Қасаc сүресі, 691-ші бөлім, 38-42 аяттар
Қасас сүресінің 38-42 аяттарының тәпсірі
«Қасас» сүресінің 38 аяты:
«وَقَالَ فِرْعَوْنُ یَا أَیُّهَا الْمَلَأُ مَا عَلِمْتُ لَکُم مِّنْ إِلَـهٍ غَیْرِی فَأَوْقِدْ لِی یَا هَامَانُ عَلَى الطِّینِ فَاجْعَل لِّی صَرْحًا لَّعَلِّی أَطَّلِعُ إِلَى إِلَهِ مُوسَى وَإِنِّی لَأَظُنُّهُ مِنَ الْکَاذِبِینَ»
Перғауын: "Әй, бастықтар! Мен сендер үшін менен басқа тәңір барлығын білмеймін. Әй, Һаман! Мен үшін балшыққа от жағып, (өрте!) Бір мұнара жаса. Бәлкім Мұсаның Тәңірін көрермін. Расында оны өтірікші деп ойлаймын" деді. (38)
Алдыңғы бағдарламада Перғауын мен сарай қызметшілерінің хазірет Мұсаның пайғамбарлығын теріске шығарып, оның мұғжизаларын сиқыр мен жады деп атағандарын айттық. Сонымен қатар олар өздерінің ата-бабаларының Мұсаның Құдайын танымағандықтары, оған табынбағандықтары туралы уәж айтты. Бұл аят Перғауынның Мұсамен қарсыласудағы және оның хақ сөзінің халықтың арасына әсер етуіне тосқауыл жасаудағы істерінің бірі ретінде қауымының үлкендері оны жоғары шығарып, Мұса айтатын Құдай аспаннан көрінеді ме екен, соны көруі үшін биік мұнара тұрғызуға бұйрық беруін атайды. Шын мәнінде Перғауын баршаны алдау үшін осындай бұйрық беріп, халыққа: «Менің өзім – Құдаймын. Сендер үшін басқа Құдайды танымаймын. Бірақ мен Мұсамен жеке бас дұшпандығына ие және оның сөзін жөнсіз теріске шығарады деп ойламауларың үшін және сендердің үлкендерің де менің сөзімді түсініп, аспанда Құдайдың жоқ екендігін, Мұсаның өтірік айтатынын өз көздеріңмен көрулерің үшін осындай мұнара салуға бұйырдым» деді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1. Тәкәппарлық пен менмендік және үстемшіл рух хақты қабылдауға кедергі болады.
2.Ақиқат талап ету уәжімен жұртты алдау жалпы халықтың пікірін бұрмалауды мақсат ететін үстемшілдердің тәсілдерінің қатарына жатады.
3.Үстемшілдер өздерін барлық нәрсенің өзегі мен орталығы санайды. Олар өздерін жердің иесі мен билеушісі санап, басқалардың құқығын жейді.
4.Қазіргі заманда да өздерін әлемнің барлық істеріне ерікті санайтын Перғауын сипатты билік иелері бар.
«Қасас» сүресінің 39-40 аяттары:
«وَاسْتَکْبَرَ هُوَ وَجُنُودُهُ فِی الْأَرْضِ بِغَیْرِ الْحَقِّ وَظَنُّوا أَنَّهُمْ إِلَیْنَا لَا یُرْجَعُونَ»، «فَأَخَذْنَاهُ وَجُنُودَهُ فَنَبَذْنَاهُمْ فِی الْیَمِّ فَانظُرْ کَیْفَ کَانَ عَاقِبَةُ الظَّالِمِینَ»
Ол және әскерлері сол жерде орынсыз дандайсыды. Расында олар Біз жаққа қайтарылмаймыз деп ойлады. (39) Оны да, әскерлерін де қолға алып, теңізге тастадық. Залымдардың соңының не болғанын көр! (40).
Осы аяттар Перғауын мен перғауындықтардың осы әлемдегі ісінің аяқталуына сілтеме жасап: «Олардың хақпен қырсығулары мен қиямет пен ақыретті теріске шығаруы бір жақтан, адамдарға зұлымдық жасауы басқа жақтан біздің оларды осы дүниеде жазалап, үлкен Ніл өзеніне батырып жіберуімізге себеп болды. Иә! Олардың тұрмыс-тіршілігі мен билігі және байлығының мәйегі болған өзен олардың қабіріне айналып, перғауындықтардың барлығы соған батып кетті» дейді. Осы аяттар Перғауын үкіметінің күйреуі мен жойылуына себеп болған екі ерекшелікке сілтеме жасап, біріншісін өздерін халықтан артық әрі жоғары санаған үстемшіл және артықшылық талап ету рухы деп, екіншісін олардың әлсіздер мен қоластындағыларға зұлымдық көрсетіп, олардың өздерінің табиғи құқықтарынан айыруы деп атайды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Хақ пен ақиқатқа қарсы тұрмайық. Кері жағдайда, соңында жойыламыз.
2. Қиямет пен есептің алынатындығы мен ақырет кітабына сенбеу адамды үстемшіл мінезге душар етеді. Бұрмалаушылықтар мен зұлымдықтардың, зұлымдар мен үстемшілдердің қылмыстарының тамыры осы.
3. Илаһи жазалар ақыретке ғана қатысты емес. Құдай үстемшілдерді осы дүниеде де қорлыққа душар етеді.
2. Тарих бойында зұлымдар мен үстемшілдер ортақ тағдырға ие.
«Қасас» сүресінің 41-42 аяттары:
«وَجَعَلْنَاهُمْ أَئِمَّةً یَدْعُونَ إِلَى النَّارِ وَیَوْمَ الْقِیَامَةِ لَا یُنصَرُونَ،» «وَأَتْبَعْنَاهُمْ فِی هَـذِهِ الدُّنْیَا لَعْنَةً وَیَوْمَ الْقِیَامَةِ هُم مِّنَ الْمَقْبُوحِینَ»
Оларды тозаққа шақыратын бастық қылдық. (Оларға ерген тозаққа түседі.) Сондай-ақ олар қиямет күні жәрдем көрмейді (41). Олардың соңдарына бұл дүниеде де қарғыс ертіп қойдық. Әрі қиямет күні сүркейлерден болады (42).
Перғауындықтардың осы дүниедегі жаман тағдырларын баяндаған алдыңғы аяттың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Күнәһарлар тозаққа баратын қиямет күні осы дүниеде күнәһарлардың алдында болғандай, перғауындықтар ақыретте де тозақтықтарды сонда бастап барады».
Олар осы дүниеде әрдайым мазлұмдар мен қол астындағы адамдардың қарғыстарына ұшырап келді. Тарих бойында да олар мүміндердің қарғыстарынан арылмайды. Олардың сұрқиялықтары қияметте көрініс тауып, олар сұрықсыз бейнеде көрінеді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
- Бүгін өздерінің биліктері мен мүмкіндіктеріне тоқмейілсіп жүргендер қияметте жәрдемшісіз қалады. Олар басқаларды құтқармақ түгілі, тіпті өздерін құтқаратын күшке де ие емес.
- Залымдарға қарғыс пен лағынет айту – Құдай рұқсат берген іс.
- Осы өмірде күпіршілікке салынып, адасып жүргендер қияметте де кәпірлер мен адасушылардың соңынан тозаққа барып, солармен жиналады.
- Адамның осы дүниедегі әрекеттері оның ақыреттегі сұрықсыз түріне себеп болады.