Қасас сүресі, 690-шы бөлім, 33-37 аяттар
Қасас сүресінің 33-37 аяттарының тәпсірі
«Қасас» сүресінің 33-34 аяттары:
«قَالَ رَبِّ إِنِّی قَتَلْتُ مِنْهُمْ نَفْسًا فَأَخَافُ أَن یَقْتُلُونِ»، «وَأَخِی هَارُونُ هُوَ أَفْصَحُ مِنِّی لِسَانًا فَأَرْسِلْهُ مَعِیَ رِدْءًا یُصَدِّقُنِی إِنِّی أَخَافُ أَن یُکَذِّبُونِ»
(Мұса Ғ.С.): "Раббым! Расында олардан кісі өлтірдім. Сондықтан олардың мені өлтіруінен қорқамын" деді. (33) "Туысым Һарүн тілде менен жатығырақ. Сондықтан оны менімен бірге көмекші етіп жібер, маған жәрдемдессін. Расында олардың жасынға шығаруынан қорқамын!" (34).
Алдыңғы бағдарламада Құдай Тур тауында хазірет Мұсаны Перғауынның сарайына барып, өзі мен оның айналасындағыларды бір Құдайға шақыруға жауапты еткенін айттық.
Осы аяттар былай дейді: Хазірет Мұса сол міндетті орындау жолында екі мәселені баяндады: біріншісі, оның исраилдік бір адамға көмектескенде жергілікті мысырлық христиандардың бірінің өліміне соқтырған, Перғауынның қызметшілері оны ұстап алып, жазалау үшін жұмылдырылған оқиға болса, екінші мәселені баяндағанда хазірет Мұса: «Тілім соншалықты шешен емес. Бұл үлкен міндетті жалғыз өзім жүзеге асыра алмайтын сиқтымын. Сол себепті бауырым Һарунның менімен бірге барып, перғауындықтардың теріске шығарушылықтарына қарсы жәрдемдесуге және өзінің жатық тілімен ақиқатты қорғауға рұқсат бер» деді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Жауапкершілікті қабылдайтын кезде осал тұстар мен қиындықтарды ашық түрде айту керек. Оларды шешу үшін де тиімді шешім жолын ұсыну керек.
2.Жатық және өтімді тіл – адамдарды тартудағы әсерлі факторлардың және табысты үгіт-насихат жасаудағы қажет құралдардың бірі.
3.Үлкен міндеттерді орындауда басқалардың әлеуеттері мен мүмкіндіктерін де пайдаланайық. Әр адамды оның қолынан келетін іске тағайындайық. Барлық істі жалғыз өзіміз атқармайық.
«Қасас» сүресінің 35 аяты:
« قَالَ سَنَشُدُّ عَضُدَکَ بِأَخِیکَ وَنَجْعَلُ لَکُمَا سُلْطَانًا فَلَا یَصِلُونَ إِلَیْکُمَا بِآیَاتِنَا أَنتُمَا وَمَنِ اتَّبَعَکُمَا الْغَالِبُونَ»
(Алла Т.): "Туысың арқылы білегіңді күшейтіп, екеуіңе олар жете алмайтын күш беремін. Аяттарымызбен екеуің де, сендерге ергендер де жеңіске ие боласыңдар" деді. (35)
Құдай хазірет Мұсаның тілегін орындап, бауырының осы қатерге толы жолда оның қасында жүріп, оған жәрдемдесуіне, Мұсаның екі қиындығының да шешілуіне рұқсат берді: біріншіден, ешкімнің Мұсаға зұлымдық жасап немесе оны өлтіруге батылы жетпеуіне, екіншіден, Перғауынның сарайында Һарунның оның қасында бірге болуына. Құдай олар ақиқатты айқын қисын мен жатық дәлелдер арқылы баяндап, перғауындықтардан басым түсіп, илаһи мұғжизаларды көрсету арқылы оларды жеңу үшін мүмкіндік берді.
Һарун Мұсадан үлкенірек және сөйлегенде шешен әрі тілі оралымды болғанымен, Мұса кемелдікке ие болды. Сол себепті Құдай оны кітап пен шариғат иесі – пайғамбар етіп таңдады. Ағасы Һарун да пайғамбар болғанымен Мұсаның қасында екінші адам ретінде және оның көмекшісі болуы керек болды. Бірі мұғжизасымен Перғауынды таңдандырып, екіншісі сөзімен оны жеңуі керек болды.
