Бақара сүресі, 27-30 аяты
Бақара сүресі, 27-30 аяты
"Олар (иман келтіріп) серт бергеннен кейін Алланың уәдесін бұзады да, Алланың жалғастырылуын бұйырған нәрсесін (жақындық, бірлікті) бөледі. Сондай-ақ жер жүзінде бұзақылық істейді. Міне солар зиянға ұшыраушылар.(2:27) Аллаға қалайша қарсы келесіңдер? Өлі едіңдер, сендерді тірілтті. Тағы өлтіреді. Соңыра қайта тірілтеді. Сонан соң (қияметте) Оның алдына қайтарыласыңдар.(2:28)"
الَّذِينَ يَنقُضُونَ عَهْدَ اللَّهِ مِن بَعْدِ مِيثَاقِهِ وَيَقْطَعُونَ مَا أَمَرَ اللَّهُ بِهِ أَن يُوصَلَ وَيُفْسِدُونَ فِي الأَرْضِ أُولَئِكَ هُمُ الْخَاسِرُونَ ﴿۲۷﴾ كَيْفَ تَكْفُرُونَ بِاللَّهِ وَكُنتُمْ أَمْوَاتًا فَأَحْيَاكُمْ ثُمَّ يُمِيتُكُمْ ثُمَّ يُحْيِيكُمْ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ ﴿۲۸﴾
Бұзықтар - тура жолдан ауытқып, адасқан адамдар. Бұл аят бұзықтардың ерекшеліктерін баяндайды. Олар ең алдымен адамның бойында табиғи түрде берілген уәделерді бұзады. Адамдар құдаймен – тәухид, құдайды тану және нәпсіге бағынбау секілді түрлі уәделер жасаған болатын. Ал бұзықтар болса осы уәделерді бұзып, ақиқаттан қашады. Олардың өзінің бойныдағы табиғатымен өмірдің дұрыс жолын таңдап, бақытқа жетуіне болады. Сондықтан бұл, Ислам дінінде уәде мен серттің маңызды екендігін көрсетеді. Мүмин адам тіпті кәпірге берген уәдесін де бұзбайды.
Бұзықтардың тағы бір ерекшелігі – олар пайғамбарлар, мүминдер және туған-туыстарымен барлық байланыстарын үзеді. Құранның көптеген аяттары адамдарды жанашырлыққа, достыққа, кедейлерге қарасуға және туыстар мен көршілерге көңіл бөлуге шақырады. Исламдық үммет арасындағы достық пен бауырластық қоғамның күшеюіне себепші болатындықтан, Ислам діні адамдардың өзара байланыстарын сақтауды қуаттайды. Осының арқасында рухани және ахлақтық байланыстар нығайып, Ислам дамып, күшейе түседі. Ол туралы көптеген руаяттар айтылған осындай байланыстың үлгісі – туысқандық байланыс. "Туыстармен байланыс қалаларды абаттандырып, адамның ғұмырын ұзартады",-дейді Ислам Пайғамбары (с).
Құранның насихаттау және жолдау тәсілдерінің бірі – адамды ойға салу үшін оған қисынды сұрақтар қояды. Осы орайда, келесі аятта өлімнен кейінгі өмірге күмән келтірген кәпірлерге жауап қайтара, адамды өзінің және әлемнің жаратылысына ой сал дейді. Өйткені құдайтанудың кіріспесі – өз-өзіңді тану болып табылады. Адам өзіне ой салғанда, ешнәрсе өзінікі емес және барлығы оны жаратқан күшті және дана құдайдан екенін түсінеді. Құдайдың адамға берген ең маңызды нығметі – өмір болып табылады. Адамдар қанша дамыса да өмірдің сырларын толық түсіне алмайды. Адамның өмірі де, өлімі де құдайдан. Сондықтан тіршіліктің бастауы мен соңы Оның қолында тұрған құдайды қалайша жоққа шығарамыз немесе өлімнен кейін адамның қайта тірілетінін қалайша қабылдамаймыз?
"Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші.(2:29) (Мұхаммед ғ.с) сол уақытта Раббың періштелерге: "Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!",-деген еді. (Періштелер): "Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз",-деді. Алла: "Мен сендердің білмегендеріңді жақсы білемін!",-деді (Алла, Адамды топырақтан жаратып оған жан салды). (2:30)"
هُوَ الَّذِي خَلَقَ لَكُم مَّا فِي الأَرْضِ جَمِيعًا ثُمَّ اسْتَوَى إِلَى السَّمَاء فَسَوَّاهُنَّ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ وَهُوَ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ ﴿۲۹﴾وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلاَئِكَةِ إِنِّي جَاعِلٌ فِي الأَرْضِ خَلِيفَةً قَالُواْ أَتَجْعَلُ فِيهَا مَن يُفْسِدُ فِيهَا وَيَسْفِكُ الدِّمَاء وَنَحْنُ نُسَبِّحُ بِحَمْدِكَ وَنُقَدِّسُ لَكَ قَالَ إِنِّي أَعْلَمُ مَا لاَ تَعْلَمُونَ ﴿۳۰﴾
Құран Кәрім белгілі ережелер және жолдаулар арқылы адамды тура жол мен бақытқа жолдайды, сондай-ақ түрлі аяттарда адамға өзінің жоғары дәрежесін танытқысы келеді. Осы аятта, жер мен аспандағы барлық нәрсені Алланың адамдар үшін жаратқанын ескереді. Ол аспанды бірнеше қабат етіп жаратты, мұны қазіргі ғылым да дәлелдеген. Бұл аяттардан, табиғатта ешнәрсе бекер жаратылмағанын және барлығы адам үшін екенін түсінеміз. Бұл мәселеге өзінің жоғары дәрежесінен ғапыл қалып, дүниеқұмар болып кеткен адамдар ой салғаны жөн. Дүние дегеніміз – адамның кемелдікке жетуіндегі дәнекер ғана.
Аяттың жалғасында, адамның осы жоғары мақсаты үшін құдай тарапынан оған осынша нығмет берілгенін баяндайды. Алла тағала адамды жаратқан соң періштелерге оны орынбасар ретінде таңдағанын айтқан кезде, періштелер алаңдайды. Өйткені құдайдың орынбасары кез-келген бұзықтық пен күнәдан таза болып, толық бағынуы тиіс. Періштелердің айтуынша адамның ұрпақтары бұзықтық істеп, қан төгеді. Періштелер құдайға үнемі ғибадат етіп, құлшылық жасағандықтан бұл мәртебеге өздерін лайықты деп санайды. Бірақ Алла оларға жауап қайтарған кезде: "Мен сендердің білмегендеріңді білемін",-деп, адамның орынбасарлыққа лайықтығын көрсетеді.
Адам жер бетінде құдайдың орынбасары дегеніміз – оның барлық құдайшылық кемелдіктерге жете алатын қабілеті бар деген сөз. Мұндай адамдардың мысалы – пайғамбарлар мен имамдар, пәк адамдар мен шәһидтер. Олар өздерінің нәпсілік жағын жеңіп, өздерін және қоғамды ізгілік пен пәктікке жолдаған. Олар Жаратушыға деген зор ықыласымен басқа жаратылғандар соның ішінде періштелер арасында таңдандырарлық толқын орнатты.