Қаң 22, 2017 10:50 Asia/Almaty
  • Мешіт – махаббат пен иманның тоғысқан мекені 9

Исламдық тағылымдардың барлығының рухы ұжым мен бірлестікке шақыруда, ислам дінінде оқшаулыққа орын жоқ. Бірақ осы дін материалды дүниенің күйбің тіршілігіне малтығып жүрген адам өзін қайта тауып, жаны мен рухын жаратылыстың Жаратушысымен байланыстырып, қайтадан өзі мен Құдайына оралуы үшін «итекафты» мұрсат етіп тағайындады.

Алдыңғы бағдарламаларда ғибадаттың ислам дінінің тіректерінің бірі екендігін және Құдаймен байланыс жасау үшін ең жақсы және ең пәк мекеннің мешіт екендігін айттық.

Мешіт – адам сол жерде Құдайдан басқа барлық әрекеттен босап, басқа жерлерге қарағанда Құдаймен жақсырақ байланыс орната алатын қасиетті мекен. 

Сол себепті де кейбір адамдар белгілі бір уақытта мешітте қалып, Құдайға ғибадат етеді. Ғибадат ету ниетімен мешітте осылай қалу «итикаф» деп аталады. Итикаф – намаз, ораза, Құран оқып, дұға тілеу сынды басқа ғамалдармен қатар келетін ғибадат. 

Исламдық тағылымдардың барлығының рухы ұжым мен бірлестікке шақыруда, ислам дінінде оқшаулыққа орын жоқ. Бірақ осы дін материалды дүниенің күйбің тіршілігіне малтығып жүрген адам өзін қайта тауып, жаны мен рухын жаратылыстың Жаратушысымен байланыстырып, қайтадан өзі мен Құдайына оралуы үшін «итекафты» мұрсат етіп тағайындады. Яғни, итикаф – адамның өзінің рухани және психикалық жағдайын қайта қарауы үшін, мүмкіндіктері мен іс-әрекеттеріне, сезімдеріне көңіл бөліп, өзі мен ұлы Құдайының байланысы туралы  ойлануы үшін мұрсат.

Итикаф намаз бен ораза, Құран оқу, тәубе мен кешірімнен тұрады. Бұл ғибадаттардың барлығы жалпы бір мақсатта, яғни Құдайға жақындау мақсатын көздегенімен, бұлардың әрқайсы жеке-дара мақсаттарға да ие.

Мәселен, намаз адамды күнәлар мен тыйым салынғандардан тыяды. Ораза адамның сабыры мен төзімділігін арттырады. Ғибадаттардың жиынтығы саналатын «итикаф» осы ғидабаттардың мақсаттарынан бөлек басқа мақсатқа да ие.   

Итикаф – Құдайдан тысқары істерден алыстауға жаттығу. Итикаф етуші итикаф уақытында дүниелік істердің барлығынан қол үзіп, бүкіл уақытында ғибадатпен айналысып, Құдайдың үйі мешіттен өзге еш үйген, тіпті өзінің немесе басқалардың үйлеріне де бармайды. Құдайдың сөздері болып табылатын Құран мен дұға және намаздан басқа сөз айтпайды.

Итикаф етуші өз қалауын Құдайдың қалауы жолына қойып, күні бойы Құдай жолында ішіп-жеуден тартынып, ораза ұстап, намаз оқумен айналысады.

Оның Құдайға ғибадат етуге берілетіндігі сондай: «Уа, Алла! Мені халықтан алыстап, өзіңе қосылуымның кемелдігіне жеткіз!» (Хазірет Әли Әбу Тәліптың шағбан айындағы дұғасының бір бөлігі) дейді.

Итикаф тек ислам дініне ғана қатысты емес. Мұндай ғамал илаһи басқа діндерде де болған. Хазірет Мұса үмбетке жетекшілік ету деген қиын міндетке ие болғанымен өзінің Құдайымен оңаша қалу үшін Тур тауына баратын. Хазірет Сүлеймен де Бейт ул-Мұқаддаста итикаф ететін. Закария нәби мен хазірет Мәриям да – Бейт ул-Мұқаддаста итикаф жасаған адамдар. 

