Қаң 12, 2017 15:52 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (93)

Түркіменстанның газын Иранға сату келісімінің жүзеге асырылуындағы алауыздықтар осы аптада ақпарат агенттіктерінің бастапқы беттерінен орын алған басты хабарлардың бірі болды. Экономикалық журналымыздың басында осы келіспеушіліктердің себептеріне тоқталамыз.

Иран мен Түркіменстан арасындағы газ мәселесіндегі келіпеушіліктердің тамыры тереңге кетеді. Бұл мәселе 2007 жылдың қыс мезгілі Иранның жиырма облысын аяз бен боран газ қысымының азаюына себеп болған кезде басталған. Дәл сол жылы Түркіменстан өзінің экспорттық газының бағасын 9 есе қыбаттатып, 40 доллардан 360 долларға арттырды. Бұл мәселе 2008 жылы тағы қайталанды. Әлемдік нарықтарда газ бағасы арзандап жатқан кезде бұл елдің Иранға экспорттайтын газы да арзандау керек болатын.

Иран мен Түркіменстан арасындағы газ мәмілелері жиырма жыл бұрын басталды. Иранның Мұнай министрлігі елдің солтүстік-шығысындағы аймақтарды газбен қамтамасыз ету үшін Түркіменстанмен 30 жылдық келісімге қол қойған. Алайда сол кезден бастап осы уақытқа дейін аталмыш келісімді жүзеге асыру жолында көптеген қиыншылықтар туындады. Түркіменстаннан Иранға газ эксопрттау туралы келісімге қол қойылғанына 19 жыл болды. Осы уақыт аралығында бұл ел газ бағасын арттыру сылтауымен көп рет, әсіресе қыс мезгілінде Иранға газ жөнелтуді тоқтату туралы қоқан-лоққы жасап, кейбір кездері бұл қоқан-лоққысын жүзеге асырып отырды. Түркіменстан екі ел арасында газ мәселесі бойынша текетірес пайда болмас бұрын Иранның солтүстік аймақтарына күніне 42 миллион метр куб газжөнелтіп отырды. Бірақ келіспеушіліктер пайда болғаннан кейін ақырында газдың мөлшері күніне 4 миллион метр кубке дейін азайды.

Дегенмен газды сату және сатып алу келісімдері ұзақ мерзімді келісім болып табылады. Екі тарап арасында келіпеушіліктер пайда болған жағдайда тек екі жақ келіскен сотқа жүгіну арқылы шешуге болады. Сатып алушының қажеттілігі шарықтап тұрған кезде сатушының қисынсыз және заңсыз шарттар қоюы дұрыс емес.

«Экономика әлемі» газеті осы мәселе туралы бір сараптамасында былай деп жазды: «Биылғы жылдың қыс мезгілі қарсаңында Түркіменстанның елге жіберілетін газды тоқтату қоқан-лоққысы тағы да қайталанды. Шән мәнінде, солтүстіктегі осы көршілес ел өзінің Иранмен дау-жанжалын үдетіп, өткен он жылда газды сатып алуда төленбеген ақшаны өндіртіп алу үшін халықаралық сот органдарынан көмек сұраудың орнына газ жөнелтуді тоқтатуды тағы да өз мақсатына жетудің құралы ретінде пайдаланып отыр.

Газ импорты мәселесіне қатысты Түркіменстан Ирандағы бұрынғы үкіметтің осы елге қарызын төлеуден бас тартқаны туралы уәж айтып, қазір осы соманы, яғни 1,8 миллиард долларды толығымен бір уақытта төлеуді талап етіп отыр. Бұл 11-ші үкімет билік басына келгеннен бері сатып алынған газдың ақшасы толығымен төленген жағдайда орын алуда».

Иранның кейбір басылымдарында жазылғандай, қазіргі кезде Иран Түркіменстаннан газ сатып алып отырған жалғыз ел саналып, географиялық тұрғыдан Түркия, Әзірбайжан мен Арменияға газ жөнелту алаңында стратегиялық рөлге ие болғандықтан, Түркіменстан мұндай  қадам жасау үшін салмақтырақ сылтау табуы керек.

