Бақара сүресі, 19-22 аяты
Бақара сүресі, 19-22 аяты
أَوْ كَصَيِّبٍ مِّنَ السَّمَاءِ فِيهِ ظُلُمَاتٌ وَرَعْدٌ وَبَرْقٌ يَجْعَلُونَ أَصْابِعَهُمْ فِي آذَانِهِم مِّنَ الصَّوَاعِقِ حَذَرَ الْمَوْتِ واللّهُ مُحِيطٌ بِالْكافِرِينَ ﴿۱۹﴾يَكَادُ الْبَرْقُ يَخْطَفُ أَبْصَارَهُمْ كُلَّمَا أَضَاء لَهُم مَّشَوْاْ فِيهِ وَإِذَا أَظْلَمَ عَلَيْهِمْ قَامُواْ وَلَوْ شَاء اللّهُ لَذَهَبَ بِسَمْعِهِمْ وَأَبْصَارِهِمْ إِنَّ اللَّه عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ ﴿۲۰﴾
"Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлете құйған жаңбырға ұшырап, найзағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді. Алла кәпірлерді толық баураушы.(2:19) Олардың көздерін найзағай жұлып әкете жаздайды. Оларға жарық берген сәтте, олар жарықта жүреді де оларға қараңғы болған заманда, олар тұра қалады. Егер Алла қаласа, олардың есту, көру сезімдерін де жояр еді. Алланың әр нәрсеге күші толық жетуші(2:20)"
Осыдан бұрынғы аяттарда Алла мұнафық адамдарды – жарықтан айрылып, қараңғылықтың ішінде адасып, жолын таба алмай жүрген кісіге ұқсатқан болатын. Мына аяттарда мұнафықтарды тағы басқаша салыстырады. Олар иманды құрметтемесе де, оны айтуға мәжбүр. Сондықтан олардың ішкі дүниесі мен тілі бір-біріне сәйкес келмегендіктен, өмірде дұрыс жолды ажырата алмайды. Олар кейде немқұрайлықпен жүрсе, кейде жарқын келешекті көрмеген соң, тоқтап қалып, қайта қаңғырады. Олардың бұл әрекеті, қараңғы түнде жаңбырдың астында адасып жүрген кісілерге ұқсайды. Олардың жан-жағынан күн күркіреп, найзағай жарқырайды. Найзағай жарқ ете түскен кезде олар жүреді, ал сөніп қараңғы болған кезде қайда барарын білмей, тұрып қалады. Олар үнемі мазасыз.
Әрине бұл аяттар Пайғамбар (с) кезіндегі мұнафықтар жөнінде түсірілген. Өйткені олар Алланың нұры мен Исламның жайылып бара жатқанын көре алмайтын. Бірақ Тәңірдің сөзі оларға найзағай тәрізді болатын. Кез-келген ғасырдағы шыншыл революциялар екіжүзділікке кезіккен. Сондықтан бұл ерекшеліктерге әр замандағы мұнафықтар ие. Мұнафықтар әрдайым мүминдердің қатарына кіріп, олардың иманы арқасында жүргісі келеді. Бірақ олар құдайдың қаһарына ұшырап, қаңғырады. Адам екіжүзділіктің түбі – кәпірлік екенін білуі тиіс. Алла тағала кәпірлерді баурайтынын және олардың зиянға ұшырағанын жеткізді.
Өздеріңіз көргендей, бұл сүре мүминдер, кәпірлер және мұнафықтар үш тобын айқын түрде суреттеді. Мүминдер құдайдың рақымдылығына бөленетінін және Құран оларға тура жол көрсететінін, кәпірлердің жүректеріне надандық құлпы салынғанын және мұнафықтар адасып жүрген аурулар екенін айтты. Ал енді осы аяттардың жалғасында бақыт пен құтқару жолы көрсетіледі. Бұл мүминдер түскен жол. Алла тағала барлық адамдарға арнап – басқалардың құлдығынан құтылу үшін бір Аллаға ғана иман келтіріп, Оған ғана құлшылық етіңдер дейді.
يَا أَيُّهَا النَّاسُ اعْبُدُواْ رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ ﴿۲۱﴾ الَّذِي جَعَلَ لَكُمُ الأَرْضَ فِرَاشًا وَالسَّمَاء بِنَاء وَأَنزَلَ مِنَ السَّمَاءِ مَاءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَرَاتِ رِزْقًا لَّكُمْ فَلاَ تَجْعَلُواْ لِلّهِ أَندَادًا وَأَنتُمْ تَعْلَمُونَ ﴿۲۲﴾
"Әй Адам баласы! Сондай сендерді де сендерден бұрынғыларды да жаратқан Раббыларыңа құлшылық қылыңдар. Әрине сақтанған боларсыңдар.(2:21) Ол сондай Алла, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әр түрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан біле тұра Аллаға шерік қатпаңдар.(2:22)"
Бұл аят барша адамдарға арналғандықтан, Құран белгілі бір топқа немесе нәсілге тиесілі еместігін баяндайды. Құран барлық адамдарды пәктік пен шыншылдыққа жолдап, оларды әлемді жаратқан құдайға шүкірлік етуге шақырады. Бірақ олар құдайдың барлық жаратылыс сырларын білетіндігінен және баршаға дамып, кемелдену үшін бағдарлама құрғанынан хабарсыз. Адамдар осы бағдарламаны ұстанатын болса жамандықтан арылып, пәктік пен жақсылыққа бөленеді. Осы аяттарда тәңірге құлшылық ету керектігі баса айтылған. Еске сала кетейік біздің құлшылығымыз Алланың ұлылығын да арттырмайды, құлшылық етпеуіміз Оның орнын да азайтпайды. Қайта біз адамдар кемелдену үшін құлшылық етіп, әр уақытта бізді тура бағыттайтын жолға түсуге зәруміз. Осы аяттардың жалғасында Алланың түрлі нығметтері айтылғанын көреміз. Бұл нығметтердің әрқайсысы Алланың құдіреті мен ұлылығын көрсетеді. Жер, тау, дала, су мен топырақ осының барлығы адамның тіршілік етуі үшін берілген.
Құдайды танып, Оған ғибадат етудің ең абзал жолы – Оның шексіз нығметтеріне ой салу болып табылады. Сондықтан да Алла құлшылық етуге бұйырған соң, Өзінің шексіз нығметтерін айтады. Ғиззат пен абырой, білім мен даналыққа жетудің ең дұрыс жолы – құдайтану болып табылады.