Қаң 21, 2017 17:37 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 103

Исламның ұлық пайғамбары: «Ашуланып, бір-бірінен алыстаудан үш күн өтіп, сол уақытта бір-бірімен сөйлеспеген, амандаспаған, достық пен мейірімділік білдірмеген мүміннің қайсы бірінші сөйлессе, қиямет күні жаннәтқа жылдамырақ жетеді»,- деген.

Кектің салдарларының біріне ашу-ыза мен бір-бірінен алыстау жатады. Оларға қарсы сұхбат пен келіссөздер кекті жоюға көмектесетін ең жақсы жолдар саналады. Осыған орай діни тағылымыдарда «Бір-біріне ашуланбаңдар, егер ашулансаңдар жылдам татуласыңдар» деп қуатталған. Исламның ұлық пайғамбары: «Ашуланып, бір-бірінен алыстаудан үш күн өтіп, сол уақытта бір-бірімен сөйлеспеген, амандаспаған, достық пен мейірімділік білдірмеген мүміннің қайсы бірінші сөйлессе, қиямет күні жаннәтқа жылдамырақ жетеді»,- деген. («Васаел әш-Шие»). Сондай-ақ келесі бір сөзінде: «Егер екі мұсылман бір-біріне ашуланып, тіпті өлер алдында да  татуласпаған болса, екеуі де мұсылман болмай өлген деп саналады»,- деп ескерткен. («Канз әл-амал», 3-ші том). Құран Кәрім жақындар арасындағы қарым-қатынасты бұзуды бұзақылардың ерекшеліктері деп атап, туыс-тумаларынан алыстап, қарым-қатынасын үзетіндерге қатысты әртүрлі сөздерді қолданады. Имам Саджад (ғ.с.) перзенті имам Мұхаммад Бақер (ғ.с.)-ға: «Перзентім, туыс-тумаларымен қарым-қатынасын бұзатын немесе олармен жаман қарым-қатынас орнататын адамдармен дос болма. Мен олар туралы Құранның үш жерінде оқыдым»,- деп, «Мұхаммад» сүресінің 24-25-ші аяттарын, «Рағд» сүресінің  25-ші аяты мен «Бақаре» сүресінің 27-ші аятын оқып берді. («Кафи» 2-ші том).

Адам – басқалармен қарым-қатынас орнатуды қажет ететін қоғамдық жаратылыс. Бұл  физикалық  және психикалық қажеттілік. Сондықтан қарым-қатынассыз қалу оларға өте ауыр тиеді. Осыған орай қасиетті діндерде жақындарға жақсылық жасау және олармен жақсы қарым-қатынас орнату маңызды деп көрсетілген. Отбасылық қарым-қатынастарды нығайту арқылы қоғам алға ілгерілейді. Оған керісінше қарым-қатынастардың бұзылуымен біріншіден, жанұялар содан соң қоғам тұңғиыққа кетеді. Сондықтан Исламның ұлық пайғамбары: «Мұсылманның  бауырына ашулануы оның қанын төгумен бір»,- деген. Имам Әли (ғ.с.) өлер алдында ислам үмбетіне: «Перзенттерім! Бір-біріңмен бірге болып, бір-біріңді кешіріп, бір-біріңе жақсылық жасап, бір-біріңнен ажырамаңдар»,- деген өсиет айтқан. («Наһдж ул-Балағе» 47-ші хат). Ашуланып, жалғыз қалған адам көбінде екінші жақтың теріс сөздері мен істеріне назар аударады. Тату жүрген кезде оларға көңіл бөлмейді. Сондықтан әрдайым ашуланып-татуласу адамды азаптап, өмірдің тыныштығын бұзады. Егер кіші-гірім қайшылықтар шешілмесе және адам оларды өзгерту туралы ойламаса, дұшпандық пен кек адамдардың болмысында тамырын жайып, адамдарды бір-бірінен алыстатады. Нәтижесінде қоғамды құлдыратады. Сондықтан қасиетті Ислам дінінде бір-бірінің арасында қайшылықтары бар адамдарға олардың тезірек шешіп, бір-бірінен кешірім сұрап, зұлымдықтың билігіне түспес үшін кек пен дұшпандылықты жүректерінен шығару насихатталған.  Имам Әли (ғ.с.): «Егер халық туыс-тумаларының арасындағы қарым-қатынасты бұзып, оларға жақсылық жасамайтын болса, олардың байлықтары мен мүлкі залым адамдардың қолына түседі»,- деп ескерткен.  («Усул Кафи», 2-ші том). Имам Садық (ғ.с.) бұл туралы: «Жылдам жоқ болуға себеп болатын күнәләрдің бірі туыс-тумалармен қарым-қатынасты бұзу саналады»,- деген. Сондай-ақ келесі бір сөзінде имам Садық (ғ.с.): «Екі адам бір-біріне ашуланса Алланың лағнетіне тап болады»,- деді. Сонда имамның серіктерінің бірі: «Ашуға себеп болушының Алланың лағнетіне тап болғаны дұрыс, ал зорлық көруші неге лағнетке тап болуы керек?»- деп сұрады. Имам: «Өйткені бауырын татуласу мен бейбітшілікке  шақырмады және оның  балағаттарын естімгендей болып қалмады»,- деп жауап берді. («Усул Кафи», 4-ші том). Күндердің бірінде Алла елшісі сахабаларына: «Сендерге көптеген намаз бен оразадан артық нәрсе туралы айтайынба?»- деп сұрады. Сахабалары: «Иә, Алла елшісі айтыңыз»,- деді. Хазірет: «Бір-біріңмен тату болыңдар»,- деп жауап берді. («Канз әл-Амал»,  3-ші том). Имам Әли (ғ.с.) өз құтпасында: «Алладан күнәһәрдің жойылуына себеп болатын күнәні жасауға асығудан құтқаруды сұраймын»,- деді. Хазіреттің серіктерінің бірі: «Уа, хазірет адамның жойылуын жылдамдататын күнәләр бар ма?»- деген сұрақ қойды. Ол: «Иә, туыс-тумаларының арасындағы қарым-қатынасты бұзу. Күнә жасағандарымен бірге жиналып, бір-біріне көмектесетін жанұялар бар. Алла оларға ырзықтарын береді. Сондай-ақ бір-бірінен алыстап, бір-біріне көмектеспейтін  отбасылар да бар.  Алла олардың сырт көзге иманды болып көрінгендеріне қарамастан, оларды мақрұм етеді. («Кафи», 2-ші том).