Осы аяттан үйренетініміз.
1.Жалғандықпен күресте хақ пен жалған тараптардың саны бірдей болуы шарт емес. Кейде екі адам мықты да айқын дәлелдермен жалғандыққа сенетін қалың топты жеңе алады.
2.Залымдардың қолдары оларға жетпеуі үшін және оларға үстемдік ете алмауы үшін Құдайдың таңдаулылары мен хақтың ізбасарларына қолдау көрсетіп, көмектесу керек.
3.Тіпті Алланың пайғамбарлары да хақтың жолдауын жеткізіп, жалғандықпен күресу үшін болашаққа деген үміт пен сенімді қажет етеді.
4. Құдай Мұса мен Һарунға және олардың ізбасарларына жеңіс уәдесін беріп, оларды үміттендірді.
«Қасас» сүресінің 36-37 аяттары:
«فَلَمَّا جَاءَهُم مُّوسَى بِآیَاتِنَا بَیِّنَاتٍ قَالُوا مَا هَذَا إِلَّا سِحْرٌ مُّفْتَرًى وَمَا سَمِعْنَا بِهَذَا فِی آبَائِنَا الْأَوَّلِینَ»، «وَقَالَ مُوسَى رَبِّی أَعْلَمُ بِمَن جَاءَ بِالْهُدَى مِنْ عِندِهِ وَمَن تَکُونُ لَهُ عَاقِبَةُ الدَّارِ إِنَّهُ لَا یُفْلِحُ الظَّالِمُونَ»
Мұса (Ғ.С.) Оларға ашық аяттарымызбен келгенде: "Бұл жасанды бір жады ғана. Бұрынғы аталарымыздан бұны естігеміз жоқ" десті. (36) Мұса (Ғ.С.): "Өзінің қасынан кімнің туралықты әкелгенін және соңғы қоныс (жаннат) кімдікі боларын Раббым жақсы біледі. Шынында залымдар құтылмайды" деді. (37)
Хазірет Мұса мен бауыры Һарун мүмкіндіктерінше Перғауынның сарайына жетті. Олар перғауындықтарды бір Аллаға шақырғаннан кейін оларға жыланға айналған аса таяқ пен жағадан шыққанда аппақ болып жарқыраған қол сынды илаһи мұғжизаларды көрсетті.
Һәм Мұса мен Һарунның сөзі мен қисынын естіген, һәм олардың мұғжизаларын көрген перғауындықтардың реакциялары жала жабушылық пен теріске шығарудан өзге ештеңе болмады. Перғауындықтар бір Құдайға табынуды олардың ата-бабаларының дәстүрінде болмаған іс деп атап, сол себепті оны қабылдамаймыз деген уәж айтып: «Мұғжиза да – Мұсаның өзі шығарған сиқыр мен жады. Ол соны Құдаймен өтірік байланыстырып, оны адамның қолынан келмейтін іс деп атайды» десті. Осындай жасынға шығарушылыққа хазірет Мұса былай деп жауап берді: «Егер мен бұл сөздер мен істерді өзім ойдан шығарып, өтірік Құдаймен байланыстырған болсам, Құдай сендерден артық біледі. Ол бәрінен хабардар. Ондай болса ол мені әшкере етіп, өзімді ол тарапынан таңдалған пайғамбармын деп атауға, халыққа жетекшілік етудің орнына олардың адасушылықтарына себеп болуыма рұқсат бермеуі керек. Бірақ сендердің теріске шығаруларыңның тамыры менің дәлелдерім мен айғақтарымның жеткіліксіздігінде емес, керісінше, зұлымдық пен үстемшілдікте. Сендер соны жалғастырып, өздеріңнің биліктеріңнің сақталуына кепілдік жасамақсыңдар. Сол себепті менің сөздерімді қабылдамайсыңдар. Бұл сендердің осы дүние мен ақыретте құтылмайтындықтарыңа себеп болады» деді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Діни тағылымдарды қабылдауда бұрынғы ата-бабалардың салт-дәстүрлері емес, ақыл мен қисын және дәлел өлшем болып табылады.
2.Жала жабушылық пен теріске шығарушылық – пайғамбарлар мен реформаторлардың қарсыластарының тарих бойындағы ең маңызды құралы.
3.Илаһи пайғамбарлардың жетекшілігіне еру бақыт пен құтылуға және ақыреттегі жақсылыққа себеп болады.