Нау 06, 2016 19:10 Asia/Almaty

Осы кезде өнеркәсіптік жетістіктерге қарамастан адамдардың бір-бірінің құқықтарын сақтап, жақсы мінез көрсетуі төмендеді. Адамдардың құқықтарының, әсіресе билеп-төстеушілердің әлсіз адамдардың құқықтарын бұзу фактісі көбейді. Дәл осы мәселе кейбір уақытта қорлық көрген адамдардың қоныс аударуына себеп болуда. 19-шы ғасырдың соңынан бастап соғыс пен қантөгістің куәсі болып, халқы босқынға айналған елдердің бірі – Ауғанстан мемлекеті.

Ауғанстан халқының шетелдерге қоныс аударуы  бірінші рет 19-шы ғасырдың соңында Амир Абдурахманханның кезінде бұл елдің саяси жағдайы бұзылып, жер-жерін бүліктер шырмаған жағдайда орын алды. Бұл қанішер басшы хазарей халқы өмір сүретін аймақтар мен елдің солтүстігінде қантөгіс  ұйымдастырып, мыңдаған халықты өлтіріп, жүздеген мың адамның үстемшілдіктен қорқып, елінен қашуына себеп болды. Мыңдаған халықтың босқынға айналуына әкеліп соққан  Абдурахманның адамзатқа қарсы қылмыстарынан кейін 1978-ші жылы Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстанды басып алуы бұл елдің миллиондаған халқының қайтадан отанын тастап қашуларына себеп болды. Бұл кезеңде Ауғанстанда коммунистік үкімет орнатылып, халық көптеген қиындықтармен бетпе-бет келді. Коммунизмді қолдайтын  күштер   коммунистік негіздерді орнату үшін көптеген талпыныс жасағанымен мұсылман халықтың қарсылығына кезікті. Ауғанстанның халқы өзінің қарсыласуына байланысты азап-қорлық, тұтқындық пен террордың ащылығын татты.  Тек Бурхануддин Раббанидің үкіметі кезінде Кабулда 66 мың бейкүнә адам қаза болып, көптеген қарсыластар тұтқындалып, бұл мемлекеттің астанасы адамзатқа қарсы ең үлкен сахнаға айналды. Аталмыш соғыста бір миллион адам құрбан болды. Қақтығыстар күшейіп, сауда және ауылшаруашылық аймақтардың көбі тоқырауға түсті немесе толық жойылды. Мұндай жағдай шамамен алты миллион адамның отандарынан кетіп, босқынға айналуларына себеп болды. Босқындардың көбі көршілес Иран мен Пәкістанға бет алды. Сол кезде Пәкістан 2 миллион 200 мың босқынның тіркелгенін жариялады. Иран да елге 2 миллион босқын ауғандық азаматтың кіргені туралы хабарлады. Сондай-ақ, Еуропа, Америка, Үндістан және Таяу Шығыс аймағына  мыңдаған ауғандық таралды. Ауғанстанның ішінде шамамен 2 миллион халық туып-өскен ауылдарынан тауларға немесе Кабулға қашты. 1986-шы жылдың соңына дейін Ауғанстан халқының шамамен 50 пайызы қырылды немесе ішкі босқын ретінде өмір сүретін жерін ауыстырды. Тарихта мұндай қоныс аудару бұрын-соңды кездеспеген еді. «Ауғанстан – қараңғылықтағы ел» атты кітаптың авторы Крис Джонсон бұл туралы: «Кеңес Одағының басып кіруі мен Ауғанстандағы соғыс бұл елдің халқының шамамен 6 миллионының Иран, Пәкістан және басқа елдерге қашуларына себеп болды. Иранға босқындар ағылмастан бұрын бұл елде 600 мың ауғандық азамат  еңбек еткен болатын. Босқындар Иранның қалалары мен ауылдарында орналасып, жергілікті халықпен араласып өмір сүретін болды. Бұл кезеңде шын мәнінде үкіметтік емес ұйымдыр мен БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғары комиссариаты тек шектеулі көмек көрсеткеннен басқа ештеңе жасамады. Иран үкіметі босқындарды қамтамасыз ету міндетін өз мойнына алды»,- деп жазды. Иранның Ислам революциясы Ауғанстандағы коммунистік революциядан бірнеше айдан кейін орын алып, исламдық біртұтас үмбет ұранын ұсынып, бұл елдің ауғандықтарға  қолдау көрсетуін көбейтті. Нәтижесінде Иранға қоныс аударатын ауғандықтардың саны өрістеді. Иранның діни, мәдени және экономикалық тартымдылығы бір жақтан,   халқын алыстатын Ауғанстанның қатері басқа жақтан бұл елдің халқының, әртүрлі тайпаларының әртүрлі жастағы   әйелдері мен ерлерінің  Иранға ағылуына себеп болды. Бірақ әр кезеңде саяси, экономикалық, мәдени және басқа себептерге байланысты Иранға қоныс аударатындардың және еліне оралатындардың саны өзгеріп тұрды. Сондықтан олардың санын нақты айту мүмкін болмады. Еш уақытта Иранға кірген ауғандықтардың саны нақты анықталмады.  