Қаң 05, 2017 17:52 Asia/Almaty

Қасас сүресінің 9-13 аяттарының тәпсірі

«Қасас»сүресінің 9 аяты:

 «وَقَالَتِ امْرَ‌أَتُ فِرْ‌عَوْنَ قُرَّ‌تُ عَیْنٍ لِّی وَلَکَ لَا تَقْتُلُوهُ عَسَى أَن یَنفَعَنَا أَوْ نَتَّخِذَهُ وَلَدًا وَهُمْ لَا یَشْعُرُ‌ونَ»

Перғауынның әйелі: "Менің де, сенің де көз қарашығымыз, оны өлтірмеңдер! Бәлкім бізге пайдасы тиер немесе бала қып аламыз" деді. Өйткені олар сезбеді (9).

Алдыңғы бағдарламада Перғауын мен зайыбының Ніл өзенінің жағасында орналасқан сарайдың жанында отырған кезде кенет көздерінің су бетінде жүзіп бара жатқан сандықшаға түскенін айттық. Сол кезде Перғауын сандықшаны судан шығаруға бұйырды. Оны ашқан кезде ішінен нәресте шықты.

Перғауынның бұйрығы бойынша Исраил ұрпағынан болған бұл нәрестені өлтіру керек болған. Сол себепті сарбаздар осы істі орындамақ болған кезде Перғауынның зайыбы Асия Перғауынға бет бұрып,: «Бұл сәбиді не себепті өлтірмексіз? Бұл бала біздің отбасымыздың берекесі мен ұйытқысы болады. Оны көрген сайын біз қуанышқа бөленетін боламыз. Біздің ұлымыз жоқ қой. Біз оны бала ғып асырап алып, болашақта сенің тәжің мен тағыңның және патшалығыңның мұрагері болуы үшін өзіміздің баламыздай тәрбиелейміз» деді.

Перғауынның зайыбының сезім мен толқынысқа толы сөздері Перғауынның сәбиді өлтіру керек деген райынан қайтуына себеп болды. Ол сәбиді сарайда ұстауға бұйырды. Шын мәнінде олар Құдайдың тағдырға жазғанынан хабарсыз болды. Құдай Перғауынның өзі дұшпандарының өмірлерін сақтаушы болып, Исраил ұрпағының жаңадан дүниеге келген сәбилерін өлтіру туралы барлық қастандықтарын өзі залалсыздандыратындай етті.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Әйел бір үмбеттің тарихының бағыты мен тағдырын өзгерте алады. Перғауынның әйелі Мұсаны өлтіруге тосқауыл қойып, Исраил қауымын перғауындықтардың шеңгелінен құтқарып, тарихтың бағытын өзгертті.

2.Жүректер Алланың қолында. Егер ол қаласа, ең қатты деген жүректерді жібіте алады. Қара жүрек Перғауынның жүрегі Исраил қауымының басқа да сәбилері сынды оны да өлтіруге өзі үкім шығарған адамға қатысты жібіп, оны өлтірмеуге кепілдік берді.

 

«Қасас» сүресінің 10-11 аяттары:

 «وَأَصْبَحَ فُؤَادُ أُمِّ مُوسَى فَارِ‌غًا إِن کَادَتْ لَتُبْدِی بِهِ لَوْلَا أَن رَّ‌بَطْنَا عَلَى قَلْبِهَا لِتَکُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِینَ»، «وَقَالَتْ لِأُخْتِهِ قُصِّیهِ فَبَصُرَ‌تْ بِهِ عَن جُنُبٍ وَهُمْ لَا یَشْعُرُ‌ونَ»

Мұсаның анасы бос ойларға батып, таң атырды. Егер жүрегін сенушілерден болуға бекемдемесек, оны білдіріп ала жаздады. (10) Анасы Мұсаның апасына: "Оның соңына түс" деді. Ол олар сезбеген жақтан оны көздеді. (11)

Мұсаның анасы сәбиін Ніл өзенінің толқындарына тапсырған соң жүрегі өрекпіп, ұлына алаңдап, орнында байыз тауып отыра алмады. Өзі жолға шығып, сандықшаны судан алып шығуға шақ қалды. Бірақ сәбиін сандыққа салып, толқындарға тапсыруды бұйырған Құдай перзентін өзіне қайтарамын деген Алланың уәдесіне сенімді болуы үшін оның жүрегін тыныштандырып, сабырға келтірді. Сол себепті жұрттың көзіне түсіп қалатындай әрекет етудің орнына Мұсаның апасын сандықты алыстан бақылап, сандықшаның қай жерге дейін баратынын, қандай оқиғаға ұшырайтынын, біреу оны судан шығарып ала ма екен, жоқ әлде өзінің жолын жалғастырып, жүзіп кете бара ма екен, соны көруге жұмсады.

