Ақп 06, 2017 18:44 Asia/Almaty

Қасас сүресінің 64-69 аяттарының тәпсірі

«Қасас» сүресінің 64 аяты:

 «وَقِیلَ ادْعُوا شُرَکَاءَکُمْ فَدَعَوْهُمْ فَلَمْ یَسْتَجِیبُوا لَهُمْ وَرَأَوُا الْعَذَابَ لَوْ أَنَّهُمْ کَانُوا یَهْتَدُونَ»

Ал оларға: "Қосқан ортақтарыңды шақырыңдар" делінеді. Сонда олар шақырады. Олар жауап бермейді. Олар тозақты көреді. (Қап!) Олар тура жолда болған болса еді. (64)

Алдыңғы бағдарламада қияметте күпіршілік пен шерктің жетекшілері өздерінің соңдарынан ергендерден бастарын алып қашып, олардың бұрмаланған жолға түскендерінің жауапкершіліктерін қабылдауға әзір болмайтындықтарын айттық. Осы аят былай дейді: «Мүшіріктер өздерінің ойдан жасап алған тәңірлерінің қауқарсыздықтарын қияметте көруі үшін оларға: «Өздерің Құдайға серік етіп қосқандарыңды сендерге жәрдемдесіп, сендерді құтқаруы үшін шақырыңдар» деп айтылады. Бірақ олар тарапынан жауаптың естілмейтіндігі және көмектің көрсетілмейтіндігі белгілі. Дәл сол кезде олар «Шіркін, Алланың жетекшілігін қабылдағанымызда ғой, бүгін тозақта осыншалықты жалғыз әрі қорғансыз қалмас едік» деп армандайтын болады.  Осы аяттан үйренетініміз:

1.Осы дүниеде Құдайдан басқаға сеніп, соның соңынан еретін болсақ, қияметте Құдайдың жәрдемінен мақұрым қалатын боламыз.

2.Қиямет – жолдан тайғандар мен күнәһарлар өкініп, қасірет шегетін күн. Бірақ одан не пайда?

«Қасас» сүресінің 65-66-67 аяттары:

 «وَیَوْمَ یُنَادِیهِمْ فَیَقُولُ مَاذَا أَجَبْتُمُ الْمُرْسَلِینَ»، «فَعَمِیَتْ عَلَیْهِمُ الْأَنبَاءُ یَوْمَئِذٍ فَهُمْ لَا یَتَسَاءَلُونَ»، «فَأَمَّا مَن تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَعَسَى أَن یَکُونَ مِنَ الْمُفْلِحِینَ»

(Алла Т.) ол күні оларға: "Елшілерімізге не жауап бердіңдер?",- деп, дабыстайды. (65) Сол күні оларға хабарлар естілмейді де (өзара да) сұраспайды. (66) Ал енді кім тәубе етіп, иман келтіріп ізгі іс істесе, қүтылушылардан болуы үміт етіледі. (67)

Мүшіріктердің қияметтегі жағдайы туралы алдыңғы аяттың жалғасында бұл аяттар: «Пайғамбардың шақыруына қандай жауап бердіңдер? Пайғамбарларың сендерді бір Құдайға табынуға және ізгі істер жасауға шақырғанда оларға сендер қандай жауап бердіңдер?» деп сұрайды.

Мүшіріктердің бұл сауалға беретін жауаптарының болмайтындығы шүбәсіз. Егер пайғамбарлардың шақыруын қабылдап, иман келтірдік десе, бұл үлкен өтірік. Қияметте өтірік өрге баспайды. Егер: «Оларды теріске шығарып, сиқыршы және жынды деп атап, олармен қарсыласып, соғыстық» десе, өз тілдерімен өздерінің күнәларын мойындап, жазаны өз жандарымен сатып алады. Олар қияметте не айтса да өздері үшін зиян болады.   

