Қаң 13, 2017 21:41 Asia/Almaty

Қасас сүресінің 18-21 аяттарының тәпсірі

«Қасас» сүресінің 18-19 аяттары:

 «فَأَصْبَحَ فِی الْمَدِینَةِ خَائِفًا یَتَرَ‌قَّبُ فَإِذَا الَّذِی اسْتَنصَرَ‌هُ بِالْأَمْسِ یَسْتَصْرِ‌خُهُ قَالَ لَهُ مُوسَى إِنَّکَ لَغَوِیٌّ مُّبِینٌ»، «فَلَمَّا أَنْ أَرَ‌ادَ أَن یَبْطِشَ بِالَّذِی هُوَ عَدُوٌّ لَّهُمَا قَالَ یَا مُوسَى أَتُرِ‌یدُ أَن تَقْتُلَنِی کَمَا قَتَلْتَ نَفْسًا بِالْأَمْسِ إِن تُرِ‌یدُ إِلَّا أَن تَکُونَ جَبَّارً‌ا فِی الْأَرْ‌ضِ وَمَا تُرِ‌یدُ أَن تَکُونَ مِنَ الْمُصْلِحِینَ»

Қалада қорқып, алаңдап таңды атырды. Ал және кешегі өзінен көмек тілеген кісі тағы жалбарынып жатыр. Мұса (Ғ.С.) оған: "Сен анық адасқан екенсің" деді. (18) Сонда Мұса (Ғ.С.) екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте: "Әй, Мұса! Кеше бір адамды өлтіргендей бүгін мені өлтіресің бе? Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?",- деді (19).

Алдыңғы бағдарламада хазірет Мұсаның жігіттік шаққа жеткен кезде Перғауынның сарайынан кетіп, халықтың арасына барғанын айттық. Ол кезде Исраил қауымы перғауындықтар мен мысырлық христиандырдан қатты зұлымдық көретін. Ол қалада Мұсаның мысырлық бір христианның исраильдік бір адаммен төбелесіп жатқан оқиғасына тап болып, мысырлық христианды ұрып жіберіп, жазатайым оның өліміне себепкер болғанын айттық.  

Осы аяттар былай дейді: «Сол оқиғадан кейін Мұса енді Перғауынның сарайына қайтпай, жасырынып қалада қалып қойды. Ол Перғауынның адамдары өзін ұстап алады деп, алаңдап, қорқып жүрді. Ертеңінде исраилдік кешегі адамның басқа бір адаммен төбелесіп жатып, тағы да өзінен көмек сұрағанын көрді. Мұса алдымен оған: «Сен күн сайын мысырлықтардың бірімен әртүрлі сылтаумен төбелесіп, өзің мен басқалардың өміріне қатер төндіретін надан әрі ақылсыз адамсың. Сенің бұл ісіңнің пайдасы болмауымен қатар исраилдіктер үшін қиындық  тудырады» деді.

Бірақ, қалай болғанда да, ол залымның шеңгеліне түскен мазлұм еді. Сол себепті Мұса оған көмектесуге асығып, оны жалғыз қалдырмады. Бірақ бұл жолы ұрудың орнына жәбір көріп жатқан адамға соққы тимес үшін оны бар күшімен мысырлықтан қорғады.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Дұшпанмен күресте нәтижеге жетпестен, өзің мен басқаларға қиындық тудырмау үшін алаңға бағдарламасыз енуге болмайды.

2.Достардың қателіктері мен бұрыс қылықтарына қатысты оларды сынау керек. Алайда оларды зорлықшыл дұшпанның алдында жападан жалғыз қалдырып кетуге болмайды.

3.Дұшпанға күшпен қарсы тұрып, қарсыласу керек.

«Қасас» сүресінің 20-21 аяттары:

 «وَجَاءَ رَ‌جُلٌ مِّنْ أَقْصَى الْمَدِینَةِ یَسْعَى قَالَ یَا مُوسَى إِنَّ الْمَلَأَ یَأْتَمِرُ‌ونَ بِکَ لِیَقْتُلُوکَ فَاخْرُ‌جْ إِنِّی لَکَ مِنَ النَّاصِحِینَ»، «فَخَرَ‌جَ مِنْهَا خَائِفًا یَتَرَ‌قَّبُ قَالَ رَ‌بِّ نَجِّنِی مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِینَ»

Қаланың шетінен бір адам жүгіріп келіп: "Әй, Мұса! Басшылар сені өлтіруге кеңесіп жатыр. Дереу шығып кет! Шынында мен саған қамқорларданмын" деді. (20) Сонда Мұса (Ғ.С.) қорқақтап, байқастап, қаладан шықты да: "Раббым! Мені залым елден құтқар!",- деді (21).

Қалада болған оқиғаның хабары Перғауынның сарайына да жетті: яғни, Исраил қауымының құлының мысырлық жергілікті екі христианмен төбелесі. Оның өзі бірінен кейін бірі орын алды. Оның үстіне Мұса екі жолы да исраильдік құлға көмектесіп, оны құтқарып, мысырлықтарды жеңді.

Бұл хабарға сарай басшылары төзе алмады. Сол себепті ешкімнің жергілікті мысырлықтармен төбелесуге батылдары жетпес үшін Мұсаны өлтіруге ұйғарды.

Сарай қызметшілері іске кіріскенше Перғауынның жақындарының бірі оқиғадан хабардар болып, жылдамдатып қалаға келіп, Мұсаға оған қатысты  осындай шешімнің қабылданғанын хабарлап: «Өзіңді құтқару үшін тез арада бұл қаладан кет» деді. Тарихи рауаяттарда аталған бұл адамның есімі Хазқил болды. Ол Мұса хазірет пайғамбарлыққа жеткен соң оған иман келтіріп, «ал-Перғауынның мүміні» деген атпен танымал болды. Ол Перғауынның зайыбы сынды сарайда өмір сүргенімен перғауындық жүйені қабылдамай, Перғауынға қарсы көтерілісті күтіп жүрген болатын. Сол себепті Мұсаның әрекетін көрген кезде хазіреттің Перғауынға қарсы көтеріліс жасайтын әлеует пен күшке ие екендігін көрді. Сондықтан оның өмірін сақтап қалу үшін қалаға келді.

Қалай болғанда да Мұса ол адамның хабарын байсалды қабылдап, жанын сақтап қалу үшін қаладан кетті. Ол жан-жағына қарап, не болар екен деп алаңдауда болды. Сол себепті Құдайдан Мысырдан аман-есен шығып, зұлымдардың кәрінен құтқарылу үшін көмек сұрады.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Залымдарға көмектесуге болмайды, бірақ мақұрымдар мен мазлұмдарға көмектесіп, зұлымдықтың кең таралуына тосқауыл болу үшін залымдардың жүйесіне еніп, ықпал ету - құптарлық іс.

2. Егер біз Құдай үшін іс жасасақ, Құдай қатер төнгенде бізге көмектесіп, бізді сақтайды.

2. Кейде жылдам және дер кезінде хабарлау бір халықтың тағдырын өзгертеді.

4.Сарайда тұратындардың ішінде де хақ талап етуші адамдар болуы мүмкін, сондай-ақ, тауда тұратындардың ішінде де жалғанның ізбасарлары болуы мүмкін. Қалай болғанда да тұратын мекен мен адамдардың тұрмыстары емес, өлшем – хақ пен жалғандық.