Қаң 01, 2017 20:19 Asia/Almaty
  • Бақара сүресі, 113-117 аяты

Бақара сүресі, 113-117 аяты


Мейірімді рақымды Алланың атымен бастаймыз.

 

 

 

وَهَذَا كِتَابٌ أَنزَلْنَاهُ مُبَارَكٌ فَاتَّبِعُوهُ وَاتَّقُواْ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ ﴿۱۵۵﴾

 

"Осы (Құран) біз түсірген мүбарак кітап. Енді соған еріңдер әрі сақсыныңдар. Мәрхаметке бөленерсіңдер.(155)"

 

 

 

وَقَالَتِ الْيَهُودُ لَيْسَتِ النَّصَارَى عَلَىَ شَيْءٍ وَقَالَتِ النَّصَارَى لَيْسَتِ الْيَهُودُ عَلَى شَيْءٍ وَهُمْ يَتْلُونَ الْكِتَابَ كَذَلِكَ قَالَ الَّذِينَ لاَ يَعْلَمُونَ مِثْلَ قَوْلِهِمْ فَاللّهُ يَحْكُمُ بَيْنَهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ فِيمَا كَانُواْ فِيهِ يَخْتَلِفُونَ ﴿۱۱۳﴾

 

"Кітапты оқи отырып, яһудилер: "Христиандар еш нәрсе емес",-деді. Христиандар да: "Яһудилер дәнеңе емес",-деді. Сондай-ақ білмегендер де олардың айтқанындай айтты. (Араптар да: "Ислам діні еш нәрсе емес",-деді.) Сонда Алла тағала олардың таласқандарына қиямет күні билік айтады.(2:113)"

Бұл аяттың түсу себебі туралы былай делінген; Нәжран христиандарының бір тобы Алла елшісімен (с) кездесуге келеді. Ол жерге яһуд ғалымдарының бір бөлігі де Ислам пайғамбарымен дидарласуға келген болатын. Пайғамбардың көз алдында яһудилер мен христиандардың ортасында дау шығады. Сонда Рафеғ ибн Хармале есімді бір яһуди христиандарға қарап: "Сендердің діндерің негізсіз және Ғиса Мәсіхке пайғамбарлық берілген жоқ",-дейді. Сол кезде христиандардың біреуі тұрып, яһудилерге дәл осындай сөз қайтарып, яһуд дінінің де ешқандай негізі жоқ, дейді. Сол мезетте осы аят түсіп, әлгілердің бұрыс сөздері мен теріс ойлары үшін оларды айыптайды. Бұл аят, осындай пікірлер мен арыздар әсірешілдіктен туындайды және олар кітап иесі әрі Алланың елшісіне ерушілерден болғанымен, әркім өзінікі дұрыс деп санайды. Мүшріктердің өзі илаһи кітапқа ие болмаса да, ақиқат бізде дейді. Себепсіз әсірешілдік пен менменшілдікдің кесірінен адам ақиқатты көре алмай, басқаларды адасқан деп есептеп, тек өзінің айтқанын ғана дұрыс деп санайды. Тәурат пен Інжілді танитын кітап иелері надан мүшріктер тәрізді бір-бірін айыптағандай, әсірешілдікпен араласқан осындай кеңістікте ғалым мен надан бірдей ойлайды.

 

 

 

وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّن مَّنَعَ مَسَاجِدَ اللّهِ أَن يُذْكَرَ فِيهَا اسْمُهُ وَسَعَى فِي خَرَابِهَا أُوْلَئِكَ مَا كَانَ لَهُمْ أَن يَدْخُلُوهَا إِلاَّ خَآئِفِينَ لهُمْ فِي الدُّنْيَا خِزْيٌ وَلَهُمْ فِي الآخِرَةِ عَذَابٌ عَظِيمٌ ﴿۱۱۴﴾وَلِلّهِ الْمَشْرِقُ وَالْمَغْرِبُ فَأَيْنَمَا تُوَلُّواْ فَثَمَّ وَجْهُ اللّهِ إِنَّ اللّهَ وَاسِعٌ عَلِيمٌ ﴿۱۱۵﴾

 

"Алланың мешіттерінде Оның аты зікір етілуіне тыйым салғаннан әрі мешітті бұзуға тырысқаннан кім залымырақ? Олардың мешітке қорыққан түрде ғана кірулері керек еді. Олар үшін дүниеде қорлық, ақыретте зор азап бар.(2:114) Шығыс, батыс әр тарап Аллаға тән. Сондықтан қай жаққа бет қаратсаңдар да Алланың жүзі (ризалығы) сол жақта. Расында Алла өте кең, толық білуші. (Егер қыблаға қарау қауіп-қатерлі болса, бет алдына қарап намаз оқуға болады)(2:115)"