Бұл сауалдан қашатын олардың ешбір жолдары жоқ. Олар бұған жауап беруде кешірім сұрап, сылтау айта алмайды. Олардың келесі мәселелері мынада: олар өздерінің серіктерімен кеңесе алмайды, не бір-бірінен сұрау арқылы Құдайдың бұл сауалына жауап беру үшін жол таба алмайды.

Аяттардың жалғасы былай дейді: «Бүгін осындай дәрменсіз күйге түсіп, тығырыққа тірелгендер үшін осы дүниеде жолды жаппаған болатынбыз. Олар кез келген сәтте тәубеге келіп, илаһи пайғамбарларға иман келтіріп, дұрыс істер жасай алатын. Ондай жағдайда бақыт пен құтылатындардың қатарына болар еді. Бүгін азапқа душар бомайтын еді».

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Мүшіріктердің қияметтің сотында һәм Құдайға шерк келтіргендері үшін, һәм пайғамбарларды теріске шығарғандары үшін беретін жауаптары болмайды.

2.Қияметте хабар алудың жолдары жабылып, адамдар бір-бірімен пікірлесіп, кеңесіп, сұрап Алланың әділ сотына жауап дайындай алмайды.

3.Ислам дінінде мүшіріктер мен күнәһарлар үшін де тығырық жоқ. Ислам дінінің тәсілі мынадай: кәпірлер мен күнәһарлар  бейбастақтық пен ластықтың қандай кезеңінде бомасын, Хақ жолына қайтып оралуы үшін тәубеге келу мен қайтып оралудың жолын ашып қояды. 

4.Адамның құтылуы жамандықтарды тастап, жақсылық жасауына байланысты.

 «Қасас» сүресінің 68-69 аяттары:

 «وَرَبُّکَ یَخْلُقُ مَا یَشَاءُ وَیَخْتَارُ مَا کَانَ لَهُمُ الْخِیَرَةُ سُبْحَانَ اللَّـهِ وَتَعَالَى عَمَّا یُشْرِکُونَ»، «وَرَبُّکَ یَعْلَمُ مَا تُکِنُّ صُدُورُهُمْ وَمَا یُعْلِنُونَ»

Раббың қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Алла (Т.) олардың қосқан серіктерінен пәк, өте жоғары. (68) Раббың олардың көңілдеріндегі жасырған нәрселерін де, көрнеу істеген нәрселерін де біледі. (69)

Осы аяттардың соңында Құран Алланың жаратылыстарының жаратылыс пен шариғаттағы рөліне сенген мүшіріктерге берген жауапта: «Құдай нені жаратып, қалай жаратуы керектігін, қай адамды пайғамбар етіп таңдайтынын, адамдарға қай заң мен қандай шариғатты орнатуды өзі біледі. Оны ешкім бір істі жасауға мәжбүрлей алмайды немесе оның қалауына кедергі болатын ешкім жоқ» дейді». 

Құдайдың қалауымен адамдар жоғары түрде жаратылды, бірақ олардың ықтияры Алланың ықтиярынан басым емес. Себебі жаратылыс пен жеңіс Құдайдың еркінде. Жаратылыс істерінде ешбір адамның өзі мен басқа тіршілік иелерінің жаратылысында рөл атқармағаны әрі атқармайтындығы шәксіз. Шариғат істерінде де солай. Егер Құдай адамдардан бір істі жасауды немесе тастауды қаласа олардың Құдайдың алдында еріктері жоқ. Оның қалауына қарсы заң шығаратындай еріктері жоқ.  «Ахзаб» сүресінің 36 аятында: «Алла (Т.) және Елшісі, қашан бір іске үкім берсе, мүмін ер және мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуына болмайды деп айтылған.

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Жаратылыстың жаратылысы мен оның істерінің хикметі, сонымен қатар заң шығару және пайғамбарлар мен аспандық жетекшілерді сайлау – мұның барлығы Құдайдың қолында.

2. Адам Құдайдың заңының орнына адамның заңын қабылдаса, шын мәнінде адамды шариғат істеріне Құдайға серік етіп қосқан болады.