Қаң 27, 2017 11:47 Asia/Almaty

Қасас сүресінің 47-50 аяттарының тәпсірі

«Қасас» сүресінің 47-48 аяттары:

 «وَلَوْلَا أَن تُصِیبَهُم مُّصِیبَةٌ بِمَا قَدَّمَتْ أَیْدِیهِمْ فَیَقُولُوا رَبَّنَا لَوْلَا أَرْسَلْتَ إِلَیْنَا رَسُولًا فَنَتَّبِعَ آیَاتِکَ وَنَکُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِینَ»، «فَلَمَّا جَاءَهُمُ الْحَقُّ مِنْ عِندِنَا قَالُوا لَوْلَا أُوتِیَ مِثْلَ مَا أُوتِیَ مُوسَى أَوَلَمْ یَکْفُرُوا بِمَا أُوتِیَ مُوسَى مِن قَبْلُ قَالُوا سِحْرَانِ تَظَاهَرَا وَقَالُوا إِنَّا بِکُلٍّ کَافِرُونَ»

Егер оларға қолекі істегендерінің салдарынан өздеріне бір бейнет жетсе, сонда олар: "Раббымыз! Бізге бір Пайғамбар неге жібермедің? Онда аяттарыңа бойсұнып, мүмін болар едік" дейді. (47) Ал оларға өз қасымыздан хақиқат келгенде олар: "Мұсаға берілгендер неге бұған берілмейді?" десті. Олар бұрын Мұса (Ғ.С.)-ға берілгенге қарсы келмеп пе еді? "Бірін-бірі сүйемелдеген екі сиқыр" десті. "(Құран мен Тәурат) бәріне де қарсымыз" десті. (48)

Осы аяттар тарих бойындағы илаһи сүннетердің біріне сілтеме жасап, былай дейді: «Құдай адамдарға ақыл берді. Олар өз ақылдарымен көптеген істердің жақсы немесе жамандығы мен көптеген әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің дұрыс, бұрыстықтарын түсінеді. Алайда Құдайдың сүннеті мынадай: бір қауымға пайғамбар жібермесе, оларды жасаған істері үшін жазаламайды. Себебі мұндай жағдайда күнәһарлар кешірім сұрап, сылтау айтып, егер бізге жетекшілік етуге пайғамбар жібергеніңде, біз жетекшілікке ерген, құтқарылатын адамдар болған болар едік дейді.

Бірақ пайғамбар жібергеннен кейін де бір топ сылтау айтып: «Хазірет Мұхаммад неліктен хазірет Мұса сияқты мұғжизалар көрсетпейді? Оның аса таяғы неліктен жыланға айналмайды немесе  дұшпандары суға батып кетуі үшін олардың алдынан теңіз қақ айырылмайды» десті. Құран олардың сылтауларына берген жауапта: «Хазірет Мұсаның заманында өмір сүріп, сол мұғжизалардың барлығын көрген адамдар оған иман келтіріп пе еді? Егер ислам пайғамбары да осылай жасағанда, ешкім имандарын тастауға сылтау таппайды деп ойлайсыңдар ма?» дейді.

Шындық мынада: сылтау іздеушілер әр уақытта илаһи мұғжизаларды сиқыр мен жады деп атап, оларды қабылдауға әзір болмады.

Һәм хазірет Мұсаның, һәм хазірет Мұхаммедтің қарсыластары оны сиқыршы деп атады; бір топ аса таяқтың жыланға айналуын сиқыр десе, келесі бір топ Құран аяттарын сөздің сиқыры деп атады.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Құдай пайғамбарларды жіберу арқылы адамдарға дәлелдерін аяқтап, олардың кез келген сылтау айтуының жолын жапты.

2.Көптеген қиындықтар мен ауыртпалықтар – біздің өзіміздің іс-әрекеттеріміздің салдарлары. Біздің жақсы-жаман әрекеттеріміздің осы дүниеде де әсері болады.

3.Сиқыр мен жады деген кәпірлердің илаһи пайғамбарларға жапқан ең кең таралған жалалар болып табылады.  Теріске шығарушылар «Таурат пен Құран бір-біріне қолдау көрсететін екі сиқыр кітабы» деген уәж айтатын.

 «Қасас» сүресінің 49-50 аяттары:

 «قُلْ فَأْتُوا بِکِتَابٍ مِّنْ عِندِ اللَّهِ هُوَ أَهْدَى مِنْهُمَا أَتَّبِعْهُ إِن کُنتُمْ صَادِقِینَ»، «فَإِن لَّمْ یَسْتَجِیبُوا لَکَ فَاعْلَمْ أَنَّمَا یَتَّبِعُونَ أَهْوَاءَهُمْ وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنِ اتَّبَعَ هَوَاهُ بِغَیْرِ هُدًى مِّنَ اللَّـهِ إِنَّ اللَّـهَ لَا یَهْدِی الْقَوْمَ الظَّالِمِینَ»

(Мұхаммед Ғ.С.): "Егер, рас айтушы болсаңдар, Алла тарапынан ол екеуінен турарақ бір кітап әкеліңдер. Мен де соған ілесемін" де. (49) Сонда да саған жауап бермесе, шын мәнінде олардың өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Алладан бір жөн-жосықсыз өз көңілдері ауған жаққа ілескеннен әрі адасқан кім бар? Әрине Алла залым елді тура жолға салмайды. (50).

Кәпірлердің илаһи пайғамбарларды сиқыршылықпен айыптаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар ислам пайғамбарына арнап: «Өзіңнің қарсыластарыңа айт: Таурат пен Құранның илаһи екі кітап екендігін теріске шығаратын сендер осы екі кітаптан жетекшілігі жоғары бір кітап әкеліңдер. Сол кезде менің сендердің кітаптарыңа еретіндігіме шәк келтірмеңдер» дейді. Басқаша айтқанда, пайғамбар былай деді: «Мақсат – илаһи жетекшілікке жету. Егер сендер де Құдай тарапынан пайғамбарлыққа таңдалып, кітап әкелгендеріңде біз де қабылдап, соған ереміз» деді.

Бірақ, не олардың Құдай тарапынан мұндай кітап әкелмейтіндіктері, не Құраннан кемел кітаптың болмайтындығы анық. Олар өздерінің нәпсілік талап-тілектеріне жетуді қалап, аспандық кітаптар мен пайғамбарларды өздерінің нәпсілік тілектеріне қарсы санағандықтан оларға күдік-күмән келтірді. 

Шын мәнінде нәпсіқұмарлық хақты қабылдауға кедергі болып, адамдарды адасушылыққа жеткізеді. Нәпсіқұмарлар пайғамбарларды адасушы, өздерін көздері ашық әрі дұрыс жолдағы адамдар деп санайды.

Осы аяттардан үйренетініміз.

1.Хақты дәлелдеу үшін кейде қарсы шығып, күрес пен диалогқа шақыру керек. Себебі пайғамбар мен Құранның шынайылығының дәлелдерінің қатарына қарсы шығып, күреске шақыру жатады.

2Адам хаққа бағынуы керек. Тіпті, егер қарсылас та хақ сөзін айтса, оны қабылдау керек. 

3.Шынайы жетекшілік – адамның жарым-жарты, нәпсілік тілектерімен араласқан ғылымнан емес, Алланың шексіз ғылымы мен хикметінен бастау алған жетекшілік.