Мұсаның апасы да өзіне жүктелген тапсырманы жақсы орындап, алыстан үкіметтің адамдарына білдіртпей, сандықшаны көзден таса етпеді. Баланы сандықтан шығарған кезде де нөкерлер оны көрмеді, әйтпегенде сандықшаның соңынан жолға түскен оны мен нәрестенің арасында бір байланыстың барын түсініп қойған болар еді. 

Осы аяттардан үйренетіміз:

1.Құпияны сақтай білу – иман адамдарының ерекшеліктерінің бірі. Сырды жария ету – әсіресе күрескерлердің көзін құртуды көздеп, олардың сырларын білуді мақсат ететін діннің дұшпандарының алдында иманның осалдығының белгісі. 

2. Көңілдің жайлығы мен жүректің сенімділігі және  тыныштығы – Құдайға деген иман мен оның уәделеріне деген сенімнің нәтижелері.

3.Құдайға тәуекел ету – іске қатысты қол қусырып қарап отырып, немқұрайдылық таныту деген сөз емес. Мұсаның анасы Құдайға тәукел етуімен бірге қызын жағдайды бақылауда ұстауға жіберді. 

«Қасас» сүресінің 12-13 аяттары:

 «وَحَرَّ‌مْنَا عَلَیْهِ الْمَرَ‌اضِعَ مِن قَبْلُ فَقَالَتْ هَلْ أَدُلُّکُمْ عَلَى أَهْلِ بَیْتٍ یَکْفُلُونَهُ لَکُمْ وَهُمْ لَهُ نَاصِحُونَ»، «فَرَ‌دَدْنَاهُ إِلَى أُمِّهِ کَیْ تَقَرَّ‌ عَیْنُهَا وَلَا تَحْزَنَ وَلِتَعْلَمَ أَنَّ وَعْدَ اللَّـهِ حَقٌّ وَلَـکِنَّ أَکْثَرَ‌هُمْ لَا یَعْلَمُونَ»

Бұрын емізушілерді оған арам еттік. (Бала бөтен омырауды ембей қойды.) Сонда оның әпкесі оларға: "Сендерге, оны сендер үшін бағатын, оған қамқор бір үйдің ішін көрсетейін бе?",-деді. (12) Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, күйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді. (13)

Анасынан бірнеше сағатқа ажырап қалған нәрестенің ашығып, шөлдеп, жылап, мазасызданатындығы белгілі. Перғауын нәрестеге сүтана табуға бұйырды. Бірақ Құдайдың қалауымен аш сәби ешбір әйелдің омырауын алмады. Қызметшілер әбден діңкелері құрып, мазасы кеткен сәбиге не істерлерін білмеді. Сол кезде Мұсаның апасы перғауындықтар күдіктеніп қалмас үшін ештеңе айтпастан, анасын сүтана ретінде таныстырып, оның өте мейірімді екендігін, бұл сәбиге үйінде жақсы қарайтынын айтты. Қызметшілер сәбиді өзінің анасының жылы құшағына тапсырып жатқандарын білместен, амалсыздан бұл ұсынысты қабылдады. Сәби тынышталып, қызметшілер де өздерінің істерін орындағандары үшін қуанып кетті.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Дұшпанның алдында зерек болу керек. Ол түсініп қоймастан бұрын өзіңнің жоспарыңды ілгерілеткен жөн. Мұсаның апасы анасының атын атамастан, оны бейтаныс адам ретінде таныстырды.

2. Алланың осы дүние мен ақыреттегі уәделеріне сенейік. Құдайдың істерін материалды шектеулі критерийлермен өлшемейік.

3. Перзент – анасының рухы мен жанының тыныштығының мәйегі. Перзент сүюден қашатын аналар перзенттерінің болмауын олардың тыныштықтарының себебі деп ойлайлы. Шын мәнінде олар өздерін бала сүюдің ләззатынан мақұрым етеді.