Қаң 01, 2017 21:45 Asia/Almaty
  • Бақара сүресі, 40-43 аяты

Бақара сүресі, 40-43 аяты


Құран Кәрім - барша адамдар алдында тұрған тура жол мен бақытқа жолдаушы маңызды кітап. Алла тағаланың сипаттауынша осы қасиетті Кітап адамдарға оған еру үшін түсірілген. Құран, оның барлық қыр-сырларын бірден тауып, талқылауға болмайтын зор мұхит. Құран түскен кезден бастап осы күнге дейін түрлі мамандығы бар ғалымдар мен ойшылдар осы білім мен ақиқаттар мұхитында жүзіп жүр және адамның ақылы мен түсінігі қосылған сайын Құранның ақиқаттары да соғұрлым айқындала түсуде. Қазіргі заманда Құран мазмұны және ақиқаттарымен танысып, оның мәңгі әрі жаңа болып сақталуының сырын түсінуді қалайтын адамдар көп. "Бақара" сүресі көптеген үкімдер мен ережелерден тұрады және оның алатын орны жоғары. Бұл сүреде Алла тағаланың жарқыраған есімдері көп қолданылғандықтан – "аса нұрлы" деген атпен танымал.

"Әй Израиль ұрпақтары! Берген нығметімді еске алыңдар! Уәдемді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар. (2:40) Жандарыңдағы Тәуратты растаушы Мен түсірген Құранға сеніңдер. Сондай-ақ оған алғаш қарсы келушілерден болмаңдар. Және де аяттарымызды аз ғана бағаға айырбастамаңдар (дүниелік үшін бұрмаламаңдар) да Менен ғана қорқыңдар. (2:41)"

 

 

 

يَا بَنِي إِسْرَائِيلَ اذْكُرُواْ نِعْمَتِيَ الَّتِي أَنْعَمْتُ عَلَيْكُمْ وَأَوْفُواْ بِعَهْدِي أُوفِ بِعَهْدِكُمْ وَإِيَّايَ فَارْهَبُونِ ﴿۴۰﴾ وَآمِنُواْ بِمَا أَنزَلْتُ مُصَدِّقًا لِّمَا مَعَكُمْ وَلاَ تَكُونُواْ أَوَّلَ كَافِرٍ بِهِ وَلاَ تَشْتَرُواْ بِآيَاتِي ثَمَنًا قَلِيلًا وَإِيَّايَ فَاتَّقُونِ ﴿۴۱﴾

 

Осы қасиетті аяттарда Алла көптеген құбылмалы тарихы мен сылтау іздеуі және пайғамбарларға берген серттерін бұзумен аты шыққан Бәни Исраил қауымы дастанын әңгімелейді. Исраил – хазірет Жақыптың (ғ) басқа аты, сондықтан Бәни Исраил – Алла оларды перғауынның зорлық-зомбылығынан құтқарып, оларға өзге де көптеген нығметтерін берген оның перзенттері мен ұрпағы болып саналады. Осы аяттың басы Алла Бәни Исраил қауымынан өзінің нығметтерін құрметпен еске алыңдар дейді, өйткені бұл құрмет адамда шүкірлік сезімін тудырып, Алланың оған мейірімділік танытуына себепші болады. Осылай бола тұра, Алланың нығметтері бекерден-бекер берілмейтінін, қайта жауапкершілік жүктейтінін ұмытпау керек, сол себептен адам өзіне жүктелген міндет пен жуапкершілікті атқару барысында ешбір құдіреттен және дұшпанның қоқан-лоққыларынан қорықпауы тиіс. Келесі аят, яһуди ғұламаларына арнап: "Тәуратқа үйлесетін Құранға иман келтіріңдер және өз жағдайларыңды сақтау үшін Ислам пайғамбарының келетінін сүйіншілеген Тәураттағы аяттарды жоққа шығармай, діндеріңді дүниемен айырбастамаңдар",-дейді.

Құран бойынша, мұсылман бұрынғы барлық илаһи кітаптар мен пайғамбарларға сенеді. Алайда Ислам діні ең ақырғы илаһи дін болғандықтан және бұрынғы діндердің кітаптары өзгеріске ұшырағандықтан, Құран басқа діндегілерді оған иман келтіруге шақырады, өйткені бұл кітаптың мазмұны олардың кітаптарындағы бастапқы мәтіндерімен сәйкес. Сонан соң олардан, бұл мәселеде тек Алланы ойлауды сұрайды.

"Хақиқатты бұзықтыққа араластырмаңдар да сондай-ақ біле тұра шындықты жасырмаңдар. (2:42) Намазды толық орындаңдар, зекет беріңдер, сондай-ақ (Алланың құзырына) иілушілермен бірге иіліңдер. (2:43)"

 

 

وَلاَ تَلْبِسُواْ الْحَقَّ بِالْبَاطِلِ وَتَكْتُمُواْ الْحَقَّ وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ ﴿۴۲﴾وَأَقِيمُواْ الصَّلاَةَ وَآتُواْ الزَّكَاةَ وَارْكَعُواْ مَعَ الرَّاكِعِينَ ﴿۴۳﴾

 

Кез-келген қауым мен діннің ғұламалары халыққа ақиқатты айтпауы  немесе ақиқат пен жалғанды өзінше түсіндіруі мүмкін. Осының салдарынан халық надандыққа немесе күмәнға ұшырауы мүмкін, ал бұл халыққа жасалатын ең үлкен зұлымдық болып саналады. Пайғамбар (с) әулетіне жататын хазірет Әли (ғ) осы орайда былай дейді: "Егер жалған нәрсе сол бойында айтылса, алаңдауға жөн жоқ (өйткені халық оның жалған екендігін түсініп, одан алшақтайды). Егер шындық та тура айтылса, халық оны қабылдайды. Бұл арада ақиқат пен жалғанды, шайтанның халыққа ықпал етуіне жол беретіндей етіп араластыру қауіпті".

Дәл осы жерде қасиетті аят ақиқаттың жалғанмен бұқтырмаңдар деп қуаттайды. Сонан соң келесі аятта, ақиқатты танып, білу жеткілікті емес, қайта Аллаға иман келтірген мүмин амал етушілерден болуы тиіс, ал амалдың ең жақсысы - Аллаға құлшылық етіп, халыққа қызмет ету деп ескереді. Құрандағы аяттардың көбінде, намаз бен ғибадат адамның халыққа қызмет етуіне және кедейлерге қарасуына кедергі болмас үшін намаз бен зекетті қатар айтып отырады. Тіпті намазға келгенде, халықпен бірге болуды міндетті деп санап: "Намазды жамағатпен оқыңдар және басқа мұсылмандармен бірге сәжде етіңдер. Өйткені Ислам қоғамнан оқшаулануды қолдамайды",-дейді.