Қаң 02, 2017 18:43 Asia/Almaty
  • Бақара сүресі,  31-35 аяты

Бақара сүресі, 31-35 аяты


 

Алла Елшісінің (с) әулетіне жататын хазірет Әли (ғ) былай дейді: "Құранда жүректердің көктемі мен даналықтың бұлақтары бар, сондықтан жүрек одан басқамен жылтырамайды".

"Алла Адам (ғ.с)-ға біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: "айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер",-деді.(2:31) Періштелер:"Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың",-деді. (2:32) (Алла): "Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет",-деді. Сонда (Адам ғ.с) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла : "Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?",-деді. (2:33)"

 

 

وَعَلَّمَ آدَمَ الأَسْمَاء كُلَّهَا ثُمَّ عَرَضَهُمْ عَلَى الْمَلاَئِكَةِ فَقَالَ أَنبِئُونِي بِأَسْمَاء هَؤُلاء إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ ﴿۳۱﴾ قَالُواْ سُبْحَانَكَ لاَ عِلْمَ لَنَا إِلاَّ مَا عَلَّمْتَنَا إِنَّكَ أَنتَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ ﴿۳۲﴾ قَالَ يَا آدَمُ أَنبِئْهُم بِأَسْمَآئِهِمْ فَلَمَّا أَنبَأَهُمْ بِأَسْمَآئِهِمْ قَالَ أَلَمْ أَقُل لَّكُمْ إِنِّي أَعْلَمُ غَيْبَ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ وَأَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا كُنتُمْ تَكْتُمُونَ ﴿۳۳﴾

 

Бұл аяттар Алланың Адамға үйреткен ғылымы туралы айтады. Құран оның қандай ғылым екені туралы сөз қозғамаған, бірақ тәпсір жасаушылардың көбінің пікірінше Алла адамды әу бастан-ақ жаратылыс әлемі және табиғатпен таныстырып, оның атауларын үйреткен. Заттарды тану дарыны бізге сол жаратылған шақта берілген. Есімдер ғылымы – сөздер ғылымы емес, қайта әлем мен жаратылыстың мән-мағынасы мен сырларына байланысты ғылым. Бұл адамға берілген керемет сыйлық. Алла тағала бұл ғылымды адамға, дүниенің материалдық және мағыналық нығметтерін кемелдену мақсатында пайдалану үшін берді. Сонымен қатар нәрселерге ат қойып, қажетті кезде олардың атын атап көрсету үшін есім қою дарынын сыйлады. Осының барлығы зор нығмет. Өткен аяттарда айтылғандай, періштелер құдайға бұлжымай ғибадат еткендіктен, өздерін адамнан артықпыз деп ойлады. Сол үшін олар құдайға наразылық білдіреді. Бұл арада Алла оларды сынап: "Егер шын айтсаңдар, сендерге үйреткен ақиқаттарды Маған айтып беріңдер",-дейді. Сонда періштелер өздерінің қателескенін және Алланың орынбасары жоғары даналыққа ие екенін түсініп, Одан кешірім сұрайды. Олар құдайды бекер істен аулақ деп біледі. Осы аяттың жалғасында, Алла Адамнан өз білімін періштелерге үйретуін сұрайды. Адам өзі үйренген тәлімдерін айтып береді. Осы кезде періштелер Алланың адам баласына үйрену қабілетін сыйлағанын білді. Бірақ періштелерде бұл қабілет жоқ еді. Періштелер де Алланың рұқсатымен, немесе Ол қалаған дәрежеде қабілетке ие бола алады. Алла аса дана, Ол барлық жария мен құпияны жақсы біледі, жаратылыстың ішкі және сыртқы көрінісімен жақсы таныс. Бұл аяттар былай дейді: "Адам баласының алғашқы ұстазы - ұлы Жаратушы. Ол Адамға ақиқатты тану мен түсінуді үйретті. Адам баласының барлық ғылымы - Алланың берген дарынына борыштар. Демек, Жаратушының осындай нығметіне селқос қарауға болады ма? Сондай-ақ орынсыз айтқан сөз үшін кешірім сұрау да жақсы өнегеге жатады. Періштелер бұрыс сөз айтқандықтарын түсінген кезде, өз қателіктерін мойындайды."

"Сол уақытта періштелерге: "Адамға сәжде қылыңдар",-дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды. (2:34) Және де: "Әй Адам! Сен де жұбайың да жәннетте тұрыңдар, ерікті түрде қалағандарыңша жеңдер де, мына ағашқа жоламаңдар. Онда жазықтылардан боласыңдар",-деген едік. (2:35)"

 

 

 

وَإِذْ قُلْنَا لِلْمَلاَئِكَةِ اسْجُدُواْ لآدَمَ فَسَجَدُواْ إِلاَّ إِبْلِيسَ أَبَى وَاسْتَكْبَرَ وَكَانَ مِنَ الْكَافِرِينَ ﴿۳۴﴾ وَقُلْنَا يَا آدَمُ اسْكُنْ أَنتَ وَزَوْجُكَ الْجَنَّةَ وَكُلاَ مِنْهَا رَغَدًا حَيْثُ شِئْتُمَا وَلاَ تَقْرَبَا هَذِهِ الشَّجَرَةَ فَتَكُونَا مِنَ الْظَّالِمِينَ ﴿۳۵﴾

 

Бұл аяттар, Адамның ұлылығы туралы осыдан бұрынғы тақырыпты жалғастыра келе, оның тағы бір кереметіне тоқталып, періштелердің оған сәжде етуін талап етеді. Іблістен басқа барлық періштелер сәжде қылады. Жындар тобына жататын Ібліс Алланың бұл бұйрығынан бас тартып, өзінің негізсіз тәкәппарлығымен жаратылысым адамнан артық сондықтан ол маған сәжде қылуы тиіс деп ойлап, иманнан айрылады. Бұл арада еске салатын жайт, періштелер Адамға құлшылық етіп сәжде жасаған жоқ, қайта олар Алланың бұйрығымен адамның дәрежесін құрметтеу үшін сәжде қылды. Шын мәнінде періштелер Аллаға адам сияқты керемет жанды жаратқаны үшін сәжде қылды.

Бұл аяттардан түсінетініміз:

Адам Жер бетінде өмір сүру үшін жаратылған еді, бірақ Алла оны алдымен пейішке орналастырады. Осылайша адамның тұрмысы жанжағынан толық қамтамасыз етілуі үшін Алла өз нығметтерін соның ішінде азықтүлік, баспана және жұбай берді. Сондай-ақ Алла Адамға бір өсімдікті жемеуге тапсырады, өйткені оны жесе, олардың пейіштен шығуына және көптеген қиыншылықтар көруіне себепші болуы мүмкін еді. Бірақ Адам шайтанның азғыруына алданып, Алланың тапсырмасын бұзады.

Жоғарыда оқылған аяттар, Алланың нұсқаулары адамзатты дұрыс жолға жолдау және оның бақыты үшін екенін көрсетеді. Адам Алланың бұйрығын орындамай азапқа ұшырағанындай, ол әрдайым бұл нұсқауларға мән бермеген кезде, зиян көргендігі мәлім.