Бақара сүресі, 48-56 аяты
Бақара сүресі, 48-56 аяты
Мейірімді рақымды Алланың атымен бастаймыз.
وَاتَّقُواْ يَوْمًا لاَّ تَجْزِي نَفْسٌ عَن نَّفْسٍ شَيْئًا وَلاَ يُقْبَلُ مِنْهَا شَفَاعَةٌ وَلاَ يُؤْخَذُ مِنْهَا عَدْلٌ وَلاَ هُمْ يُنصَرُونَ ﴿۴۸﴾وَإِذْ نَجَّيْنَاكُم مِّنْ آلِ فِرْعَوْنَ يَسُومُونَكُمْ سُوَءَ الْعَذَابِ يُذَبِّحُونَ أَبْنَاءكُمْ وَيَسْتَحْيُونَ نِسَاءكُمْ وَفِي ذَلِكُم بَلاءٌ مِّن رَّبِّكُمْ عَظِيمٌ ﴿۴۹﴾
"Біреу үшін ешкім күймейтін, шапағат қабыл етілмейтін, ешкімнен бодау алынбайтын және оларға жәрдем де етілмейтін бір күннен сақтаныңдар. (2:48) Сендерді Перғауынның сыбайластарынан құтқардық. Олар сендерді жаман қинаумен ұстап, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қоятын еді. Міне мұнда сендерге Раббыларыңнан зор сынау бар. (2:49)"
Осы аяттар Бәни Исраил қауымына арналған және олардың қиямет күні туралы кейбір бұрыс нанымдары мен негізсіз үміттеріне жауап болып есептеледі. Бұрынғы халықтар, ахиреттегі өмір дүниедегі өмірге ұқсас және онда кейбіреулердің шапағатымен өз мүдделеріңді де қамтамасыз етуге болады деп ойлады. Сондықтан олар күнәларын кешіріп, қолдау көрсетеді деген сеніммен құдайларына құрбандық шалып, сыйлықтар тартқан. Олар осы құдайлар шапағат береді деген оймен оларға соғыс олжаларын сыйлаған және ахиретте пайдаланар деп өлген адамдармен бірге қабірге түрлі қымбат әшекейлерді салған. Түрлі мұсылман халықтарының арасында да осыған ұқсас салттар кездеседі. Бірақ Құран осы барлық сенімдерді жалған және бекер деп атап, "ол күні тек Алланың үкімі ғана жүреді" деп айрықшалайды, сондықтан әлгіндей нанымдарды жоққа шығарады:
"Шапағат қабыл етілмейтін, ешкімнен бодау алынбайтын және оларға жәрдем де етілмейтін бір күннен сақтаныңдар".
Әрине Құранда шапағат мәселесі толығымен жоққа шығарылмаған. "Шапағат" дегеніміз біреуге пайда тигізу немесе одан зиянды кетіру үшін дәнекер болу. Құран көзқарасы бойынша күнәнің қайталанып, одан арланбауға себеп болатын шапағат қабылдауға жатпайды. Шапағаттың нәтижесі сындарлы болуы тиіс, шапағат бірқатар күнәлары үшін жазаланған, бірақ иманды және Алла оның діндарлығына риза кісілерге жасалады. Құдайдың бұрйықтарын бұзатын және аса залым адамдар шапағат етілмейтіні сөзсіз.
Құран барлық кемелдік тек Аллаға тән деп біліп, ұлы және мәртебелі тұлғалардың өзі өз дәрежесін Алладан алды деп ескереді. Олар тек Алланың қалауымен және Одан тілеудің арқасында ғана күнәлардан кешіріліп, шапағатқа бөлене алады. Аяттың жалғасында перғауынның зұлымдығы еске салынып, Бәни Исраил қауымы зор қанаудан құтылғаны үшін шүкір етушілерден болулары тиіс және қиындықтар мен ауыртпалықтар Алла тарапынан келетін сынақ деп ескереді. Адамдар осындай ауыр сынақтар арқасында дұрыс жолға түседі.
