Бақара сүресі, 97-101 аяты
Бақара сүресі, 97-101 аяты
Мейірімді рақымды Алланың атымен бастаймыз.
Пайғамбардың (с) әулетінен хазірет Әли (ғ): "Құранда жүректердің көктемі мен білімнің бұлақтары бар, сондықтан жүрек одан басқамен жылтырамайды",-дейді.
قُلْ مَن كَانَ عَدُوًّا لِّجِبْرِيلَ فَإِنَّهُ نَزَّلَهُ عَلَى قَلْبِكَ بِإِذْنِ اللّهِ مُصَدِّقًا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهِ وَهُدًى وَبُشْرَى لِلْمُؤْمِنِينَ ﴿۹۷﴾ مَن كَانَ عَدُوًّا لِّلّهِ وَمَلآئِكَتِهِ وَرُسُلِهِ وَجِبْرِيلَ وَمِيكَالَ فَإِنَّ اللّهَ عَدُوٌّ لِّلْكَافِرِينَ ﴿۹۸﴾ وَلَقَدْ أَنزَلْنَآ إِلَيْكَ آيَاتٍ بَيِّنَاتٍ وَمَا يَكْفُرُ بِهَا إِلاَّ الْفَاسِقُونَ ﴿۹۹﴾
"(Мұхаммед (с) оларға) айт: "Кім Жебрейілге (ғ) дұшпан болса, (Алланың дұшпаны) Өйткені ол, Алланың бұйрығы бойынша бұрынғыларды растаушы. Құранды сенушілер үшін туралық әрі қуандырушы түрде жүрегіңе қондырды. (2:97) Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ Жебрейіл, Мікәйлге (ғ) дұшпан болса, әлбетте Алла тағала кәпірлерге дұшпан. (2:98) (Мұхаммед (с)) расында саған ап-ашық аяттарды түсірдік. Оған бұзақылар ғана қарсы келеді". (2:99)"
Бұл аяттар, бір топ яһудидің өздерінің бір ғалымымен Мәдинаға Ислам пайғамбарына (с) барып, бірнеше сауал қоюы оқиғасын баяндайды. Олар уахи періштесінің есімін сұрады. Пайғамбар (с): "Оның есімі – Жәбрейл",-дегенде, олар: "Егер оның есімі Микәйл болғанда, оған иман келтірер едік. Жәбрейл біздің дұшпанымыз, ол жауларға қарсы джихад жасау секілді ауыр бұйрықтар әкелетін",-десті. Мұндай сөздер ақиқатты мойындағысы келмей, мін тағып тәңірдің періштесіне қаттылық көрсетті деген айып салатын кісілердің шындықтан қашып, дандайсу мен бағынбаушылық мінезін көрсетеді. Математика мұғалімін қатал, ал дене шынықтыру мұғлімін жақсы дейтін жалқау оқушылар тәрізді. Жәбрейл мен Микәйл және Алланың барлық періштелері, оларды дос не дұшпан деп атауға болатындай өз тарапынан ешнәрсе әкелмеді. Олар тек Алланың әмірін ғана орындайтын, пайғамбарлармен арадағы дәнекер. Сондықтан яһудилердің сөзі Ислам қабылдаудан қашудағы сылтау және ешқандай ақыл мен қисынға сай келмейді. Аяттың жалғасында ескерілгендей, олар Құран аяттарын да жоққа шығарды. Құран дәйекті және шын кітап болғандықтан кез-келген ақыл иесі оны растайды. Күнәға батып, жүректері қарайып кеткен бұзақылар ғана Алланың аяттарын мойындамайды. Кейбір яһудилер осындай еді.
أَوَكُلَّمَا عَاهَدُواْ عَهْدًا نَّبَذَهُ فَرِيقٌ مِّنْهُم بَلْ أَكْثَرُهُمْ لاَ يُؤْمِنُونَ ﴿۱۰۰﴾وَلَمَّا جَاءهُمْ رَسُولٌ مِّنْ عِندِ اللّهِ مُصَدِّقٌ لِّمَا مَعَهُمْ نَبَذَ فَرِيقٌ مِّنَ الَّذِينَ أُوتُواْ الْكِتَابَ كِتَابَ اللّهِ وَرَاء ظُهُورِهِمْ كَأَنَّهُمْ لاَ يَعْلَمُونَ ﴿۱۰۱﴾
"(Яһудилер) қай қашан да бір уәде жасалса, олардың бір бөлімі оны бұзып тастамады ма? Бәлкім олардың көбі Тәуратқа да сенбейді. (2:100) Оларға Алла тарапынан олардың қолындағы Тәуратты растаушы Елші келген шақта, Кітап берілгендердің бір бөлімі, тіпті түк білмегендей Алланың кітабын (Тәуратты) арт жақтарына атты. (2:101)"
Осы аят Ислам пайғамбарын (с) жұбатып: "Яһудилер өз пайғамбарларына да опасыздық жасаған және Мұсаға (ғ) берген серттерін бұзып, үнемі қырсықтық пен міншілдік танытқан сол қауым",-дейді. Бұл аят, Ислам пайғамбары (ғ) Мәдинаға келгенде, яһудилер ол хазіреттің дұшпандарына көмектеспеу туралы келісімге отырып, бірақ сол келісімді бұзып, Мекке мүшріктерінің мұсылмандарға қарсы соғысында оларға көмектескен кезде түсті. Яһуди қаумының серт бұзуы тосын оқиға емес. Өйткені Ислам пайғамбары келмей тұрып яһуди ғұламалары оның келетінін жариялап, Тәураттағы оның сипаттарын айтқан болатын. Бірақ оны көрген кезде, өздерінің дүниелік мүдделеріне қауіптеніп, оны танымайтындай, жоққа шығарады. Қазіргі таңда да Израильде сионистер дәл сол яһудилер тәрізді барлық халықаралық келісімдерді аяққа басып отыр және қандайда бір келісім жасағанымен оны тез арада бұзады. Өйткені олар ұлтшыл және тойымсыз қауым. Бұл аяттардағы көңіл аударалық жайт, әділет пен ынсапты сақтау. Құран яһудилер арасындағы ізгі және пәк тұлғаларды ұмытпайды және олардың көбі күпірлік еткенін айтады. Өйткені яһудилердің арасында да ақиқатты мойындап, оны қабылдайтын пәк адамдар болған. Бұл аяттардан үйренетініміз:
Біріншіден, күнә жасау мен бағынбау адамға ақиқатты қабылдамау әсерін тигізеді.
Екіншіден, білімнің бір өзі жеткіліксіз. Яһуди ғұламалары Тәураттан Ислам пайғамбарының растығын оқыса да, оны мойындамай жоққа шығарды. Олар өздері ғана иман келтірмеумен қатар, басқалардың да иман келтіруіне кедергі жасады.