Ұлы тұлғаның алдында 53
Жыл сайын имам Хусейн (ғ.с.) ғашықтарының жүректері оның қасиетті қабіріне зиярат жасауға асығып, жылдан жылға зияратшылардың саны артуда. Имамның ғашықтары арбағин күні әлем шаһидтеріне қосылу үшін Кербалаға аттанады.
Сафар айының жиырмасыншы жұлдызы, яғни имам Хусейн (ғ.с.)-ның «арбағині» имам Хусейн (ғ.с.) әулеті мен тұтқындар керуені Шамнан Мединеге келген күн. Бұл күні ащы оқиғалар орын алып, имам мен серіктері шәһид болған соң имам Хусейн (ғ.с.)-ның бірінші зияратшылары пәк имамның қабірінің басына жиналып, имам мен оның серіктерін аза тұтты. Сол күні аза тұтқандардың арасында Джабер Абдола Ансари мен имам Әли (ғ.с.)-ның серіктерінің бірі Атие бен Саад Ауфи болды. Джабер бен Ансари – Исламның алғашқы кезеңіндегі пайғамбардың сахабаларының бірі. Ол имам Хусейн (ғ.с.) дүниеге келместен бұрын пайғамбардың қасында болып, жиһадқа шыққан. Ол имам Хусейн (ғ.с.)-ның дүниеге келгенін, хазіреттің балалық шағы мен өсіп, тәрбие алуын өз көзімен көрген. Джабер бен Абдолла сан рет пайғамбардың Хусейн бен Әли (ғ.с.)-ды құшақтап, көзі мен бетінен сүйіп, өз қолымен ауызына тамақ салып, оған су бергенін көрген және өз құлағымен пайғамбардың имам Хасан мен имам Хусейнді «жәннәт жастарының басшысы» деп атағанын естіген болатын. Ол пайғамбар дүниеден озғаннан кейінгі кезеңдегі имам Хусейн (ғ.с.)-ның өмірін көрген. Енді Хусейн бен Әли (ғ.с.) шәһид болды. Дұшпан пайғамбардың шөлдеген сүйікті немересіне бір тамшы су бермей өлтірді. Араларында хазірет Зейнаб пен имам Саджад (ғ.с.), Джабер бен Абдолла мен Атие бар пайғамбар әулетінің керуені арбағин күні имам Хусейн (ғ.с.) қабірінің басына зиярат жасауға келген бірінші зияратшылар болды. Осыған орай «зиярате арбағин» имам Хусейн (ғ.с.) ғашықтарының сүннетіне айналды. Жыл сайын имам Хусейн (ғ.с.) ғашықтарының жүректері оның қасиетті қабіріне зиярат жасауға асығып, жылдан жылға зияратшылардың саны артуда. Имамның ғашықтары арбағин күні әлем шаһидтеріне қосылу үшін Кербалаға аттанады. Ашураның бірінші бүршіктері сол күні жарғандықтан арбағин маңызды саналады. Ғасырлар бойы имам Хусейн (ғ.с.)-ға деген махаббатты білдіріп, орын алып отырған зиярат арбағин күні басталған болған. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның магниттік толқыны бірінші жүректерді өзіне қарай арбағин күні тартқан болатын. Джабер бен Абдолла мен Атиенің арбағин күні имам Хусейн (ғ.с.)-ға зиярат етуге барғаны ғасырлар бойы жалғасып, бүгінге дейін жеткен берекеге толы қозғалыстың басталуы мен әлем бойында Ашураның ұмытылмауына себеп болды. Аятолла Хаменеи арбағин күні мен имам Хусейн (ғ.с.)-ның халықты тартатын магниттік толқыны туралы: «Имам Хусейн (ғ.с.)-ның магниттік әсері арбағин күні басталды. Ол Джабер бен Абдолланы Мединеден шығарып, Кербалаға қарай тартты. Бұл – көптеген ғасырлардан өтіп, бүгін мені мен сіздердің жүректеріңізге жеткен тартымдылық. Пайғамбар әулетіне ғашықтар әрқашан жүректерінде Кербаланы ұмытпайды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның өзі мен хазіреттің қабіріне деген сүйіспеншілік осы күннен басталды»,- деген болатын. Аятолла Хаменеи имам Хусейн (ғ.с.) арбағинінің маңызды тұрғыларының бірі ретінде шәһидтік философиясын жандандыру және имам Хусейн (ғ.с.)-ның зұлымдыққа қарсы қозғалысын жалғастыру деп атап, оның негізгі сабағын дұшпанның үгіт-насихаттарына қайшы шәһадат естелігін есте сақтау деп таныстырып: «Расында арбағиннің маңыздылығы сол күні пайғамбар әулетінің илаһи қалаумен мәңгілікке қалды. Егер шәһидтердің отбасылары мен жақындары Ашура күнгі имам Хусейн (ғ.с.)-ның шәһид болуы сынды әртүрлі оқиғаларды сақтап қалмаса келешек ұрпақ шәһид болудың жетістіктерін пайдалана алмайды. Расында, Ұлы Алла шәһидтерді осы дүниеде де мәңгі етіп, шәһид еш уақытта халықтың есінен шықпайды. Бұл біздің ықтиярымызда. Біз дұрыс әрі дер уақытында шешім қабылдап, шәһидтер мен шәһид болу философиясын жандандырып, ұмытылмайтындай сақтап қала аламыз. Егер хазірет Зейнаб пен имам Саджад (ғ.с.) тұтқында, Кербала даласында болсын, Ашура күндері немесе одан кейінгі Шам мен Куфе жолында болсын, Шамның өзінде, Кербала зияратында, Мединенің жолы мен көп жылдары жиһад етіп, дұшпанның мақсатын әшкерелемегенде, Ашура оқиғасы бүгінге дейін ұмытылатын еді»,- деп мәлімдеді.
