Ақп 06, 2017 18:26 Asia/Almaty

Қасас сүресінің 59-63 аяттарының тәпсірі

«Қасас» сүресінің 59 аяты:

 «وَمَا کَانَ رَبُّکَ مُهْلِکَ الْقُرَى حَتَّى یَبْعَثَ فِی أُمِّهَا رَسُولًا یَتْلُوا عَلَیْهِمْ آیَاتِنَا وَمَا کُنَّا مُهْلِکِی الْقُرَى إِلَّا وَأَهْلُهَا ظَالِمُونَ»

(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың кенттердің орталығына оларға аяттарымызды оқитын бір елші жібермейінше жоқ етуші емес. Халқы залым болған кентті ғана жоқ етеміз. (59)

Алдыңғы бағдарламада өздерінің байлықтарын сақтап қалу үшін иманды қабылдауға әзір болмаған адамдарға берген жауапта Құдай былай деді: «Осы дүниеге масаттанып, бүлік шығарған, біз олардың көздерін жойған бұрынғы қауымдардың қирандыларын сендер өз көздеріңмен көрдіңдер».

Осы аят жалғасында тарих бойындағы Алланың жалпы бір дәстүрі ретінде былай дейді: «Бірақ әлемнің Пәруәрдігері Құдайдың сөзін олардың құлақтарына жеткізетін пайғамбар жібермейінше оларды өлтірмейді». Шын мәнінде Алланың жазалау туралы бұйрығы адамдар Алланың белгілерін естіп, оны теріске шығарған кезде шығарылады. Егер адамдар пайғамбарды көріп, илаһи уәхиді ести тұра Құдайдың елшісімен қарсыласып, онымен және ол әкелген дінмен әділетсіз қатынас жасайтын болса, осы дүниеде азапқа ұшырап, өлімге ұшырайды. 

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Құдай адамдарға дәлелді аяқтағанша оларды жазаламайды.

2.Пайғамбарларды теріске шығарып, хақпен қарсыласу – Құдай ондай іске осы дүниеде жауап беретін үлкен зұлымдық.

«Қасас» сүресінің 60-61аяттары:

 «وَمَا أُوتِیتُم مِّن شَیْءٍ فَمَتَاعُ الْحَیَاةِ الدُّنْیَا وَزِینَتُهَا وَمَا عِندَ اللَّـهِ خَیْرٌ وَأَبْقَى أَفَلَا تَعْقِلُونَ»،«أَفَمَن وَعَدْنَاهُ وَعْدًا حَسَنًا فَهُوَ لَاقِیهِ کَمَن مَّتَّعْنَاهُ مَتَاعَ الْحَیَاةِ الدُّنْیَا ثُمَّ هُوَ یَوْمَ الْقِیَامَةِ مِنَ الْمُحْضَرِینَ»

Сендерге берілген нәрсе дүние тіршілігінің бұйымы, зейнеті ғана. Ал Алланың қасындағы нәрсе қайырлы да тұрақты. Енді де ойламайсыңдар ма? (60) Ал енді өзіне жақсы уәде беріп, соған қауышатын біреу өзін дүние тіршілігінде пайдаландырып, сосын қиямет күні жазаға әзірленетін кісілер тәрізді ме? (61)

Осы аяттар да дүниелік өмірді сақтау сылтауымен иман келтіруге әзір болмаған адамдарға жауапта былай дейді: «Құдайдың жанындағы мен осы пәни дүниедегі өздеріңнің жандарыңдағы бірдей көресіңдер ме? Соған жету үшін мына материалды нәрселерден қол үзе алмайсыңдар ма? Дүниелік ырзықтар мен нығметтердің сендердің көздеріңді толтырғаны сондай, рухани сұлулықтар мен мәңгілік бақытты көрмейсіңдер. Қияметтің баянды нығметтеріне жету үшін оларға көзжұмбайлық таныта алмайсыңдар ма?»

60-шы аяттың соңы да жанама түрде бұл істі ақылға қайшы санап, олардан: «Ойланбайсыңдар ма?» деп сұрайды. Қарапайым ғана салыстыру ақылды адамға мәңгілік нығметті пәни нығметтің жолында пида етуге болмайтынын түсіндіреді.

