Бақара сүресі, 62-69 аяты
Бақара сүресі, 62-69 аяты
Мейірімді рақымды Алланың атымен бастаймыз.
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُواْ وَالَّذِينَ هَادُواْ وَالنَّصَارَى وَالصَّابِئِينَ مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَعَمِلَ صَالِحًا فَلَهُمْ أَجْرُهُمْ عِندَ رَبِّهِمْ وَلاَ خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلاَ هُمْ يَحْزَنُونَ ﴿۶۲﴾وَإِذْ أَخَذْنَا مِيثَاقَكُمْ وَرَفَعْنَا فَوْقَكُمُ الطُّورَ خُذُواْ مَا آتَيْنَاكُم بِقُوَّةٍ وَاذْكُرُواْ مَا فِيهِ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ ﴿۶۳﴾
"Расында сондай иман келтіргендер, яһудилер, христиандар және сабилар болып, кім Аллаға, ақырет күніне сенсе, Раббыларының қасында сыйлық бар. Оларға қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды. (2:62) Сол уақытта сендерден (Тәуратты қабылдауға) уәде алған едік. Үстеріңе Тұр тауын көтеріп тұрып: “Сендерге берілген (Тәуратты) мықты ұстап, ондағы әмірлерімді елеп, ескеріңдер әрине сақтанған боласыңдар”,-деген едік. (2:63)"
Осы аяттар Алланың нығметіне бөленудің жолы - иман мен игі істер деп көрсетеді. Демек, жеке адамның ол мұсылман болсын, не христиан, не яһуди, не илаһи өзге дінге еруші болсын сырт көзге иман келтірдім дегені маңызды емес. Бұл арада "иман" сөзін қайталауы, тек яһуди, христиан, саби секілді есімдерге ие болу құдайдың азабынан құтылуға себеп бола алмайтынын көрсетеді. Бақытқа жетудің өлшемі - Аллаға, қиямет күніне иман келтіру және игі іс істеу. Құран аяттарында бірнеше рет бақытқа тек құлшылық ету арқылы ғана қол жеткізуге болады және бұл мәселеде пайғамбарлар да халықпен бірдей деп айтылады. Сондықтан Алла елшілер туралы "Әнғам" сүресінде былай дейді:
"Егер Аллаға серік қосса олардың барлық істері бекер болмақшы".
Әрине Құран аяттары яһудилер мен христиандарды Ислам дінін қабылдауға шақырады және "Әли-Ғимран" сүресінің 85-ші аятында былай делінген:
وَمَن يَبْتَغِ غَيْرَ الإِسْلاَمِ دِينًا فَلَن يُقْبَلَ مِنْهُ وَهُوَ فِي الآخِرَةِ مِنَ الْخَاسِرِينَ ﴿۸۵﴾
"Кімде-кім Исламнан басқа бір дінді таңдаса, әсте одан қабыл етілмейді де, ақыретте зиянға ұшыраушылардан болады"
Бұл аят, өзге діндердің ізіне ерушілер әрқайсысы өз заманындағы пайғамбар мен илаһи кітапқа иман келтіріп, оған амал етсе, Алланың сауабына бөленетінін айтады. Егер олар Ислам пайғамбары (с) заманында болып, оны көргенде иман келтіретіндері сөзсіз. Өйткені Ислам пайғамбарының (с) келетіндігі, яһуди мен христиан жазбаларында оның сипаттары мен белгілері көрсетілген. Аяттың жалғасы Жаратушыны Бәни Исраил қауымына, олар өз серттеріне берік болуы үшін көрсеткен келесі бір мұғжизасын баяндайды. Өз құдіретін көрсете отырып, илаһи жарлықты орындамаудан қорқулары үшін Жаратушы олардың дәл бастарының үстіне Тұр тауын көтереді. "Бақара" сүресінің 64-ші аятында былай делінеді:
ثُمَّ تَوَلَّيْتُم مِّن بَعْدِ ذَلِكَ فَلَوْلاَ فَضْلُ اللَّهِ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَتُهُ لَكُنتُم مِّنَ الْخَاسِرِينَ ﴿۶۴﴾
"Оның артынан тағы қайталаған едіңдер. Сонда сендерге Алланың кеңшілігі, мейірімі болмаса, әлбетте зиянға ұшыраушылардан болар едіңдер. (2:64)"
Бәни Исраил қауымы иман келтірген соң осы уақытқа дейін өз пайғамбарын бірнеше рет мазалап, одан тағы басқа мұғжизалар сұрады. Бұл аят, мүмин адамдар Алла тарапынан келген үкімге ешқандай мін тақпауы тиіс немесе оны дәлелсіз санамауы керек, сондай-ақ оны Алланың хикметі деп біліп, бұлжытпай орындау керек дейді.