Бірақ ресми емес мәліметтер бойынша, олардың саны 3 миллионға дейін жетті. Бұрынғы Кеңес Одағының күштері Ауғанстаннан шығып, адамға дұшпан талибандар  келіп, бұл елдің басына үстемшілдіктің  қиындықтары түсті. Бұл елде адамзатқа қарсы әрекеттер көбейіп, аталмыш лаңкестік топ өз саясатын жүргізе бастады.  Қатыгездіктер бұл ел халқының біразының үйлерінен кетіп, басқа елдерден пана іздеулеріне себеп болды. Кең ауқымды және адамзатқа қарсы қатыгездіктер, қырып-жоюлар, дін мен тілге қатысты кемсітушіліктер Ауғанстан халқының босқындығының ең үлкен себебі болды. 2001-ші жылға дейін, яғни халықаралық күштердің қолынан Талибандар режимі құлағанға дейін Ауғанстан халқының көбі қоныс аударатын ел саналды. Жаңа үкіметтің құрылуымен елден кеткендердің оралуларына байланысты үміт көбейді. Ауғанстан халқының көбі тыныштық пен бейбітшілікте өмір сүру үмітімен көршілес және басқа елдерден қайтты. Бірақ олардың үміті өте жылдам үмітсіздікке айналды. Өйткені Ауғанстан үкметі мен әлемдік қауымдастық  бұл елдің халқы үшін қауіпсіздікте өмір сүретін жағдай жасай алмады. АҚШ лаңкестікпен күресуді сылтауратып, Ауғанстанды басып алып,    мақсаттарын ауғандықтарға тыныштық пен тұрақтылық орнату деп жариялағанымен жарық көрген мәліметтер  соғыстың негізгі құрбандарының әскери емес қарапайым ауғандықтар болғанын көрсетті. 10 жыл бойы, яғни 2001-ші жылдан 2010-шы жылға дейін соғыстың салдарынан 28500 адамға жуық әскери емес халық қаза болып, 50000-нан астамы жарақат алып, 11 миллионнан артығы босқынға айналды. 2014-ші жылы халықаралық күштердің Ауғанстаннан  шығуымен  бұл елге тұрақтылық пен қауіпсіздік оралады деген болжамдар айтылды. Бірақ бұл елдегі тәліптердің қайтадан белсенділік танытуы мен тайпалық қайшылықтар   тынышсыздықтарға себеп болды. БҰҰ жақында: «Мемлекеттің солтүстік аймақтарында қауіпсіздік күштер мен бүлікшілердің  қақтығыстарына байланысты жүз мыңнан астам  адам үйлерінен кетуге мәжбүр болды» деп мәлімдеді. БҰҰ-ның Босқындар жөніндегі жоғары комиссариатының баспасөз хатшысы Манз Наиберг те бұл мәселеге тоқталып: «Қақтығыстардың басталуынан осы кезге дейін Ауғанстанда 15 мыңға жуық жанұя аталмыш ұйымның көмектерін алу үшін тіркелді.  Бұл жанұялардың біразы Құндыз бен Бағлан қаларының айналасына, басқалары белгісіз аймақтарға қашты. Босқындардың көбі Пәкістан мен Ираннан пана тапты. БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғары комиссары Антонио Готрес өзінің сұхбатында осы ақиқатқа тоқталып: «Ауғандық босқындардың мәселесі шешу тек Пәкістан, Иран және басқа шекаралас елдердің міндеті емес. Бұл ортақ мәселе. Сол себепті барлық мемлекеттер ауғандық босқындардың мәселесін шешу ісінде ынтымақтастық жасау керек екенін түсінуді талап етеміз. Өткен жылдары әлемдік қауымдастық көбінесе батыс Азия аймағының, әсіресе Сирия, Ирак пен Йемендегі дағдарысқа көңіл бөліп, ауғандық босқындарға назар азырақ аударылды»,- деді. Ол халықаралық қауымдастықтан ауғандық босқындарды ұмытпауды, оларға гуманитарлық көмектерді көбірек жіберуді сұрады. БҰҰ Жоғары комиссариатының Азия менТынық мұхит аймағы істері жөніндегі бас директоры Дизидель ханым Женевада берген таяудағы сұхбатында: «Азия мен Таяу Шығыстағы оқиғалар өте ащы әрі қайғыға толы. Бірақ төртінші онжылдыққа аяқ басқан Ауғанстан дағдарысымен салыстыруға болмайды. Ауғанстан дағдарысының ұзаққа созылуымен босқындық бұл елдің ерекшелігіне айналды. Сондықтан әлемдегі өтпелі оқиғалар  БҰҰ-ның Ауғанстан халқының босқындық дағдарысына назар аударуын төмендетпеуі тиіс» деді.