Қаң 08, 2017 21:19 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 102

Кек адамның болмысында қызғаныш, ашу және осыларға ұқсас жағымсыз сипаттарды тудыратын ахлақсыздықтың бір түрі.

Құран Кәрім «Хашр» сүресінің 10-шы аятының бір бөлімінде: «Раббымыз! .....сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма....»,- деген. Кек  адамның болмысында қызғаныш, ашу және осыларға ұқсас жағымсыз сипаттарды тудыратын ахлақсыздықтың бір түрі. Бұл жағымсыз сипат адамның физикалық және рухани тұрғысына әсерін тигізіп, адамды бірқалыптылықтан шығарады. Өйткені кекшіл адам ұстамдылық білдірудің орнына әр нәрсеге эмоциялары мен раекцияларын білдіріп, ақылдан айырып, өз іс-қимылдарын бақылаудан қалады. Құраннан «ғел»-«кек» деген сөзді сан рет кездестіруге болады. Бұл адамның жаман әрі жағымсыз сипаты ретінде аталған. Кек, реніш, ішкі жиіркеніш пен ызаны адамның жүрегінен шығару мүмкін емес, керісінше бұлардың барлығы кек алу үшін қордалана береді. Жиіркеніш пен ішкі реніш  көбінесе дұшпанмен қарсыласу мүмкіндігінің болмауы немесе қызғаныштың салдарынан пайда болып, біраз уақытқа дейін адамның жүрегінен кетпейді. Сондықтан кек ыза мен қызғаныштың салдары болып табылады. Имам Әли (ғ.с.) кектің тамырын қызғанышта деп атап: «Кекшілдік – қызғаныш пен қара ниеттің туындысы»,- деген. Сондай-ақ келесі бір сөзінде кекшілдіктің ерекшеліктеріне сілтеме жасап: «Кекшіл адам тез ашуланады әрі кек оның жүрегінен тез кете қоймайды»,- деді. («Бихар әл-Анвар», 73-ші том). Ол сонымен бірге қызғаншақ адамдардан алыстауды насихаттайды. Өйткені, кекшілдік – кеш емделетін және адамға көптеген зиян келтіретін жұқпалы ауру. Кекшілдік адамның ойын ластап, оған жақсылық жасауға немесе басқалардың жақсы жұмыстарын қабылдауға рұқсат етпейді. Сондықтан адам  кектенген адамының жақсылықтарына жиіркеніш білдіріп, оның жақсылықтарына жаман қарайтын болады. Негізінде кекшілдік қызғаныш сынды басқаға зардап келтіруден бұрын адамның өзіне зиян келтіреді, тіпті оның жақсылықтарын қаралайды. Имам Әли (ғ.с.) кекшілдікті адамның жақсылықтарын құртушы деп санап, кекшіл адамға  кектің жақсылықтарды жоятындығы туралы ескерту жасады. Кекшілдіктің келесі салдарларының біріне басқаларға күдік-күмән мен сенімсіздік білдіру жатады. Алла елшісінен айтылған рауаяттардың бірінен: «Мүмін бауырларыңа білдірген күдік-күмәндеріңді жақсылыққа айналдырыңдар. Өйткені адамдардың кекшілдігінің көбіне сенімсіздік себеп болады. Өз сенімсіздігін ақниеттілікке айналдыра алатын адам кектен айырылып, оның жүрегінде тыныштық орнатылады. Мұндай жағдайда жақсылықтан басқа еш нәрсе көрмейді»,- деп оқимыз. Кек пен дұшпандыққа себеп болатын келесі факторларға орынсыз әзіл-қалжың жатады. Алла елшісі рауаяттарының бірінде: «Өз бауырыңмен қайшылыққа барма және қалжыңдама. Өйткені мұның екеуі де дұшпандық пен кекке тірейді»,- деген. Негізсіз әрі шексіз әзіл-қалжың достардың бір-бірінен алыстауы мен кекке себеп болады. Имам Әли (ғ.с.): «Әзіл-қалжыңнан алыста, өйткені жамандық пен кекке себеп болуы мүмкін. Кейбір әзілдер кішігірім дұшпандықтың бір  түрі саналады»,- деп айтқан  болатын. («Усул Кафи», 2-ші том). Адамның жүрегінде кек тұрған кезде ол қайғылы болады. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) бұл туралы: «Ең тынышсыз адам жүрегінде кегі бар адам»,- деп айтқан болатын. Сондықтан қиындықтарды шешу үшін жүректегі кектен айрылған жөн. Шын мәнінде, егер адам өзі қалаған нәрсені басқаларға да қалап, өз жақтырмаған нәрсені басқаға ұсынбаса кектен аман қалады. Имам Әли (ғ.с.) да: «Басқалардың кеудесіндегі жамандықтарды тамырымен жою үшін өз кеудеңдегі жамандықтарды тамырымен отау керек»,- деген. («Наһдж ул-Балағе», 178-ші хикмет). Құранда жәннәтқа түсетін пайғамбарлар мен мұсылмандар кекшілдіктен алыс адамдар деп айтылған. Исламның ұлық пайғамбарының айтуынша, «мүмін кекшіл емес». Имам Садық (ғ.с.) да «мүмін жүрегінде кекке орын бермейді, егер ренжісе, онысы қысқа уақытқа ғана созылады. Мүміннің кегі отырған кезде ғана. Ол орнынан көтерілісімен жүрегіндегі кегі де кетеді»,- деген.