Алла тағала сенің пәктігіңді қорғау үшін сәбиді сөйлетеді және ол сені кез-келген айыптан қорғайды",-деді. Ол барлығын таң қалдыратындай шешендікпен сөйлеп, өзінің бойындағы Алланың мұғжизасын көрсетеді. Бұл аяттан үйренетініміз:

Біріншіден, Алланың құдіретіне күмән келтірмейік. Мәриямға жұбайсыз перзент сыйлаған Алла бесіктегі сәбиді де сөйлете алады.

Екіншіден, егер ана жақсы әрі лайықты болса, перзенттің лайықты және бақытты болуына жағдай жасалады.

 

قَالَتْ رَبِّ أَنَّى يَكُونُ لِي وَلَدٌ وَلَمْ يَمْسَسْنِي بَشَرٌ قَالَ كَذَلِكِ اللّهُ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ إِذَا قَضَى أَمْرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُ كُن فَيَكُونُ ﴿۴۷﴾

 

"Мәриям: "О, Раббым! Жан пенде маңыма жуымаған тұрса, қайтып балалы боламын?",-деп еді, періште: "Алла өз қалағанын өстіп (хикметпен) жаратады. Бір істің болуын қаласа, "Бол!" дейді, сонда ол бола қалады",-деді. (3:47)"

Перзентке ие болу жөніндегі сүйіншіден кейін, Мәриям: "Жұбайым болмаса, қалайша перзентті бола аламын? Өйткені әлемде себепсіз ештеңе болмайды және кез-келген тіршілік иесінің пайда болуы белгілі бір себептерге байланысты",-деп ойлады. Осындай табиғи сұраққа Алла тағала періштелер арқылы оған былай дейді: "Табиғаттың жүйесін Алла жаратты және ондағы барлық нәрсе Алланың әміріне бағынады. Алланың құдіреті сондай, қалаған кезде табиғи себептерсіз тіршілік иесі пайда болады". Бұл аяттың соңы Алланың жаратуы жөніндегі бір күрделі қағидаға тоқталып: "Алла бір нәрсені қаласа, сол нәрсе уақыттың өтуі немесе табиғи үрдіске қарамастан бола қалады. Мысалы, адам бір нәрсені қалап, оған "бол!" дегенде пайда болатын сияқты",-дейді. Осы аяттан үйренетініміз:

Алла тағала табиғи себептермен болсын, табиғи емес жолмен болсын әр нәрсені жаратуға ерікті.