Хиджаз халқының діндар бір тобы да халықтан алыс, оңаша жерде итикаф жасайтын. Олар сол жерлерде ғибадат етіп, жаратылыс туралы ойланып, ақиқат пен шындықты іздейтін. Исламның пайғамбары да беғсаттан бұрын жыл сайын бірнеше айын Хира үңгірінде итикафпен өткізетін.

Бірақ исламдық жүйе орнатқаннан кейін итикаф мешітте жаңа ахкамдар және шарттармен исламның ардақты пайғамбарының өзі арқылы тарады.  

Хазірет мүбарак рамазан айының соңғы он күнінде үнемі мешітте итикаф ететін. Осылайша итикаф сүннеті мұсылмандардың арасында тарады. Бүгінгі күні де итикаф рәсімі мүбарак рамазан айының соңғы он күні көптеген ислам елдерінде ерекше салтанатпен өткізіледі. 

Әл-Харам мешіті, ән-Нәби мешіті мен Куфе мешіттері – рамазан айының соңғы он күндігінде итикаф рәсімі өткізілетін ерекше мекендер.

Құрметті оқырмандар! Бағдарламаның осы бөлімінен сіздерді мұсылмандар арасындағы қасиетті төртінші мешіт – Куфе мешітін таныстырамыз.

Куфе мешіті – Куфе қаласында салынған ислам әлемінің үлкен төрт мешітінің бірі. Рауаяттарға сәйкес Куфе мешіті Меккедегі әл-Харам мешіті мен Мединедегі ән-Нәби мешіттерінен кейін ислам әлеміндегі ең маңызды мешіт саналады, тіпті оның кейбір кереметтері әл-Ақса мешітінен де жоғары саналады.

 Кейбір рауаяттарға сәйкес, Куфе мешітінің жобасын жасап, оның үлкен аумағының іргесін қалаған алғашқы адам хазірет Адам болған. Кейін хазірет Нұх топаннан кейін оны қайтадан салған.

Рауаяттарда имам Әлидің Куфеде адамдардың ортасында былай деп айтқаны бар: «Құдай сендерге басқа ешкімге сыйламаған нәрсені берді. Құдай мына ерекше артық жерді (Куфе мешітін) сыйлады.  Бұл жер хазірет Адамның, Нұх пайғамбардың, Ыдырыстың үйі, Халил Ыбырайым мен бауырым Хызыр мен менің намазханам... Бір күні осы мешіт уәделі Меһди мен әрбір мүміннің намаз оқитын жері болатын кез келеді. Жер бетінде бұл жерге енген соң оны жақсы көрмейтін мүмін жоқ. Бұл жерді тастай көрмеңдер. Бұл жерде намаз оқып, намаз арқылы Құдайға жақындаңдар. Өз қажеттіліктеріңді Құдайдан сұраңдар».

Имам Садық та ислам пайғамбарының осы мешітті сипаттаған сөзін нақыл еткен: «Шындығында, ол – жұмақ бақтарының бір бағы. Шындығында, ол жерде оқылған уәжіп намаз мыңдаған намазбен пара-пар. Ол жердегі нәпіл намаз 500 намазға тең. Ол жерде Құран оқымай, зікір етпей отырудың өзі – ғибадат. Егер адамдар бұл жердің қандай берекесі бар екендігін білгенде тіпті сәби сынды еңбектеп болса да сол жаққа келер еді».   

Хижри қамари жыл санағы бойынша 17 жылы мұсылмандардың әскері қазіргі Иран мен Ирактың шекараларында тұрған кезде Салман Фарси мен Хузайфе бен ал-Йаман сол кездегі халифа тарапынан аталмыш аймақтан әскердің тоқтауы үшін ыңғайлы мекен табуға жауапты болып тағайындалады. Олар іздеп, Куфе жерін ыңғайлы көреді. Сөйтіп, екі рекет намаз оқып, Құдайдан сол жерді тыныштық пен тұрақты мекен етуді сұрайды.

