Қасас сүресі, 687-шы бөлім, 22-25 аяттар
Қасас сүресінің 22-25 аяттарының тәпсірі
«Қасас» сүресінің 22-23 аяттары:
«وَلَمَّا تَوَجَّهَ تِلْقَاءَ مَدْیَنَ قَالَ عَسَى رَبِّی أَن یَهْدِیَنِی سَوَاءَ السَّبِیلِ»، «وَلَمَّا وَرَدَ مَاءَ مَدْیَنَ وَجَدَ عَلَیْهِ أُمَّةً مِّنَ النَّاسِ یَسْقُونَ وَ وَجَدَ مِن دُونِهِمُ امْرَأَتَیْنِ تَذُودَانِ قَالَ مَا خَطْبُکُمَا قَالَتَا لَا نَسْقِی حَتَّى یُصْدِرَ الرِّعَاءُ وَأَبُونَا شَیْخٌ کَبِیرٌ»
«Ол Мәдян жаққа жөнелген сәтте: "Раббымның маған тура жол көрсетуін үміт етейін" деді. (22) Мәдян суына барған кезде ол жерде мал суарған бір топ адамды көреді. Тағы олардан өзге малдарын судан қайырып тұрған екі әйел көрді де: "Екеуіңнің бұйымтайларың не?",-деді. Екеуі: "Малшылар малдарын алып кеткенге дейін суара алмаймыз. Әкеміз кәрі шал" деді. (Бұлар Шұғайып (Ғ.С.)-ның қыздары еді (23).
Алдыңғы бағдарламада Перғауын сарайында тұратындардың бірінің Мұсаға сарай басшыларының оны өлтірмекке шешім қабылдағандарын, сол себепті оның неғұрлым тезірек қаладан кетуі керектігін айтқанын баяндадық. Осы аяттар былай дейді:
«Мұса Перғауынның билігінде болған Мысырдан кетпекке бел буып, перғауындардың билігі жүрмейтін Шам өлкесінің оңтүстігіндегі Мадиянға бармақ болды». Бірақ бұл сапардың қатерлері де болды: Һәм адасу қатері, һәм Перғауынның адамдары тарапынан ұсталу қатері. Сол себепті Мұса Құдайдан оны тура жолға нұсқауды сұрады. Аяттардың жалғасы былай дейді: «Мұса Мадиян қаласына кіреберісте қаланың жанындағы құдықтың жанында шопандардың қойларын суарып жатқанын көрді. Жолдан шаршаған Мұса су ішіп, бетіндегі шаң-тозаңды жуу үшін құдық жаққа барды. Бірақ құдықтың жанынан қызық бір көріністі байқады: Мұса құдықтың қасынан басқа шопандар сынды қойларын суаруға әкелген, бірақ бір шетте тұрып, қойлары басқа қойларға қосылып кетпесін деп, бақылап тұрған екі жас әйелді байқады. Хазірет мұндай көрініске таңданып, олардың құдықтың жанында тұруы мен ер адамдардан бойларын аулақ салуының себебін сұрады. Олар былай деп жауап берді: «Біздің әкеміз қартайған. Біз апалы-сіңлілі екеуіміз қойды өзіміз бағуға мәжбүрміз, бірақ ерлермен араласпау үшін олардың қойларын суарып, кеткенін тосып тұрмыз. Олар кеткен соң біз құдықтың жанына барып, өз қойымызды суарамыз».
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Болашақтағы қиындықтар мен ауыртпалықтарға шыдауға дайын болу үшін туған қала мен өлкеден хиджрат етуге бел буу ұлы реформаторлардың бағдарламаларының қатарын құрайды.
2. Әрекет жасамай тұрып дұға тілеудің мағынасы жоқ, дұғаны адам әрекет етіп барып тілесе, мағынаға ие болады.
3. Әйел мен ер арасындағы арақашықтықты сақтап, жұмыс орнында ер адамдар мен әйел адамдардың араласуынан сақ болған жөн. Шұғайып пайғамбардың қыздары ер адамдармен араласудан бой тартып, өздерінің қойларын олар кеткенше суармады.
