Қаң 23, 2017 18:51 Asia/Almaty

Қасас сүресінің 43-46 аяттарының тәпсірі

«Қасас» сүресінің 43 аяты:

 «وَلَقَدْ آتَیْنَا مُوسَى الْکِتَابَ مِن بَعْدِ مَا أَهْلَکْنَا الْقُرُ‌ونَ الْأُولَى بَصَائِرَ‌ لِلنَّاسِ وَهُدًى وَرَ‌حْمَةً لَّعَلَّهُمْ یَتَذَکَّرُ‌ونَ»

Расында бұрынғы ұрпақтарды жоқ еткеннен кейін Мұса (Ғ.С.)-ға адамдардың түсінулері үшін Кітапты көрнеу дәлелдер, туралық және мәрхамет түрінде бердік. (43)

-Алдыңғы бағдарламада Перғауын мен әскерінің істерінің тәмамдалып, олардың Ніл өзеніне батып кеткені туралы айттық. Осы аят былай дейді: «Исраил қауымын Перғауынның үстемдігінен құтқарғаннан кейін біз оларға жетекшілік етіп, олардың ойлау және қырағылық деңгейін жоғарылатуы үшін әрі осы кітапты пайдаланып, Құдайдың ерекше мейірімі мен рақымына бөленуі үшін Мұсаға Тауратты түсірдік. Бірақ, егер олар Тауратқа күпіршілік келтіріп, хақпен қарсыласса, осы дүниеде Құдайдың азабына душар болған бұрынғы қауымдар сияқты олардың да көздері жойылады».

Осы аяттан үйренетініміз:

1.Пайғамбарлардың пайда болуы мен аспандық кітаптардың түсуі адам қырағылық пен жетекшілік жолы арқылы бақытқа жетуі үшін илаһи рақым мен Құдайдың үлкен нығметтерінің бірі болды.

2. Құдайдың сүннеті тарих бойында әрдайым тұрақты әрі айқын болды. Хақ жолынан адасқан кез келген қауым мен халық соңында өлімге ұшырайды.   

«Қасас» сүресінің 44-45 аяттары:

 «وَمَا کُنتَ بِجَانِبِ الْغَرْ‌بِیِّ إِذْ قَضَیْنَا إِلَى مُوسَى الْأَمْرَ‌ وَمَا کُنتَ مِنَ الشَّاهِدِینَ»، «وَلَکِنَّا أَنشَأْنَا قُرُ‌ونًا فَتَطَاوَلَ عَلَیْهِمُ الْعُمُرُ‌ وَمَا کُنتَ ثَاوِیًا فِی أَهْلِ مَدْیَنَ تَتْلُوا عَلَیْهِمْ آیَاتِنَا وَلَکِنَّا کُنَّا مُرْ‌سِلِینَ»

(Мұхаммед Ғ.С.) Біз Мұса (Ғ.С.)-ға әмір бергенде сен батыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп түрғандардан да емес едің. (44) Алайда бірқанша нәрселер жараттық. Одан бері ұзақ уақыт өтті. Аяттарымызды оқу үшін Мәдян елінің ішінде болмадың, бірақ ол хабарларды жолдаушы бізбіз. (45).

Осы аяттар Құранда бұрынғы қауымдар мен пайғамбарлар туралы айтылғандардың ислам пайғамбарының шынайылығының дәлелі екендігін қуаттайды. Себебі хазірет сол оқиғалардың ешқайсына қатыспағанымен, сол қауымдарға қатысты оқиғалардың жай-жапсарын баяндаған. Пайғамбардың туғанынан бірнеше ғасыр бұрын Тур тауында хазірет Мұсаның пайғамбарлық оқиғасының жай-жапсары мен кейбірінің егжей-тегжейі Құранда баяндалған. Құранда Мұса хазіреттің Мысырдан қашып, Мадиян қаласына барған кездегі, Шұғайып хазіретпен таныстықтан кейінгі, яғни ол хазіреттің қызымен үйлену оқиғалары жазылған. Сонымен қатар хазірет Мұсаның Мадиянда он жыл тұрғаны, кейін оның Мысырға қайтып оралғаны баяндалған. Құранда тарихына мыңдаған жыл болған  көптеген қауымдардың оқиғалары мен олардың тағдырлары айтылған. Осы аяттардан үйренетінміз:

1.Құранда баяндалған тарихи хабарлар көбінесе Меккедегі пайғамбар заманындағы адамдардың олардан хабары болмаған ғайып хабарлар болды.

2. Құранның ғажайыптары мен ислам пайғамбарының шынайылығының дәлелдерінің қатарын Құрандағы аяттардың көңіл аударарлық бөлігі қамтылған ғайыптың хабарлары құрайды. 

«Қасас» сүресінің 46 аяты:

 «وَمَا کُنتَ بِجَانِبِ الطُّورِ‌ إِذْ نَادَیْنَا وَلَکِن رَّ‌حْمَةً مِّن رَّ‌بِّکَ لِتُنذِرَ‌ قَوْمًا مَّا أَتَاهُم مِّن نَّذِیرٍ‌ مِّن قَبْلِکَ لَعَلَّهُمْ یَتَذَکَّرُ‌ونَ»

Біз Мұса (Ғ.С.)-ға дабыстаған кезде Түр жақта емес едің. Бірақ саған мәрхамет түрінде сенен бұрын өздеріне ескертуші келмеген елге ескертуің үшін жіберілдің. Мүмкін, олар түсінер. (46)

Алдыңғы аяттар мен Құрандағы хазірет Мұса туралы хабарлардың ғайыптан келгендігін қуаттаудың жалғасында осы аят ислам пайғамбарына қаратып: «Исраил ұрпағының бастан кешкенін баяндау арқылы халыққа ескерту жасап, оларды өздерінің істерінің соңынан қорқытуың үшін саған түсіргеніміз Алланың мейірімі болды» дейді. Ислам пайғамбары өмір сүрген кездегі Мекке халқының пайғамбар көрмегені белгілі. Пайғамбар халықты бұрынғы қауымдардың оқиғаларынан хабардар етуі керек болды. Себебі осы хабарды баяндайтындай, хазіреттен бұрын үш ғасыр бойы пайғамбар келмеген еді. Бірақ Араб түбегі мен соның айналасындағы жерлерде Худ, Салеһ және Шұғайып сынды пайғамбарлар болған. Алайда олардың заманынан біршама уақыт өтіп, олардың ескерткіштері мен әсерлері жойылып кеткен еді.

Осы аяттаан үйренетініміз:

1.Пайғамбарлардың келуі мен аспандық кітаптардың түсірілуінің мақсаттарының бірі қапылдыққа душар болмау үшін және ақыретті ұмытпау үшін халыққа ескерту жасау болды.  

2. Ақыл мен ішкі болмыс көптеген ақиқатты адамға көрсетеді. Бірақ көптеген факторлар да осы ішкі дауыстан қапыл қалуға себеп болады. Сол себепті пайғамбарлар бәлкім, олар ақылға кірер, хақ жолына оралар деп, адамдарға ескерту жасайды.