Бұл шешім Түркіменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов жұма  күні Иранмен жаңа газ келісіміне қол қойғаннан кейін бұл елдің Иранға газ экспорты жалғасқан жағдайда жүзеге асырылып отыр.

Иранның Түркіменстанның газына деген қажеттілігі қазір ең төменгі деңгейге жетті. Қазір Иран бұл елден газ импорттауды аса қажет етпейді. Иран желілердің құрылысын аяқтап, газ жөнелте бастағаннан кейін қысымның төмендеуіне еш алаңдамастан елдің солтүстігі мен солтүстік-шығыс аймақтарын газбен өзі қамтамасыз ете алады.

Қазіргі кезде Иранның газ өндіру деңгейі күніне 700 миллион метр куб мөлшерінен асты. Оңтүстік Парс алаңының қалған фазалары жетілдірілгеннен кейін газ өндірісінің деңгейі күніне 1 миллиард метр кубқа жететін болады. Иран өткен 20 жыл ішінде Түркіменстанның газын сатып алушы ең басты ел болды. Түркіменстанның Иранға газ экспорттау желісінің қысқа болуына байланысты бұл елдің газын Иранға сату ең аз шығынды қажет етеді. Алайда Түркіменстан газын сатып алушы басқа елдер Иран сынды басымдылықтарға ие емес. Түркіменстан газын кейінірек сатып ала бастаған  Қытай, Еуропа мен Пәкістан елдеріне газ экспортыбірнеше мың километрлік газ жөнелту құбырларын қажет ететіндіктен көп қаржы жұмсалады. Халықаралық сауда мәмілелері мен қарым-қатынасжасап отырған барлық елдерден бір-бірін жақсы түсінеді деп күтіледі.

Өткен аптада Иран мен Әзірбайжан Республикасының ынтымақтастық комиссиясының он бірінші ортақ отырысы өтті. Бұл отырыста Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі әрі екі елдің ортақ комиссиясының ирандық төрағасы Махмұд Ваези мен бұл комиссияның әзірбайжандық төрағасы Шахин Мустафаев екі елдің ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Иран мен Әзірбайжан Республикасының ортақ экономикалық комиссиясының үш күндік он бірінші отырысы сейсенбі күні Бакуде басталып, бейсенбі күні Нахчыванда жалғасты.

Осы отырыспен тұспа-тұс бейсенбі күні «Нахчыван-Мешхед» бағытындағы пойыз Иранның Байланыс және ақпараттық технологиялар министрі Махмұд Ваези мен Нахчыванның Жоғарғы Мәжілісінің төрағасы Васеф Талебовтың қатысуымен іске қосылып, жұма күні түстен кейін бұл пойыз Мешхедтің темір жол бекетіне келіп тоқтады. Нахчыван автономиясының Жоғарғы мәжілісінің төрағасы да осы рәсімдерде сөз сөйлеп: «Бұл қадам Иран мен Әзірбайжан Республикасы арасында жолаушылардың қатынауын жеңілдетумен қатар, екі ел халқының неғұрлым көбірек ынтымақтасуы үшін себеп болады» деді. Ваези Бакуде сонымен қатар алдағы екі айдың ішінде Астара темір жол желісінің іске қосылатынын хабарлады.

Нефтечалада көлік жасау зауыты құрылысының үдерісін жылдамдату және Әзірбайжан Республикасына дәрі-дәрмек экспорттау екі елдің экономикалық ынтымақтастықтар ортақ комиссиясының он бірінші отырысының қорытынды құжатында қуатталған мәселелер болып табылады.

Өткен аптада валюталық нарықта бағасы күрт қымбаттаған доллар қазір 4 000 тұманнан төмен деңгейге қайта оралуда. Валюталық нарықтың мамандарының пайымдауынша, Орталық банктің валютаны ұсынуы, базарда сұраныстың азаюы мен «бағалар көпіршігінің» жарылуы доллар бағасының төмендеуіне себеп болған факторлардың қатарын құрайды. Доллар бұл аптада өткен аптамен салыстырғанда кем дегенде 60-80 тұманға, ал еуро 30-50 тұманға арзандады. Валюта нарығының сарапшыларының пікірінше, Орталық банктің валютаны ұсынуын жалғастыруы алдағы күндері доллар бағасының төмендеуіне себеп болады.