4. Қажет жағдайда Құдайдың пайғамбарларының қыздары қой бағады, бірақ ешқашан да олар жаман әрекетке бармайды, қайыр-садақа сұрамайды.
«Қасас» сүресінің 24-25 аяттары:
«فَسَقَى لَهُمَا ثُمَّ تَوَلَّى إِلَى الظِّلِّ فَقَالَ رَبِّ إِنِّی لِمَا أَنزَلْتَ إِلَیَّ مِنْ خَیْرٍ فَقِیرٌ»، «فَجَاءَتْهُ إِحْدَاهُمَا تَمْشِی عَلَى اسْتِحْیَاءٍ قَالَتْ إِنَّ أَبِی یَدْعُوکَ لِیَجْزِیَکَ أَجْرَ مَا سَقَیْتَ لَنَا فَلَمَّا جَاءَهُ وَقَصَّ عَلَیْهِ الْقَصَصَ قَالَ لَا تَخَفْ نَجَوْتَ مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِینَ»
Мұса (Ғ.С.) олардың малдарын суарды да сосын көлеңкеге бұрылып: "Раббым! Сен маған хайырдан не жіберсең мұқтажбын" деді. (24) Сонда екі әйелдің бірі ұялған түрде келіп: "Әкем бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады" деді. Мұса (Ғ.С.) Шұғайып (Ғ.С.)-қа келген сәтте оған оқиғасын баян қылды. Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпа! Залым елден құтылдың" деді. (25)
Перғауындықтардан қорқып, Мысырдан қашып, Мадиянға шаршап-шалдығып жеткен Мұса өзінің қиындықтарын ұмытып, екі әйелге көмектесіп, құдықтан су тартып, олардың қойларын суаруға кірісті. Жұмыс аяқталған соң олардан ақы сұрамастан, шаршағандықтан ағаштың түбіне жантая кетті. Бірақ аштық қинап, тамақ іздей бастады. Мұса бұл қалада бөтен еді. Қонақ ететіндей немесе оған тамақ беретіндей ешкім оны танымады. Сол себепті Құдайдан оның тамақ пен жатар орынға деген қажеттілігін шешіп беруді сұрады.
Шұғайыптың қыздары болса үйлеріне әдеттегіден ертерек жетті. Әкелері олардан осыншалықты тез оралатындай қойларды суармадыңдар ма деп сұрады. Қыздары Мұсаның көмектескен оқиғасын айтып берді. Хазірет Шұғайып оларға жаңағы ер адамға барып, оның көрсеткен көмегіне лайықты түрде алғыс айту үшін оны үйге шақыруды сұрады.
Қыздардың бірі қымсына басып, Мұсаға барып: «Әкем сізді шақырып жатыр. Біздің үйге жүріңіз. Әкем сіздің ақыңызды төлейді» деді. Мұса қыздың әрекеті мен сөзінен олардың пәк, бекзат отбасы екенін, әкелерінің оның көмегін жауапсыз қалдырмайтын, кісінің қадірін білетін адам екенін сезді. Сондықтан оның шақырғанын қабылдап, өзі болжағанды көзімен көрді. Осылайша, Мұса илаһи пайғамбарлардың бірі хазірет Шұғайыптың үйіне келіп, өзінің өмірін бастан-аяқ, Мадиянға келген уақытқа дейін айтып берді. Хазірет Шұғайып Құдайдың оны залымдардан құтқарғанын, қалағанынша өзінің үйінде қонақ болып қала алатынын айтты.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Өзіміздің қиындықтарымыз кезінде жұрттың қиындықтарын да ұмытпайық. Мүмкіндігінше басқалардың қиындықтарын шешуге күш салайық.
2. Өзіміздің қиындықтарымыз бен қажеттіліктеріміздің шешімін Құдайдан сұрайық. Құдай оның шешімін бізге қайырлы болатындай ұсынады.
3.Пайғамбарлардың мектебінде егер пәктік және адалдықпен қатар келмесе, әйелдің қоғамдағы құзырының мағынасы жоқ. Әйел мен ер арасындағы шекара сақталуы керек.
4.Басқалардың жасаған жақсылығын құрметтеп, лайықты тәсілмен алғыс білдіру керек.