Құдайдың мешіттері үнемі діни билік пен дінге ерушілердің жиналатын орны болған. Бұл мешіттер халықтың иманын, бірлігін және күресін қалыптастыруда күрделі рөл атқаратын болғандықтан, оған әрдайым қауіп-қатер төніп тұрады. Залым әкімдер немесе ой-пікірі адасқандар, Мекке мүшріктері кезінде мұсылмандардың әл-Харам мешітіне кіруіне кедергі жасағандай, мешіттердің сыртқы және мағыналық бейнесін бұзбақшы.

Бұл сөзімізді қазіргі таңда Ислам дұшпандарының Бейт-ул-Мұқаддастағы әл-Ақса мешітін және Үндістанда Бабыр мешітін қиратуы растайды. Мешітті тек қирату маңызды емес, қайта оның гүлденуіне кедергі жасайтын және халықтың Жаратушыны ұмытуына себепші болатын кез-келген әрекет те мешітті бұзу болып саналады. Дұшпандар мешітті қирату үшін анайы фильмдер таратып, мұсылман елдерінің жастарын мешіттерден алшақтатуға тырысады. Сондықтан бұл аят мұндай адамдарды басқалардан әлдеқайда залым деп атап, олар дүниеде қорлық көріп, ақыретте ауыр азапқа душар болатынын баяндайды.

Бұл аяттың жалғасында Алланың орны мен мекені жоқ және дүниенің барлық жағы, шығысы мен батысы Оған ғана тиесілі және қайда бет бұрсаңдар да Алла сол жақта делінген. Бұл аят, қыбланы Бейт-ул-Мұқаддастан Меккеге ауыстыру жөнінде яһудилердің қозғаған күмәндарына жауап. Яһудилер мұсылмандарды масқаралап, кемсітулері ізінен Алла тағала қыбланы Меккеге қарай ауыстырды. Қыбланың Бейт-ул-Мұқаддаста немесе Меккеде болуы маңызды емес қайта ұжымдық жамағат намазы мен ғибадат мұсылмандардың бірлігіне негіз болуы тиіс. Алла тағала әр нәрсені толық білуші. Ал енді "Бақара" сүресінің 116-117-ші аяттарына көз жүгіртелік:

 

 

 

وَقَالُواْ اتَّخَذَ اللّهُ وَلَدًا سُبْحَانَهُ بَل لَّهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ كُلٌّ لَّهُ قَانِتُونَ ﴿۱۱۶﴾بَدِيعُ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ وَإِذَا قَضَى أَمْرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُ كُن فَيَكُونُ ﴿۱۱۷﴾

 

"Олар: "Алла, бала иемденді",-деді. Ол, баладан пәк. Дегенмен көктер мен жердегі нәрселер Оныкі. Олар, түгел Оған бой ұсынады.(2:116) Ол, көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істің болуын қаласа, сонда тек қана оған "бол" дейді. Ол, бола қалады.(2:117)"

Кітап иелерінің келесі бір қате көзқарастары олардың әр қайсысы өз пайғамбарын Алланың перзенті деп есептеуінде. Осы аяттар ешбір дәлелсіз халық арасында кең тараған бұрыс пікірлерді теріске шығарып, Алла баладан пәк дейді. Адам өзінің шектеулі көзқарасы аясында Алла туралы бұрыс пікірлерді қозғауы мүмкін. Бірақ ешбір нәрсе Алла секілді емес яғни Алланы еш нәрсемен салыстыру мүмкін емес. Жоғарыда жазылған аяттардан мынандай ғибрат аламыз;

Біріншіден, орынсыз әсірешілдік адамды надан сөздер мен істерге апарады.

Екіншіден, мешіттер - кәпірлер мен құдайға серік қосушыларға қарсы күрес орталығы. Демек мешіттердің үнемі гүлденіп, сындарлы болып тұруына тырысуымыз керек.

Үшіншіден, Алланың белгілі бір бағыты мен мекені жоқ. Қай жаққа қарасақ Алла сонда.

Төртіншіден, Алла бала мен жұбайы бар адам сияқты емес. Ол адамды Жаратушы. Сондықтан біздің зейініміздегі Алланың бейнесі, ойдан шыққан нәрсе.