وَلَقَدْ عَلِمْتُمُ الَّذِينَ اعْتَدَواْ مِنكُمْ فِي السَّبْتِ فَقُلْنَا لَهُمْ كُونُواْ قِرَدَةً خَاسِئِينَ ﴿۶۵﴾ فَجَعَلْنَاهَا نَكَالًا لِّمَا بَيْنَ يَدَيْهَا وَمَا خَلْفَهَا وَمَوْعِظَةً لِّلْمُتَّقِينَ ﴿۶۶﴾
"Расында сендерден сенбі күні шектен шыққандарды білесіңдер, сонда оларға: “Маймыл болып, қор болыңдар”,-деген едік. (2:65) Сонда ол жазаны, ілгері-кейінгілерге үлгі, әрі сақтанушыларға насихат қылдық. (2:66)"
Алла тағала Бәни Исраил қауымын сынау үшін оларға сенбі күні балық аулауға тыйым салады. Бірақ олардың теңіз жағасында тұратын бір тобы қулық жасап, балық аулай береді. Олар теңіздің жағасында суы бар шұңқырлар қазып, сол шұңқұрға балық кірген кезде, балықты шығармай, оны жексенбіге дейін қалдыратын болған. Сонан соң жексенбі күні балықты шұңқырдан аулап, осылайша олар тәңірдің үкімін бұзады. Сонда оларға құдайдың бұйрығымен ойнағанның жазасы түсіп, олардың беттері көрінбей кетеді. Негізінде, дін тек ахиретті ғана емес, қайта қоғамдағы барлық адамдардың мүдделерін қамтамасыз ететін адам өміріндегі ережелер болып табылады. Бәни Исраил қауымы тәрізді шариғатты өз пайдасына өзгертуге тырысатын адамдар, діни үкімдермен ойнауға болмайтынын және мұның нәтижесі адамды құрдымға апаратынын білмейді.
وَإِذْ قَالَ مُوسَى لِقَوْمِهِ إِنَّ اللّهَ يَأْمُرُكُمْ أَنْ تَذْبَحُواْ بَقَرَةً قَالُواْ أَتَتَّخِذُنَا هُزُوًا قَالَ أَعُوذُ بِاللّهِ أَنْ أَكُونَ مِنَ الْجَاهِلِينَ ﴿۶۷﴾ قَالُواْ ادْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّن لّنَا مَا هِيَ قَالَ إِنَّهُ يَقُولُ إِنَّهَا بَقَرَةٌ لاَّ فَارِضٌ وَلاَ بِكْرٌ عَوَانٌ بَيْنَ ذَلِكَ فَافْعَلُواْ مَا تُؤْمَرونَ ﴿۶۸﴾ قَالُواْ ادْعُ لَنَا رَبَّكَ يُبَيِّن لَّنَا مَا لَوْنُهَا قَالَ إِنَّهُ يَقُولُ إِنّهَا بَقَرَةٌ صَفْرَاء فَاقِعٌ لَّوْنُهَا تَسُرُّ النَّاظِرِينَ ﴿۶۹﴾
"Сол уақытта Мұса (ғ) қаумына: "Алла, бір сиыр бауыздауларыңды бұйырды”,-деді. Олар: “Бізді келемеж қыласың ба?”,-деді. Мұса (ғ): “Надандардан болудан Аллаға сиынамын”,-деді. (2:67) Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның не екенін білдірсін”,-деді. (Мұса ғ): "Алла, ол сиыр кәрі де емес, жас та емес, соның арасында”,-дейді. “Ал енді бұйрылғанды орындаңдар”,-деді. (2:68) Олар: “Раббыңа біз үшін жалбарыншы, бізге оның түсін білдірсін”,-десті. (Мұса ғ): "Алла, ол сап-сары сиыр, оның өңі көрушілерді сүйcіндіреді дейді”,-деді. (2:69)"
Бәни Исраил қауымында бір кісі өлімге ұшырап, оны өлтірген кісі беймәлім болады. Халық арасында жанжал пайда болып, әр тайпа келесі бір тайпаны айыптауға кіріседі. Сонда олар мәселені шешу үшін хазірет Мұсаның (ғ) алдына барады. Хазірет Мұса (ғ) мұғжиза арқылы бұл дауды шешеді және Алланың әмірімен оларға бір сиырды бауыздап, оның бір мүшесімен өлген адамды соғыңдар, сонда ол өзін өлтірген адамды көрсетеді деп бұйырады. Бәни Исраил хазірет Мұса (ғ) оларды келемеждеп тұр деп ойлайды. Сонда ол хазірет: "Біреуді масқаралау наданның ісі",-дейді. Ал ол Алланың елшісі. Бұл әмірдің шын екеніне көздері жеткен соң, мін тағып, сұрақтар қоя бастайды. Өйткені әр нәрсені түсіну үшін сұрау қажет. Бірақ Бәни Исраилдің бұл тобы сиыр қандай болсын, оның түсі қандай болу керек? деген сұрақтар қойып, тапсырмадан жалтармақшы болды.
Бұл аяттан үйренетініміз:
Егер Алланың әмірі біздің ойлағанымыздай болмаса да, оны жоққа шығарып, маңызсыз деп есептемеуіміз керек. Әрине Алла құпия білім арқылы өлтірген адамды көрсетер еді.