Ұлы тұлғаның алдында 52
Ашура оқиғасы жүректерді толқытып, көзді жасқа толтыруымен бірге адамды ойландырады.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Ашура оқиғасы мен имам Хусейн (ғ.с.)-ның қозғалысы туралы: «Хазірет Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ның қиындықтары айтылған күннен бері пайғамбар әулетінің жақтастары үшін руханияттың сарқылмас бұлағы болып, әлі күнге дейін сарқылған жоқ. Келешекте де сарқылмайды. Оның себебі Ашура оқиғасын еске алуда»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның апатын еске алу шексіз әсері мен берекесі бар сарқылмас бұлақ сынды. Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Хусейн (ғ.с.) туралы өлең айтқан, өзі жылаған немесе басқаны жылатқан әрбір адамға жәннәт жазылған. Имам Хусейн (ғ.с.)-ды еске алып, көздері жасқа толған адамның сыйы – Алладан. Оның сыйы – жәннәт»,- деген. Сол себепті уағыз айтушылар мен мадақтаушылардың жұмыстары маңызды әрі көптеген сыйларға ие. Бірақ адамды тек жылату жеткіліксіз. Аятолла Хаменеидің пікірінше, уағыз айтушылар мен мадақтаушылар ұлы оқиғаның сабақтарын баяндауы керек. Ашура оқиғасы жүректерді толқытып, көзді жасқа толтыруымен бірге адамды ойландырады. «Алла елшісінің немересін шақырған халық неліктен өз қонағының алдынан қылыштарын көтеріп, ең сорақы түрде ол хазірет пен перзенттерін, тіпті алты айлық сәбиін өлтіреді, неліктен әйелдер мен қыздарды шынжырлап, қамауға алады?» деген сұрақтар туындап, адамды шындықты білуге жігерлендіреді. Аятолла Хаменеидің пікірінше уағыз айтушылар мен мадақтаушылар имам Хусейн (ғ.с.)-ның аза рәсімдерінде шындықты айтуы керек.Уақытты дұрыс танымай, шындыққа қарай бет алмау имам Хусейн (ғ.с.)-ның кезінде орын алмаған іс-әрекет болды. Куфе халқы имамға бият етіп, хазіретті шақырған соң байлық пен билікке жету үшін өз замандарының ең жақсы адамына, имамы мен басшысына қарсы тұрып, Исламның ұлық пайғамбарының немересін өлтірді. Бұл мәселе аза рәсімдерінде айтылуы керек, өйткені кез келген заманда байлық пен билікке жету туралы армандарды кездестіруге болады. Имам Хусейн (ғ.с.) халықтың беделі мен намысын және Исламның жоғары дәрежесін қорғау үшін жаны мен мүлкін, перзенттерін қиып, Язидтің үстемдігі мен қорлығын қабылдамады. Ол ғиззатпен өлуді қорлықта өмір сүруден артық санады. Бұл ғибратқа толы оқиғаны баяндау исламдық жоғары тағылымдарды мәңгілік етеді.
Аятолла Хаменеи: «Ашура – ғибрат сахнасы. Адам бұл сахнаға қарап, сабақ алуы керек. Ғибрат алу деген не? Ғибрат алу деген – өзін жағдаймен салыстырып, оны не алаңдатты және ол үшін не нәрсенің қажет екенін түсінуге талпыну. Бұл сабақтың басқа түрі. Күндерін мешітте Құран оқып өткізген қоғам мен мемлекет пен қалалардың мұндай жағдайға жетіп, исламнан соншалықты алыстап, Язид сындылардың үкімет басына келуіне не себеп болды? Имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) сынды теңдессіз тұлға жанкештіліктен басқа жолды көрмеді. Бұл жанкештілік тарихтың теңдессіз оқиғасы. Мұндай кезеңге жетуге не себеп болды? Бұл – ғибрат»,- деді. Аятолла Хаменеидің пікірінше, Ашураның ғибраттары жиындарда айтылуы керек. Оның көзқарасынша ғибрат алу, яғни өзіңді жағдаймен салыстырып, қазіргі кезеңде өз міндетін анытау қажет. Иран Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аза рәсімдерінде уағыз айтушылар мен пайғамбар әулетін мадақтаушыларына ғибраттарды дәл осы салада бағалап: «Ашураға қатысты маңызды үш тақырыпқа көңіл бөлу керек: имам Хусейн (ғ.с.)