Ұлы тұлғаның алдында 55
Тәлім мен тәрбие мықты қарым-қатынасқа ие, олар бір-бірін толықтырады. Мұндай құнды қасиеттерге ие болу дұрыс жолға нұсқаушы тәрбиешілерге байланысты. Өйткені, тек білімді және парасатты тәрбиеші ғана дұрыс тәлім беріп, әртүрлі адамдардың дарындарын дамытуға көмектесіп, қоғамға тәрбиелі азаматтарды сыйлайды.
Құран Кәрімде шексіз құдыретке ие дана Алла Тағала мұғалім ретінде көрсетілген. «Әлақ» сүресінің бірінші бес аятында Алла Тағала өзін мұғалім деп атайды: «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен». Алла Тағала адамзаттың тәлім-тәрбиесі үшін оның ықтиярына дұрыс жолға түсуге көмектесетін құралдарды тапсырды. Діни тәлімдер мен қасиетті кітаптар, ата-ана, мұғалімдер мен тәрбиешілер адамның дамып, шынайы кемелдікке жетуі үшін жіберілген. Алайда әр адам дүниеге келе салысымен оған тәрбие беруді бастайтын бірінші тәрбиешісі оның анасы. Тәлім-тәрбие аналардың жылы әрі махаббатқа толы құшағынан басталады. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Адамның перзентінің ең жақсы тәрбиесі анасының құшағынан басталып, оның мейірімі мен махаббаты арқылы берілген тәрбие саналады»,- деген. Мейірімді аналар ең жақсы перзенттерді тәрбиелейді. Аналардан кейін мұғалім мен тәрбиешілердің рөлі маңызды, өйткені балалардың тәлім-тәрбиесінің шырағы солардың қолына түседі. Олар білім беріп, оларға дұрыс жолды көрсетеді. Исламдық тәлімдерде мұғалімдік пайғамбарлардың жұмысы деп аталған. Мұғалім илаһи пайғамбарлар сынды адамға тәлім-тәрбие беруге міндетті. Ислам революциясының көсемі имам Хомейни: «Мұғалімдердің қоғамдағы рөлі пайғамбарлардың рөліне ұқсас. Мұғалімнің рөлі өте маңызды әрі олардың жауапкершілігі мол»,- деген болатын. Аятолла Хаменеи мұғалімдердің тәлім-тәрбие берудегі рөлі туралы: «Тәлім-тәрбие мәселесі – адамға өмір сүруді үйрету. Мұғалімдеріміз әрқашан олардың қоғамдағы рөлінің өте маңызды екендігін ұмытпағандары жөн. Олардың рөлін қоғамдағы көптеген басқа мамандықтармен салыстыруға болмайды. Қоғам мүмін, мақсатқа ие, сабырлы, үмітті, қоғамдық мүдделермен санасатын, ойшыл, зерттеуші, кемелдіктің шыңдарына жеткісі келетін адамдарды қажет етеді. Мұндай адамдарды кім тәрбиелейді? Мұнымен мұғалімнің рөлі анықталады»,- деді. Бізді жақсылыққа үндеп, ойлануға үйрететін адамдар – мұғалімдер. Барлық мамандықтардың арасында мұғалімнен жоғары мамандық жоқ.
Білім беріп, тәрбиелеу – мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі. Мұғалімнің білімі жоғары болған сайын білім іздегендер мұғалімнің білімінің кемелдігінен шөлдерін қандыра алады. Аятолла Хаменеидің пікірі бойынша білім алу өте маңызды. Аятолланың көзқарасы бойынша білім беру де қасиетті іс. Аятолла Хаменеи мұғалімдерге: «Егер тәлімге жан-жақты тұрғыдан назар аударатын болсақ, білім беру, ойлану мен ахлақ үйретуге назар аудартамыз. Ойлануға үйрету оқулықтардағы сабақтардан маңызды. Перзенттеріміз жоғары, дұрыс, қисынды түрде ойлануды үйренуі керек. Қоғамдағы мәселелерге ойланбай, жеңіл қарау адамды бақытсыздыққа душар етеді. Егер адамның ойлану қабілеті болса, олар ғылымның маңызды мәселелерін таба алады. Егер біздің жастарымыз, ғалымдарымыз, ойлану қабілетіне ие болса, қолдарында бар білім қорларынан ондаған, жүздеген жаңа мәселелерді көтеріп, оларға жауап бере алатын болады. Сондықтан білімді ойланып пайдалану керек»,- деп ескертті. Иран Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында тәлім-тәрбиенің үшінші тұрғысы ахлақ пен іс-әрекет етуді үйрету екендігіне тоқталып, оны да мұғалімннің міндеті деп атап: «Үшіншісі – іс-әрекет пен ахлақ. Іс-әрекет етіп, жақсы ахлақты қалыптастырып, өмір сүру тәсілін үйрету – мұғалімдердің міндеті. ...Сіздер (мұғалімдер) сабақ үстінде сабақ түсіндіріп тұрып, күлімсірейсіздер, ренжисіздер. Сіздердің әрбір іс-қимылдарыңыз бен киім кию тәсілдеріңіз оқушыларға әсер етеді. Біз өзіміздің терең сезімдеріміз, мейірімділігіміз және басқа қылықтарымызға шолу жасасақ, мұғаліміміздің ықпал-әсерін байқаймыз. Мұғалім бізге батыл немесе қорқақ, жомарт немесе сараң, жанкешті немесе тек өзімізді ғана ойлайтын, білімді, түсінімпаз, мәдениетті немесе шектеліп қалған адам болуды үйретеді. Мұғалім біздің діндар, иманды, таза немесе Құдайды еске алмайтын адам болуымызға әсер ете алады. Мұғалімнің рөлі осындай. Бұл – мұғалімнің құндылығы мен ықпалының белгілері»,- деді. Аятолла Хаменеидің терең пікірі бойынша сабырлы, ақылды, діндар, өнертапқыш, еңбекқор, мейірімді, білімді, батыл, әдепті және басқалардың мәселесін өз мәселесі деп санайтын адамды тәрбиелеу – мұғалімнің ісі. Ол адамның болмысы, ислам тәлімдеріне сай адам тәрбиенің арқасында қалыптасады және барлық адамдар тәрбиеге көнеді деп санайды. Діни жетекшінің пікірінше кейбір адамдар тәрбиеге тез көнеді, кейбіреулер тәрбиені кеш қабылдайды, бірақ барлық адамдар тәрбиенің арқасында өзгереді. Ол хазірет: «Тәлім-тәрбиеге ата-ана, достар мен басқа адамдар да әсерін тигізеді, бірақ бір мұғалімнің әсері тереңірек әрі әсері ұзаққа созылады. Мұғалімнің міндеті – осы»,-деді.