Бақара сүресі, 44-47 аяты
Бақара сүресі, 44-47 аяты
Құран – адам оны оқып, жан мен тәннің, дүние мен ахиреттің ақиқатымен танысып, әлемнің жаратушысымен байланысын білуі үшін түсірілген қасиетті кітап. Адам Құран арқылы бұл дүниедегі өз орнын түсініп, өз жаратылысының мақсатын біледі. Осы тұрғыдан Құран - адамзат қоғамына жарық түсіруші әрі жол көрсетуші, өлімнен тіршілікке және әрекетсіздіктен қимылға итермелеуші және адамзатқа бағыт беруші. Осы орайда қасиетті Пайғамбарымыз (с): "Сендерге қастандықтар мен астыртын әрекеттер түннің қараңғылығы секілді төнсе, Құраннан жәрдем алыңдар",-дейді.
Осылайша Құран шыншылдықты үйретіп, адамдарды бір-біріне қосу арқылы, олардан біртұтас үммет құрып, мықты ғимарат тұрғызатын белсенді мектеп. Егер халық оны өмірде қолданып, оның тәлімдерін орындаса, міндетті түрде пәк және бақытты өмірге жетеді.
Шындықты жалғанмен араластырып, оны жасырмау керек.
أَتَأْمُرُونَ النَّاسَ بِالْبِرِّ وَتَنسَوْنَ أَنفُسَكُمْ وَأَنتُمْ تَتْلُونَ الْكِتَابَ أَفَلاَ تَعْقِلُونَ ﴿۴۴﴾
"Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, ойламайсыңдар ма? (2:44)"
Осы аят Бәни Исраил қауымы мен олардың ғұламалары туралы болғанымен, аяттың мағынасы кең. Ізгі істер адамды менменшілдіктен ажыратады және оның бойында адами қасиеттер мен жанашырлықты дамытады. Кейбіреулер басқаларды ізгі істер жасауға шақырғанымен, өздері белсенділік танытпайды. Алла тағала басқа аяттарда олардың олай істемеуін талап етеді. "Жұма" сүресінің 5-ші аятында біліміне амал етпейтін ғалым кітап артқан жануармен салыстырылған. Өйткені басқалар бұл кітаптарды пайдаланса, өзі қолданбайды.
Әділетті жаюшы көшбасшы хазіреті Әли(ғ) осыған байланысты былай деген: "Уа халайық! Мен сендерді бұрын өзім істеп көрмеген істі орындауға шақырмаймын және өзім аулақ болған нәрселерден аулақ болуларыңды сұраймын".
وَاسْتَعِينُواْ بِالصَّبْرِ وَالصَّلاَةِ وَإِنَّهَا لَكَبِيرَةٌ إِلاَّ عَلَى الْخَاشِعِينَ ﴿۴۵﴾الَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُم مُّلاَقُوا رَبِّهِمْ وَأَنَّهُمْ إِلَيْهِ رَاجِعُونَ ﴿۴۶﴾
"Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр тиеді. (2:45) Ол ынталылар. Раббыларына шын жолығатындықтарын ойлап әрі Оған анық қайтарылатындықтарын да біледі. (2:46)"
"Бақара" сүресінің 45-46 аяттары адамда тұлғаны дамытып, оны кемелдендіру үшін ішкі және сыртқы күштеріне көңіл аудару қажет дейді. Сабыр кез-келген зор түйткілді кішірейтеді және Алладан пана іздеу адамның иманы мен сенімін арттырып, оны мықты қолдаушымен байланыстырады. Әрине пәк және тақуа адамдар намазға осы жағынан қарайды. Бірақ иманы әлсіз адамдар намазды ауыр көреді. Қасиетті аят тақуа адамдарды – қиямет күні мен Аллаға оралатынына сенетіндер дейді. Мұндай сенім адамға қарапайымдылық және жауапкершілік сезімін береді, осылайша адам өз өміріндегі кез-келген ісіне жауап беретінін түсінеді. Бұл жерде қиямет күні Алламен кездесуді, көзбен көру деп түсінбеу керек. Өйткені Алла көзге көрінетін зат емес, біз Оның құдіреті мен төрелігінің әсерін көреміз. Осы тақырыпқа байланысты, хазірет Әлидің (ғ) достарының бірі одан: "Құдайыңды көрдің бе?",-деп сұрапты.Сонда хазірет: "Көрмеген құдайға құлшылық етемін бе?",-деп жауап беріп, Оны көзбен емес жүрегіммен көріп, иманымның нұрымен сеземін деп түсіндірген екен. "Бақара" сүресінің 47-ші аяты Алланың Бәни Исраил қауымына берген тағы басқа нығметін еске салып, осы нығмет үшін Алланы зікір етіп, Оған шүкірлік айтыңдар дейді. Алланың яһудилерге берген бұл нығметі – оларды перғауынның қанауынан құтқаруы еді. Осыдан кейін Бәни Исраил Мысырда билікке жетіп, мол ризыққа бөленген еді. Олар хазірет Мұсаның (ғ) жолдауы және жетекшілігімен артықшылыққа ие болды.
يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ اذْكُرُواْ نِعْمَتِيَ الَّتِي أَنْعَمْتُ عَلَيْكُمْ وَأَنِّي فَضَّلْتُكُمْ عَلَى الْعَالَمِينَ ﴿۴۷﴾
"Әй Израил ұрпақтары! Сендерге берген нығметімді, әм әлемге артық еткенімді еске алыңдар. (2:47)"