Қаң 29, 2017 20:30 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 104

Имам Садық (ғ.с.): «Екі мұсылман бір-біріне реніш білдірсе, Ібіліс қуанады. Мұсылмандар бір-бірімен татуласқан кезде Ібіліс тізесін бүгіп, әлсіреп: «Мен өлдім»,- деп айқайлайды» деген.

Татуласу – ашуланып, бір-бірінен алысатудан кейін реніш пен кекті  ұмытып, қайта достасу. Алла Тағала Құранның әртүрлі аяттарында әртүрлі түрде татуласудың маңыздылығын көрсетеді. Бір адамның ортаға түсіп, кекті ұмыттырып, байланыс орнатуға  көмектесуі – жағымды іс. Әрине одан жақсысы, ашуланған адамның басқаларды күтпей, татуласу жолында өзінің қадам жасауы саналады. Имам Хусейн (ғ.с.): «Егер екі адамның арасында қайшылық пайда болып, олардың біреуі татуласуға қарай қадам басса, екіншісінен жылдамырақ жұмаққа түседі»,- деген. Ренішке себеп болған адамнан жылдам татуласуды күтуге болмайды. Имам Хади (ғ.с.): «Ренжіткен адамнан достық пен мейірімділік күтпе»,- деген болатын («Бихар әл-Анвар» 71-ші том). Егер бір-біріне ренжіген адамдар бір-бірімен татуласа алмаса, оларды басқалардың татуластырғаны жөн. Бұл іс басқалардың ісіне араласу саналмайды. Осыған орай Құран Кәрімнің аяттарында қоғамдық жұмыстарға жақсы істер ретінде назар аудартып, жағдайды өзгертудің нәтижесінде татуласудың орын алатындығы баяндалады. «Инфал» сүресінің 1-ші аятында: «...Егер мүмін болсаңдар, Алладан қорқып, араларыңды жарастырыңдар» және «Худужрат» сүресінің  10-шы аятында мүмін бауырлардың арасын татауластыруды  жақсылық деп атап: «..Сондықтан екі туыстарыңның арасын жарастырыңдар»,- деп бұйырды. Имам Садық (ғ.с.) татуластырудың маңыздылығы туралы: «Алламен ант етемін, Лұқманға даналық оның мал-мүлкі мен жаны үшін берілген жоқ. Оған Алланың бұйрығын орындап, Алла жолында иманды болғаны үшін берілді. Ол қайшылыққа ие болып, бір-біріне қарсы шыққан адамдардың қасынан оларды татуластырмай еш уақытта өтіп кетпейтін еді»,- деген болатын. Адамдарды татуластыру шеберлік пен арнайы мүмкіндікті қажет етеді. Негізінде бір-біріне дұшпан адамдарды татуластыру екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Өйткені, татуластыру білім мен тәжірибені қажет етеді. Кейбір  кезде татуластыру үшін қаржы жұмсайтын жағдай да болады. Бұл мәселе қаржы қайшылықтарын шешкен жағдайда маңызды болып табылады. Имам Садық (ғ.с.) өзінің Мофзал Куфи деген шәкіртіне: «Менің екі жақтасымның арасында қайшылық байқалса, өзіңе аманатқа қалдырған менің мүлкімнен шығындарын төлеп, оларды татуластыр»,- деген. Кейбір уақытта адамдарды татуластырып, олардың жүректеріндегі кектерін ұмыттыру үшін шындықтан алыс сөздерді де айтуға тура келеді. Имам Садық (ғ.с.) халықты татуластыру ағымындағы өтіріктің рөліне тоқталып, оны шындық пен өтірікке қоспай, сөздің үшінші түрі деп атап: «Сөздің үш түрі   бар: шындық, өтірік және халықты татуластыратын сөз» деді. «Халықты татуластыратын сөз деген не?» деп сұрағанда: «Егер біреу туралы оны ренжітетін сөз естісең, сол адамды көрген кезде естігеніңді айтпай: «Пәленшеден сен туралы осылай жақсы айтқанын естідім»,- деп айтылған сөз»,- деді. Бұл рауаят бізге қоғамның саулығы мен қарым-қатынастарын сақтап қалу үшін пәк тұлғалардың бүлік тудыратын шындықтың орнына орынды өтірікті  пайдаланғанын көрсетеді. Алланың елшісі: «Расында, Алла Тағала  дұрыс жолға нұсқайтын өтірікті жақсы көреді. Бұзақылыққа себеп болатын шындықты жек көреді»,- деген. («Васаел әш-Шие», 8-ші том). Алайда дұрыс жолға нұсқайтын бұрыс сөздің шегі болғаны жөн. Олардан шығуға болмайды, әйтпесе адам өтірік айтуға әдеттеніп кетеді.