Аяттардың жалғасы сыртқы көріністерді ғана көретін адамдардың жағдайын иман адамдары болып табылатын реалист адамдармен салыстырып: «Бүгін Құдайдың уәделеріне сеніп, Құдай жолында іс жасайтындар қияметте илаһи жақсы сый алады, бірақ осы материалды дүниеге байланып, өткінші әлемге масаттанғандар қияметте тақуалық азығының орнына күнәһарлардың жүгін иықтарына асып, тозақ жаққа жөнелтіледі».

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Дүниелік және ақыреттік нығметтердің екеуі де Құдай тарапынан. Бұл дүниенің шектеулі пәни нығметтерінің ақыреттің шексіз, мәңгілік нығметтерінен бізді мақұрым етуінен абай болайық. Мұндай жағдайда қатты зиян шегетін боламыз.

2.Ақылды адамның белгісі – пәни дүниеге салынбауында. Ол мәңгілік сарайды мына өткінші әлемге сатпайды. Бұл дүниенің сыртқы көріністеріне алданудың орнына ақыретімізді ойлауға талпыныс жасайық. Мастық пен қапылдықтың салдарынан туындайтын дүниелік қызықтардың ақыретте пәс түрде шақырылуға себеп болатындығын естен шығармайық. 

3.Дінді уағыздау мен адамдарды тәрбиелеуде салыстыру тәсілі мен зейіндерді оятатын сауалдар түрінде мәселені баяндау көбірек нәтиже береді.

 «Қасас» сүресінің 62-63 аяттары:

 «وَیَوْمَ یُنَادِیهِمْ فَیَقُولُ أَیْنَ شُرَکَائِیَ الَّذِینَ کُنتُمْ تَزْعُمُونَ»، «قَالَ الَّذِینَ حَقَّ عَلَیْهِمُ الْقَوْلُ رَبَّنَا هَـؤُلَاءِ الَّذِینَ أَغْوَیْنَا أَغْوَیْنَاهُمْ کَمَا غَوَیْنَا تَبَرَّأْنَا إِلَیْکَ مَا کَانُوا إِیَّانَا یَعْبُدُونَ»

(Алла Т.) ол күні оларға: "Сендердің Маған серік деп ұйғарғандарың қайда?",- деп, дабыстайды. (62) Өздеріне сөз келгендер: "Раббымыз! Бұлар біз адастырғандар; оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан безіп, Саған келдік. Олар негізінен бізге табынбайтын еді" дейді. (63)

Бұл аяттар мүшіріктердің қияметтегі жағдайына сілтеме жасап: «Олар ешбір жәрдемші және панасыз қияметтің сахнасына келгенде Құдай оларға: «Пәни дүниеде өздеріңнің тұрмыс-тіршіліктеріңде маған серік қосқандарың бүгін қайда?» деп сұрайды. Аяттардың жалғасында: «Сол кезде адамдар табынған күпіршілік пен шерктің жетекшілері пайда болып: «Олар бізге «Сендерге бойсұндық, сендер біздің тәңірлеріміз болдыңдар» деген уәж айтады. Бірақ, шын мәнінде, олай емес. Олар өздерінің нәпсілік қалауларына бағынып, өздерінің тілектеріне жету үшін бізге келіп, біз сияқты адасты. Іс жүзінде біз олардың тәңірлері болған жоқпыз. Бұл тұрғысынан олардан бас тартамыз» дейді.

Бұл аяттардың қияметтің сотын бейнелеуі ұрлық немесе қылмыс жасаған айыптыларды  сыбайластарымен ұстап әкелген осы дүниедегі сотқа ұқсайды: олардың әрқайсы күнәні басқаға жауып, өзін кінәсіз етіп көрсетуге тырысып: «Бізді алдап, осы жолға түсірген басқалар болған» дейді.  Қарсы тараптар да «Күнәні біздің мойнымызға артпаңдар, бүлік шығарып, адасқан өздеріңсіңдер» дейді. Мұндай уәждердің Пәруәрдігердің әділ сотында қабылданбайтындығы, қылмыскерлердің өз қылмыстарының сазайын тартатындықтары белгілі.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1. Адамдар немесе заттар Құдаймен бір қатарда тұрады деген ой жалған, ақиқаттан алыс.

2. Басқаларды Құдайдың орнына өзі жаққа шақыратын адам қияметте қатты жазаға ұшырайды.

3.Алданып, адасқан адамдар басқаларды да адастыруды мақсат етеді.   

4. Қияметте адастырушылар мен солардың ізбасарлары бір-бірінен бастарын алып қашады, бірақ оның пайдасы болмай, барлығы тозаққа жөнелтіледі.