Қаң 29, 2017 20:34 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 105

Алдап-арбау – шайтанның құралдарының бірі. Ислам оны қатты айыптайды. Алла елшісінің рауаяттарының бірінде: «Егер адам мұсылман бауырын алдау ниетімен оянса, өкініп, тәубе еткенге дейін Алланың ашу-ызасымен кезгеді. Бірақ, егер бауырың алдау ойымен өлсе, дүниеден мұсылман емес болып кеткені»,- деді. («Бихар әл-Анвар», 73-ші том).

 Танымал ғалым Мұхаммад Маһди Нарақи «Джаме әс-Саадат» кітабында: «Айла-шарғы – өлімге жетелейтін жағымсыз үлкен сипаттардың бірі. Оның күнәсі басқаларға азап-қорлық көрсетудің күнәсінен көбірек. Мұндай жағдайда екінші тарап шабуыл жасаушы адамның мақсатынан хабардар болып, ықтият сақтап,  өзін  қорғауға  талпынады. Бірақ қапыл адам ықтият сақтамайды, өйткені алдаушы адамды жанашыры деп ойлайды. Осыған орай Алла елшісі: «Мұсылманды алдап, оған қастық ойлайтын адам бізден емес»,- деген болатын. («Усул Кафи», 4-ші том). Кейбіреулер басқаларды әртүрлі тәсілдермен алдап, арбап, олардың құқықтарымен санаспауды зеректік деп ойлайды. Қапыл адам зерек деп, шайтанның алдауынан абай болып, нәпсісімен санаспайтын, тура жолға түсіп, басқалардың құқықтарын бұзудан тартынатын адамды айтатыны туралы білмейді.  Имам Әли (ғ.с.) Муавиені саясаткер және зерек деп атап, оны дарын мен ақылдың иесі, ал имамды ақылдан кенде, әрі оған қарсы тұру қажет деп айтқан аңқауларға: «Алламен ант етемін, егер иманның шектеулері болмағанда, мен барлық адамдардан зеректеу болар едім»,- деген. Хазірет келесі бір сөзінде: «Егер басқаларды алдап-арбаудың салдары тозақ өрті болмағанда, мен басқалардан көбірек алдау тәсілдерімен таныспын»,- деген. («Васаел әш-Шие, 12-ші том). Сондай-ақ имам Әли (ғ.с.) зерек пен алдаушының айырмашылығын анықтау үшін: «Зеректіктен айырылу алдауға тірейді»,- деп ескерткен.  Алдап-арбау – шайтанның құралдарының бірі. Ислам оны қатты айыптайды. Алла елшісінің рауаяттарының бірінде: «Егер адам мұсылман бауырын алдау ниетімен оянса, өкініп, тәубе еткенге дейін Алланың ашу-ызасымен кезгеді. Бірақ, егер бауырың алдау ойымен өлсе, дүниеден мұсылман емес болып кеткені»,- деді. («Бихар әл-Анвар», 73-ші том).

 Ислам діні адамдардың ой-пікірі мен рухани саулығына көп мән береді. Бұл дінде адам өзінің ойы мен пікіріне алдап-арбауға орын бермегені жөн. Имам Әли (ғ.с.): «Естен тану мен алдау – құнсыздықтың белгісі»,- деген. Расында адамгершілікке табанды адамдар басқалармен қарым-қатынас орнатқан кезде алдау-арбауды пайдаланбайды. Өйткені, алдау-арбау – нәпсінің қорлығы және жамандықтың белгісі. Имам Әли (ғ.с.): «Ақылды алдау үшін пайдаланатын адам, шын мәнінде өз ақылын алдағаны. Ал өз ақылын алдауы – Алланың берген күшін дұрыс пайдалана алмауының белгісі» деген. Сонымен қатар: «Арамдық жасаушының діні жоқ»,- деген болатын. Күнә мен жаман ахлақ, әсіресе, егер кімде-кім бір адамға сенім артса, сол адам бұл сенімді өз мүддесіне пайдаланса, әрқашан және барлық жерде жаман әрі жағымсыз саналады. Кейбір рауаяттарда сенім артқан адамды алдаудың күнәсі тауһидті теріске шығару күнәсімен бірдей екендігі туралы айтылған. Имам Әли (ғ.с.): «Саған сенім артып, сені сенімді санаған адамға арамдық жасау күпірлік саналады»,- деген. Осыған орай діни тағылымдар бойынша арамдық жасаушылар мен алдап-арбайтындарды кеңесші етіп алмауға, оларға аманаттарды тапсырмауға кеңес берілген. Яғни, өмірдегі маңызды мәселелерді қу адамдардан жасырын ұстау керек. Өйткені имам Әли (ғ.с.)-ның айтуынша, «Арам адам – сенімсіз». Халықпен қарым-қатынасын адал орнатпай, өтірікші болған адамға Алла Тағала барлық арамдығы мен айлаларын өзіне қайтарады. Имам Әли (ғ.с.) бұл туралы: «Халыққа өтірік айтқан адамға Сұбхан Алла барлық айлаларын қайтарады»,- деген. Айлалар іс-әрекет және сөз түрінде болады. Яғни, өтірік, ғайбат, жала, өсек айтпау керек. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) айтылған өтірікті барлық күнәлардың көшбасшысы деп атап: «Барлық мінез-құлық бұзақылығы мен ахлақтық кемістік пен осыған байланысты күнәлар бір үйде жиналып, оның кілті өтірік саналады»,- деген болатын.