Мұсылмандардың маңызды міндеттерінің бірі дұшпан мен үстемшіл үкіметтердің теріс үгіттерін әшкерелеу және шындықты айту болып табылады. Бұл сабақты біз арбағиннен аламыз. Егер дұшпанның үгіт-насихаттарына қарсы шындықтың үгіт-насихаты болмаса, дұшпан бұл салада жеңіске жетеді. Үгіт-насихат майданы өте маңызды әрі қатерлі майдан. Иран ислам революциясының жетекшісі залық үкіметтердің қысымдары және олардың теріс үгіт-насихаттарына қарсы табандылық білдіру қажеттігін қуаттап, хазірет Зейнаб пен имам Саджад (ғ.с.)-ның үгіт-насихаттары мен әшкерелеу әрекеттеріне тоқталып: «Имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерінің жиһады кедергілермен кезіккен мөлшердей хазірет Зейнаб пен имам Саджад (ғ.с.) мен басқа тұлғалардың жиһады да қиын болды. Оның сахналары әскери сахналар емес, үгіт-насихат және мәдениет сахналары болды. Язидтің залым органы өз үгіт-насихаттарымен имам Хусейн (ғ.с.)-ды айыптап, имамды әділет пен ислам үкіметіне қарсы шыққан және дүние үшін көтерілген адам деп көрсетуге тырысты. Кейбіреулер бұл өтірік үгіт-насихатқа сенді. Кейін имам Хусейн (ғ.с.) Кербала даласында шәһид болған соң, имамды өлтіруді жеңіс деп уәжденді. Алайда имамат органы дұрыс насихатымен бұл уәждердің барлығын өзгертті. Шындық деген осы. Расында біздік қолымызда сионистердің ықтиярында бар әлемнің күшті микрофоны жоқ. Біздің қолымызда оларда бар үлкен ақпарат құралдары мен насихат арналары жоқ. Біз көптеген шектеулермен бетпе-бет келіп отырмыз. Бірақ біздің шындықты айтуымыз сөзіміздің әлем халықтары мен ұйымдарына әсер етуіне себеп болды»,- деді.Аятолла Хаменеи арбағинді дүниежүзі халықтарын таңырқатқан мұсылмандардың үлкен конгресі және бірліктің бірілігі деп атап: «Қазіргі таңда ислам дүниесі үшін басты мәселе – бірлік. Біз мұсылмандар бір-бірімізден алыстадық. Бұл саладағы саясаттар өкінішке орай, мұсылмандарды бір-бірінен ажыратты. Бүгін бірлікті қажет етіп отырмыз. Егер дүниежүзі халықтары санының қомақты бөлімін құрайтын барлық аймақтардағы ислам елдеріедегі халықтардың жалпы ұстанымдары бір-біріне жақын болса, ислам дүниесі даму мен шеберлік шыңына жетеді. Яғни, жалпы мәселелер бойынша бір-бірінің қасынан табылып, бір-біріне әсер ете алады»,- деген. Хазірет мұсылмандардың діни және қоғамдық рәсімдерге қатысуы туралы: «Адамдардың намазда бір-бірінің қасында тұруы Исламның ұлық пайғамбары үшін мақтан тұтарлық, ислам үмбеті үшін ғиззат пен құрметтің факторы болды. Қажылық кезінде де халық осылай жаппай жиналады. Имам Хусейн (ғ.с.)-нің арбағинінде адамдар шиіт пен сүннит болып бөлінбей, бірге жиналады. Бұл ең үлкен жиын болып саналады. Кімдер жиналады? Ислам мәселелерін зерттейтіндер. Көрдіңдер ме қандай үлкен оқиға орын алды!? Егер біз бірге болсақ, егер ислам елдері сүннит пен шиітке бөлінбей, бір-біріне тіл тигізбесе, Исламның ғиззатқа ие болатынын көреміз. Бірлік, бірлік»,- деп баса айтты. Соңында аятолла Хаменеи мұсылмандар бірлігіне іріткі салушыларды исламның дұшпандарының тыңшылық орталығы деп таныстырып: «Бүгінде сүнниттер мен шиіттердің арасында оларды бір-бірінен ажыратуды мақсат ететін органдар жұмыс жасайды. Бұл органдардың барлығын тексерсе, олардың Иранның немесе тек шиіттердің дұшпандары ғана емес, ислам дұшпандарының тыңшылық орталықтарымен байланысты екендігі ашылады. Ұлыбританияның МІ 6 органымен қарым-қатынас орнататын шиіттер мен АҚШ жалдамалыларын қолдайтын сүнниттер исламға қарсы»,- деді.