Қаң 28, 2017 18:03 Asia/Almaty

Қасас сүресінің 51-55 аяттарының тәпсірі

«Қасас» сүресінің 51-52 аяттары:

 «وَلَقَدْ وَصَّلْنَا لَهُمُ الْقَوْلَ لَعَلَّهُمْ یَتَذَکَّرُونَ»، «الَّذِینَ آتَیْنَاهُمُ الْکِتَابَ مِن قَبْلِهِ هُم بِهِ یُؤْمِنُونَ»

Расында оларға түсінулері үшін сөзімізді жалғастырдық. (51) Бұрын өздеріне кітап бергендеріміз Құранға сенеді. (5-С. 83-А.) (52)

Бұл аяттар алдымен мүшіріктердің күпіршілігі мен қырсықтықтарына тоқталып, былай дейді: «Біз Құран мүшіріктердің жүректеріне әсер етуі үшін аяттарды біртіндеп, үздіксіз түсірдік, бірақ олар тыңдамай, хақ сөзді қабылдамады. Басқа пайғамбар мен басқа кітапқа иман келтірген кейбір кітап иелері ислам пайғамбарының шынайлығын түсінген кезде ол хазіретке иман келтіріп, соңынан ерді».

Мысал ретінде тарихи рауаяттарда Эфиопияда тұратын кейбір священниктердің осы елдің патшасы Наджашидың ұсынысымен ислам пайғамбары әкелген дінді зерттеп, онымен танысу үшін Меккеге келгені айтылған. Олар Алланың елшісінің жүрекке қонымды сөздерін естіп, иман келтірген. Сөйтіп, олардың өздері діннің насихатшыларына айналған.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Тәрбие – біртіндеп, таңу мен мәжбүрлеу арқылы емес, ескерту мен нұсқау арқылы жүзеге іске асырылатын іс.

2. Аспандық кітаптар мен діни жетекшілер бір сөз бен бір мақсатты көздейді.

3. Нағыз кітап иелері – ислам пайғамбары мен хазіреттің дінімен танысқан соң оған иман келтіріп, өздерінің діні мен сенімдеріне қатысты біржақтылыққа салынбайтын адамдар.

«Қасас» сүресінің 53-54 аяттары:

 «وَإِذَا یُتْلَى عَلَیْهِمْ قَالُوا آمَنَّا بِهِ إِنَّهُ الْحَقُّ مِن رَّبِّنَا إِنَّا کُنَّا مِن قَبْلِهِ مُسْلِمِینَ»، «أُولَـئِکَ یُؤْتَوْنَ أَجْرَهُم مَّرَّتَیْنِ بِمَا صَبَرُوا وَیَدْرَءُونَ بِالْحَسَنَةِ السَّیِّئَةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ یُنفِقُونَ»

Оларға Құран оқылғанда: "Біз бұған сендік. Рас, ол Раббымыз тарапынан түсірілген хақ сөз. Негізінде бұрыннан-ақ бой ұсынған едік" деді. (53) Міне, соларға сабыр еткендіктері үшін сыйлықтары екі есе беріледі және олар жамандықты жақсылықпен жойып, өздеріне берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды. (54).

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар былай дейді: «Пайғамбарға иман келтірген кітап иелерінің сол тобы түзу жүрекке ие. Олар хақтың алдында мойынсұнады. Пайғамбар оларға Құран аяттарын оқыған кезде: «Біз оны Құдай тарапынан келді деп санаймыз. Оған иман келтірдік. Себебі бұдан бұрын да өзіміздің пайғамбарымыздың алдында бойсұнып, оған иман келтірген болатынбыз» дейді. Құран былай дейді: «Сол себепті олар  екі рет сый алады: біріншісі, алдыңғы кітап пен сол кездегі пайғамбарға деген сенімдері үшін, екіншісі ислам пайғамбары мен хазіреттің кітабына иман келтіргендері үшін. Сонан кейін Құдай таза жүректі мүміндерді сипаттауда: «Олар жамандықтарға жақсылықпен жауап береді. Жаман сөздерге қарсы ізгі, жағымды сөздер айтады. Жаман қатынастардың алдында сабыр сақтап, шыдамдылық танытады. Мейірімсіздіктерге қарсы мейірім мен махаббат білдіреді. Олар инфақ пен мақұрымдарға көмектесетін, басқаларды ұмытпайтын адамдар» дейді.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Хақты жақсы көретіндер хақты мақсат етеді. Хақ сөзді айтатынның кім екендігі, қай нәсілден екендігі мен қай уақытта айтатындығы олардың мәселесі емес. Негізгі мәселе – хақтың өзі. Олар үшін осы маңызды. Сол себепті хақ сөзді кім айтса да, қабылдау керек.

2.Хақты қабылдау әртүрлі қиындықтар мен қарсыластықтардың алдында сабыр сақтау мен шыдамдылық танытуды қажет етеді.

3.Әлеуметтік қатынастар мен басқалармен қатынастағы негіз – кешірімде. Бірақ жоғарырақ деңгей бізге жамандық жасаған адамдарға жақсылық жасауда.

«Қасас» сүресінің 55 аяты:

 «وَإِذَا سَمِعُوا اللَّغْوَ أَعْرَضُوا عَنْهُ وَقَالُوا لَنَا أَعْمَالُنَا وَلَکُمْ أَعْمَالُکُمْ سَلَامٌ عَلَیْکُمْ لَا نَبْتَغِی الْجَاهِلِینَ»

Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрып: "Біздің ісіміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе тән. Сендерге сәлем. (Қош енді.) Надандарды қаламаймыз" дейді. (55)

Алдыңғы аяттардың жалғасында осы аят басқалардың жаман сөздері мен қылықтарына қатысты сабыр сақтаудың белгілерінің бірін былайша баяндайды: «Нағыз мүміндер егер жаман, бос сөз еститін болса, олардың өздеріндей қарсыласпайды. Оларға жауап бергенде жаман сөз айтпайды. Керісінше, олармен ымыраласып, бейбіт түрде құрметпен: «Егер біздің ісіміз бен жолымыз бұрыс болса, оның салдарлары сендерге емес, өзімізге тиеді. Егер сендердің істерің бұрыс болса, салдары бізге емес, сендердің өздеріңе тиеді. Сендерге жақсылық, бізге саулық болсын! Біз жәһілдік істерді көздемейміз. Егер сендер бізге жаман қатынас жасайтын болсаңдар, біз сендерге ондай қатынас жасамаймыз» дейді.

Осы аяттан үйренетініміз.

1. Құдайға иманның шарты – бос, жаман сөздерден аулақ болуда. Басқаларға да жаман сөз айтпайық. Бізді қорлап, мазақтаған адамдарға жауап бергенде олар сияқты сөз айтпайық.Себебі, нағыз мүмін бос сөзден бой тартады.

2. Сөйлеу мен естуде, көруде және қарым-қатынаста бостықтан бой тарту – барлық діндерде мадақталатын жағымды сипат.  

3. Егер біздің теріске шығаруымыздың әсерінің жоқ екендігін білсек, оның жағымсыз ісіне біздің келіспейтіндігіміз бен оны қолдамайтындығымызды білуі үшін тым болмағанда теріске шығарушы мен соны жасаушыдан теріс айналуымыз керек.