وَإِذْ فَرَقْنَا بِكُمُ الْبَحْرَ فَأَنجَيْنَاكُمْ وَأَغْرَقْنَا آلَ فِرْعَوْنَ وَأَنتُمْ تَنظُرُونَ ﴿۵۰﴾وَإِذْ وَاعَدْنَا مُوسَى أَرْبَعِينَ لَيْلَةً ثُمَّ اتَّخَذْتُمُ الْعِجْلَ مِن بَعْدِهِ وَأَنتُمْ ظَالِمُونَ ﴿۵۱﴾ ثُمَّ عَفَوْنَا عَنكُمِ مِّن بَعْدِ ذَلِكَ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ ﴿۵۲﴾
"Сендер үшін теңізді жарып, құтқардық та, перғауындықтарды суға батырдық. Сендер көріп тұрдыңдар.(2:50) Сол уақытта Мұсаға (ғ) (Тұр тауында Тәурат үйрету үшін) қырық кеш уәде берген едік. Кейін оның артынан, бұзауды тәңір жасап алдыңдар да өздерің залым болдыңдар. (2:51) Сонан кейін де сендерді шүкірлік етер деп кешірім еттік. (2:52)"
Осы аяттар Алланың Бәни Исраил қауымына көрсеткен мұғжизаларын әңгімелейді. Хазірет Мұса (ғ.с) өз халқын Мысырдан шығаруға Алла тарапынан тапсырма алады. Олар Ніл өзенінің қасына келгенде, перғауын мен оның әскері оларды қуып келе жатқанын көреді. Сонда Мұса (ғ) Алланың әмірімен таяғын суға ұрған шақта, су қаққа бөлініп, Ніл өзенінде Бәни Исраил қауымының өтуіне жол ашылады. Алайда қуғыншы перғауындықтар Нілдің ортасына келгенде су қайтадан қосылып, олардың барлығы қырылады. Бәни Исраил қауымы перғауынның зұлымдығынан құтылған соң, Тәурат жазбаларын алу үшін хазірет Мұсаға (ғ) қырық күн бойы Тұр тауына баруға әмір етіледі. Алайда осы қысқа мерзімде Бәни Исраил қауымы үлкен сынақтан өткізіледі.
Самери деген бір қиянатшыл адам, халықтан алтын мен зергерлік бұйымдар жинап, одан сиырдың дауысы шығатын бұзаудың мүсінін жасайды. Самери халықты осы бұзауға құлшылық етуге шақырып, олардың біразын өзіне қаратады. Осылайша олар дұрыс жолдан адасқандықтан біріншіден өздеріне, екіншіден қаншама қиыншылықтарды басынан өткізіп оларды құтқарған өздерінің пайғамбары - хазірет Мұсаға (ғ) қиянат жасады. Хазірет Мұса (ғ) Тұр тауынан оларғанда, халықтық осы жағымсыз қылығын көреді.
وَإِذْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ وَالْفُرْقَانَ لَعَلَّكُمْ تَهْتَدُونَ ﴿۵۳﴾ وَإِذْ قَالَ مُوسَى لِقَوْمِهِ يَا قَوْمِ إِنَّكُمْ ظَلَمْتُمْ أَنفُسَكُمْ بِاتِّخَاذِكُمُ الْعِجْلَ فَتُوبُواْ إِلَى بَارِئِكُمْ فَاقْتُلُواْ أَنفُسَكُمْ ذَلِكُمْ خَيْرٌ لَّكُمْ عِندَ بَارِئِكُمْ فَتَابَ عَلَيْكُمْ إِنَّهُ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ ﴿۵۴﴾ وَإِذْ قُلْتُمْ يَا مُوسَى لَن نُّؤْمِنَ لَكَ حَتَّى نَرَى اللَّهَ جَهْرَةً فَأَخَذَتْكُمُ الصَّاعِقَةُ وَأَنتُمْ تَنظُرُونَ ﴿۵۵﴾ ثُمَّ بَعَثْنَاكُم مِّن بَعْدِ مَوْتِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ ﴿۵۶﴾
"Және тура жолға келулерің үшін Мұсаға (ғ) Тәуратты (жақсы-жаманды) айырушы нұсқауды бердік. (2:53) Сол уақытта Мұса (ғ): "Әй қаумым! Расында сендер бұзауды тәңір жасап алумен өздеріңе қастандық қылдыңдар! Ал енді жаратушыларыңа тәубе қылыңдар әрі өздеріңді түзетіңдер. (Немесе қылмыстыларды өлтіріңдер) Бұларың сендер үшін жаратушыларыңның қасында қайырлы. Сонда тәубелеріңді қабыл етті, өйткені Ол тәубені қабылдаушы, ерекше мейірімді",-деді. (2:54) Сол уақытта сендер: "Әй Мұса! Алланы әшкере көрмейінше саған әсте иланбаймыз",-дедіңдер де, сендерді бір ащы дауыс алды (жасыл түсті) көріп тұрдыңдар. (2:55) Сонсоң шүкірлік етерсіңдер деп, өлгендеріңнен кейін қайта тірілттік. (2:56)"
Бұл аяттар Бәни Исраил қауымының оқиғаларын және тағы басқа сылтауларын баяндайды. Бір жолы бұзауға табынған Бәни Исраил қауымы, келесі жолы Аллаға иман келтіру үшін Оны көзбен көруді талап етеді. Алла олардың тіпті кейбір жаратылысты да көруге қабілеті жоқ екендігін дәлелдеу үшін найзағай түсіріп, Бәни Исраилдің бір тобын өлтіреді. Осы оқиғадан кейін хазірет Мұса (ғ) Алладан оларды қайта тірілтуін сұрайды. Алла өз елшісінің дұғасын қабыл алып, өлгендер қайта тіріледі де Аллаға шүкір етеді.