Соңғы апталарда валюта нарығы шарықтау шегіне жеткен мезгілдік сұраныстың арту үдерісінің ықпалына түсті. Валюта нарығындағы толқулар Мәжілістің экономикалық комиссиясы үшін сауалдар тудырды. Осы мақсатта аталмыш комиссия Экономика және қаржы министрі және Орталық банк директорының қатысуымен валютаның соңғы толқуларын қарастыру үшін отырыс өткізді. Орталық банктің директоры Валиолла Сейф осы отырыстың соңында Иран Телерадио бірлестігіне берген арнайы сұхбатында: «Шынайы валюта бағасы қазіргі нарықтан төменірек. Валюта нарығы әлі де арзандау үстінде. Экономикалық көрсеткіштер осы мәселені көрсетіп отыр» деді. Ол валюта нарығын стандарттау туралы: «Валюта нарығын стандарттау алғышарттарды қажет етеді. Олардың қатарына банктік мәмілелер оңай жүзеге асырылу үшін халықаралық банктік байланыстарды жеңілдету жатады. Осы бағытта әрекет етіп жатырмыз. Бірдей валюта нарығына қол жеткіздік деп хабарлайтын күнге жету үшін талпыныс жасап жатырмыз» деді. Валюта нарығы өзгерісінің маңызды экономикалық көрсеткіштерге ықпалы ең маңызды әрі күрделі экономикалық мәселе болып табылады. 11-ші үкіметтің Экономика министрі Тайебнианың пайымдауынша, валюта нарығында тұрақтылық орнатудың шарттары инфляцияның тамырларын емдеу, өтемпаздықтың жоғарылауының алдын алу, үкімет бюджетінің теңдестірілмеген құрылымынан туындаған және валюта нарығына қатысты саясат жүргізу мүмкіндігіне кедергі болып отырған өтемпаздықтың жоғарылауы үдерісінің көздерін емдеу болып табылады. Оның айтуынша, Иранның макроэкономикасының ең басты қиыншылығы – құлдырау мен өсудің төмен көрсеткіші. Осы жайттардың барлығының себебін макроэкономикадағы толқулардан іздеуіміз керек.

ИИР президенті Хасан Рухани телесұхбатында соңғы айларда  доллардың басқа валюталармен, соның ішінде, еуро, фунт пен юаньға шаққандағы  бағасының жоғарылауына сілтеме жасап: «Соңғы айларда доллардың бағасы  фунтқа  қатысы бойынша 15 пайызға артты. Биылғы жылдың басынан бастап осы уақтықа дейін доллардың басқа валюталарға шаққандаы бағасы орта есеппен алғанда 5-6 пайызға қымбаттады. Иранда да доллар бағасының жоғарылауы қалыпты іс» деді.

Дегенмен өткен жылдарда осыған ұқсас уақытта да доллардың бағасы қымбаттап отыратын. Қазір Иранның импортының мөлшері бұрынғы кездерге қарағанда өзгеріп, экономика да өркендеп отыр. Осы факторлар да валюта нарығының артуына себеп болуы мүмкін. Рухани: «Біз биыл және алдағы жылы инфляцияның тек бір цифрлік мөлшерін сақтап қалуға бар күшімізді саламыз. Сонымен қатар халыққа алдағы жылы экономикалық өсуге қол жеткізетіндігімізді уәде етеміз» деді. Рухани сондай-ақ статистика ұсынып: "Иранның мұнайдан тыс экспорты ағымдағы жылдың бастапқы алты айында өткен жылдың ұқсас уақытымен салыстырғанда жақсарды. Мұнайдан тыс экспорттың көлемі биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында 31 миллиард долларды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Сол себепті елдің экономикалық жағдайына қатысты оптимистік көзқарасқа иеміз" деді.