Таңдалған жерде салынған алғашқы құрылыс Куфе мешіті болды. Себебі ерте замандарда қала салудың рәсімі бойынша алдымен жамағат мешітінің орыны анықталып, кейін көшелер мен махаллелердің жобасын мешітке оңай жету мүмкіндігімен үйлестіріп жасаған. Басқаша айтқанда, мешіт қаланың орталығы болған. Үйлер мен үкімет орталықтары да соның айналасына салынған.

Қазір де исламдық ескі қалалардың құрылысынан архитектураның осындай түрі толығымен көрінеді. Жамағат мешіттері қалалардың орталықтарында салынған.

Бұл ислам қоғамындағы мешіттердің рөлі мен маңызын көрсетеді. Куфе мешіті де басынан қаланың маңызды саяси және мәдени орталығы саналды.

Имам Әли хижри қамари жыл санағы бойынша 36 жылы Куфаға келіп, халықтың алдында сөз сөйледі.

Куфе жерінде діни үлкен әмбиелердің әрқайсына  қатысты мекендер бар.

Бұл мекендерді «мағам» деп атайды. Кейбір «мағамдарда» намаз немесе арнайы мұстахып ғамалдарын орындауға кеңес берілген. Мұсылмандар үшін, әсіресе пайғамбар әулетін сүюшілер үшін ерекше маңызға ие жерлердің бірі мүміндердің әміршісі – хазірет Әлидің намаз михрабы саналады. Бұл мекен Куфе мешітіндегі Алланың елшісінің орынбасары, өсиетін қабылдаушысы Әли Бен Әби Тәліптің намаз орыны болған.  

Сол михрабта хаваредждердің Ибн Молджам атты мүшелерінің бірі имамның басын уға шыланған семсермен жарған болатын. Имам Әли басы жарылып, қанға малшынып, михрабта құлаған кезде «Қағбаның Құдайымен ант етемін. Құтылушылардан болдым» деген мүбәрәк дауысы қатты шыққан.

Даке ал-Ғаза – Куфа мешітіндегі имам Әли сол жерде төрелік еткен мекен. Сол жерде Құранның «Нахыл» сүресінің  90 аяты жазылған сәкі болған: «Негізінде, Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады».

Куфе мешітінің жетінші бағанасы хазірет Адам мағамы деп танымал. Ол жер – Құдай Адамның тәубесін қабылдаған мекен. Имам Әли де сол бағанның жанында намаз оқығандықтан «Амир ал-муменин» деп те танымал.

Куфе мешітінің бағандарының бірі хазірет Жебірейілге қатысты. Пайғамбар миғраж түні әл-Харам мешітінен әл-Ақса мешітіне бара жатқан кезде Куфа жеріне жеткенде Жебірейіл пайғамбарға: «Уа, Алланың елшісі! Қазір Куфе мешітінің алдында тұрсың. Пайғамбар! Құдайдың рұқсатымен осы қасиетті мешітте екі рекет намаз оқы» деген.

«Миғраж мағамы» – Алланың елшісі миғраж түні Куфа мешітінің алдында Пәруәрдігердің рұқсатымен екі рекет намаз оқыған жердің атауы.  

Имам Саджадтың мағамы – осы қасиетті мешіттің зияраттық келесі мекендерінің бірі. Әбу Хамза Сумалиден жеткен рауаятта былай деп нақыл етілген: «Бір күні Куфе мешітінде отырған едік. Үстіне таза киім киген өңді, жағымды әтір сепкен бір адам мешітке еніп, жетінші бағананың жанына тоқтады. Сол жерде төрт рекет намаз оқыды. Барлап қарағанда имам Саджаджты таныдым. Ол хазіреттің мүбәрәк қолдарын сүйіп, Куфе мешітіне келуінің себебін сұрадым. Ол кісі Куфе мешітінде намаз оқу үшін келгенін айтты».

Нұх кемесінің мекені де Куфе мешітінің ерекше мекендерінің бірі. Бұл мекен – мешіттің ортасындағы ойпатта Нұх кемесі құрғаққа шыққан жер. Рауаяттарға сәйкес, хазірет Нұхтың кемесі көп уақытқа созылған сергелдеңнен кейін осы мекенде құрғаққа шыққан.