-ның көтерілісінің себептері мен мақсаттары; Ашура сабақтары; Ашура сабақтары – шешім жолын көрсететін сабақтар. Аятолла Хаменеи сұрақтарымен адамдардың ойларын Ашураның ғибратына қарай бұрып: «Ашура оқиғасы – исламның бастапқы кезіндегі маңызды оқиға. Ислам халқы неліктен пайғамбардың өлімінен 50 жылдан кейін исламдық елдер дәл осы мұсылман халық Куфе мен Кербалада жиналып, пайғамбардың (с.ғ.с.) сүйікті немересін жабайы түрде өлтірді деп ойланады. Әрбір адам неліктен бұл оқиға орын алды деген ойға түседі. Мен жағдай неліктен осындай жерге жетті, неліктен исламдық ахкамның егжей-тегжейі мен Құран аяттарына ұқыпты қарайтын ислам үмбеті қалайша немқұрайдылық білдіріп, бұл апаттың орын алуына мүмкіндік білдірді деймін» деді. Ашура ғибраттарындағы қоғамның дамуына қарсылық білдіру мәселесіне тоқталуға болады. Бұрмалану туралы сөздер беғсаттың мақсатын өзгертті. Бұрынғы діндер мен пайғамбарлардың тағдыры туралы сөздер олардың кітаптарын өзгертіп, олардың діндерін маңызды емес көрсетіп, набаваттың дұшпандары өз мақсаттарына жетті. Құран Кәрім бұл үлкен қатер туралы еске салып: «Мұхаммад (с.ғ.с.) – Алланың елшісі. Одан бұрын да пайғамбарлар болған. Егер ол дүниеден озса немесе шәһид болса, сендер кейінгі надандыққа ораласыңдар ма? Жолынан тайған адам Аллаға зардап келтірмейді. Алла Тағала шүкір айтушыларға жақсы сый береді»,- дейді. Ашураның ғибраттарын баяндау шын мәнінде құндылықтардың ұмытылуын еске салу. Олар барлық нәрсені өз мүдделеріне сай пайдаланып, революцияның адал перзенттерін шындыққа қарсы қойып, оларды тіпті имам Хусейн (ғ.с.)-ді өлтіруге дейін жеткізді. Ислам революциясының жетекшісі: «Ғибрат қайда? Ғибрат – қоғам мұндай болмау үшін не істеуіміз керек деген сұраққа жауап беру. Біз қоғамның мұндай жағдайға жетуіне не себеп болғанын түсінуіміз керек»,- деді. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша имам Хусейн (ғ.с.)-ға арналған аза жиындарында исламның ұлық пайғамбары дүниеден озғаннан кейінгі исламдық қоғамды бірте-бірте әлсірету мақсатын көздеген оқиғалар туралы айту қажет. Яғни, шындықтың жақтастары болған басшылар бұл дүниенің басымдылықтарына ие болып, дүние мен билікқұмарлыққа бөленіп, хабарсыз сенгіштерді өздерінің жақтастарына айналдырды. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Бір қоғамның шындықтың жақтастары дүниелерін маңызды санап, байлығы мен мансабынан айрылудан және оқшауланып, жалғыз қалудан қорқып, жалғандықтың билігін қабылдап, жалғандыққа қарсы тұрмайды, шындықты қолдамайды. Сондықтан жандарын қатерге тіремейді. Мұндай жағдай орын алған кезде имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуымен басталып, соңы ислам әлеміндегі сұлтандардың әулетінен бүгінге дейін жетеді»,- деді. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның аза рәсімдерінде жиналған адамарды бұл мәселеге назар аударту өте маңызды. Қоғамның бұрмалануы кішкентай, бірақ әсерлі ерекше топтың бұрмалануы мен құлдырауына байланысты. Бұл қоғам үшін шынайы қатер саналады. Иран Ислам революциясының жетекшісі ерекше адамды таныстырып: «Ерекше адам ойланып, түсініп және хабардар түрде шешім қабылдап, әрекет етеді. Бірақ, көпшілік қай жолдың, қай әрекеттің дұрыс екені туралы зерттеп, ойлануды мақсат етпейді»,- деді. Көпшіліктің жеке адамның ерекшеліктерінің ықпалына түсуі бұл адамның жауапкершілігін арттырады. Діни жетекшінің көзқарасы бойынша жеке адамның көпшіліктен айырмашылығы қырағылықта. Сондықтан имам Хусейн (ғ.с.)-ға арналған аза рәсімдерінде қырағылық білдіріп, тыңдарманның сараптау күшін арттыруы керек.