Ақп 12, 2017 23:55 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (97)

ИИР Үнді мұхиты жағалауындағы елдердің ұйымымен (IORA) әріптестік жасауға әзір.

Индонезия президентінің арнайы елшісі Хасан Вира Джуда осы аптадағы Теһран сапарында өз елінің президентінің Иранның басшысына Үнді мұхиты жағалауындағы елдердің ұйымының (IORA) Джакартада өтетін 20-шы саммтиіне қатысуға жолдаған шақыру қағазын  Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке тапсырды. Үнді мұхиты жағалауындағы елдердің (IORA) саммиті Джакартада наурыз айының бесінен жетісіне дейін мамандар, Сыртқы істер министрлері мен басшылар деңгейінде өтетін болады.

Үнді мұхиты жағалауындағы елдердің ұйымына (IORA) жалпы халық саны 2 миллиард адамды және жер аумағы 20,5 миллион шаршы километрді құрайтын Азия, Африка және Океанияның 19 мемлекеті мүше болып табылады. Бұл ұйымның мақсаттары аймақ пен мүше елдердіжан-жақты әрі тұрақты түрде дамыту, ортақ және өзара мүдделер үшін ең тиімді мүмкіндіктер беретін экономикалық ынтымақтастық салаларына назар аудару,  сауданыырықтандыру жәнеҮнді мұхиты аймағындағы сауда, инвестиция мен технологияның қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді жою болып табылады. Географиялық тұрғыдан, бұл ұйым Азия,Африка мен Океанияны қамтитын 20 миллион шаршы километр аумақты қамтып, 2 миллиард адамның мекені болып отыр. Аустралия, Үндістан, Иран мен Оңтүстік Африка елдері ұйымның аумағы тұрғысынан ең үлкен мүшелері болса, Үндістан, Индонезия, Бангладеш пен Иран аталмыш одақтың халқының саны ең көп мүшелері болып саналады.

 Үнді мұхиты жағалауындағы елдер ұйымының (IORA) мақсаттары экономикалық ынтымақтастық  пен сауданы ырықтандыру үдерісін жақсарту және жылдамдату, мүше елдер арасында білім беру, технология мен сауда-инвестициялық жеңілдіктер жасау салаларындағы ынтымақтастықтарды нығайту деп жарияланды. Мүше елдер арасында жасалған ең басты жобалардың қатарына балық шаруашылығы, әсіресе балық аулау саласын қолдау бірлестігін құру, туризмді дамыту, теңіз тасымалы кеңесін құру, ғылым мен технология алмасу орталығының құрылуын жатқызуға болады.

Иранның Үнді мұхитының жағалауында орналасқанына байланысты ИИР-ның осы одақтағы мүшелігі мен аймақтық және әлемдік байланыстар сахнасында ықпалды рөл атқару үшін мүмкіндіктерді пайдалануы маңызды болып табылады. Үнді мұхиты – әлемдегі үшінші үлкен мұхит. Контейнерлік кемелер қатынасының тең жартысы, жүк тасымалының үштен бірі мен әлемнің мұнай тасымалының үштен екі бөлігі осы мұхит жолдары арқылы жүзеге асырылады. Шын мәнінде,бұл мұхитхалықаралық сауда мен экономиканың өмір сызығы болып табылады. Бұл аймақ стратегия, пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстар тұрғысынан да маңызды саналып, құнды су ресурстары, теңіз тағамдарынан бастап шикізат пен осы аймақтағы өнеркәсіптерге қажет энергия көздерін қамтамасыз етеді.

Арменияның премьер-министрі мен ИИР-ның Еревандағы елшісі екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын кеңейту туралы сұхбаттасты.

Арменияның премьер-министрі Карен Карапетян бейсенбі күні Иранның Еревандағы елшісі Казем Саджадимен кездесуінде ИИР-ның жоғары деңгейлі қайраткерлерімен екіжақты, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтар мен қарым-қатынастарды кеңейту туралы сұхбаттасу үшін жақын арада Теһранға сапармен баратынын мәлімдеп: «Армения газ айырбасы жөнінде ИИР және Түркіменстанмен үшжақты келісім жасауға әзір» деді.

Иранның Еревандағы елшісі Казем Саджади да осы кездесуде Арас еркін сауда аймағының Арменияда тағы бір еркін сауда аймағын құруға әзірлігін мәлімдеумен қатар, ирандық инвесторлардың энергетика, жол құрылысы мен туризм салаларындағы жобаларға қызығушылық танытып отырғанын хабарлады. Иран мен Арменияның ынтымақтастық салаларының бірі еркін сауда аймақтарына, әсіресе, Арас пен Мегриге инвестиция салу болып табылады.

Теһран мен Ереван екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуді күн тәртібіне қойған. Осы аядағы ортақ мақсаттардың қатарына мұнай, газ және электр қуаты сияқты түрлі энергия бөлімдерінде ынтымақтастықтарды кеңейту жатады. Армения Иранмен құрлықта шекараға ие болғандықтан, Еуропамен транзиттік байланыс үшін жағдай тудыруымен қатар, ИИР-ның аймақтық елдермен сауда-кәсіптік байланыстарының көпірі бола алады. Екі елдің жобалар менбағдарламалары жүзеге асырылғаннан кейін ынтымақтастықтар деңгейі артатын болады. Осы аядағы қолайлы салалардың бірі Арас еркін сауда аймағының жағдайын пайдаланып, ортақ инвестиция салу болып табылады. Бұл аймақ өнеркәсіптік және азық-түлік өндірісі жобаларының түрлі бөлімдеріне инвестиция тарту үшін лайықты аймақ болып табылады.

Иран мен Ирактың ортақ мұнай алаңында жаңа 20 мұнай ұңғымасын қазу жұмыстары өткен аптада басталды.

Оңтүстік Азадеган алаңы Иран мен Ирактың ортақ мұнай алаңы боулымен қатар, әлемнің үшінші үлкен алаңы болып саналады. Қазу жұмыстарының қарқынын жылдамдатуға қатысты бағдарламаларға сәйкес, Оңтүстік Азадеган ортақ алаңындағы бұрғылау қондырғыларының саны 4-6 қондырғыға артатын болады.

Иранның Мұнай инженериясы мен даму компаниясының бас директоры әрі басқарма кеңесінің төрағасы сейіт Нуреддин Шахназизаденің айтуынша, Батыс Карун мұнай алаңдарының қалпына келтіру коэффициентін 25 пайызға дейін арттыруға болады. Қалпына келтіру коэффициенті мұнай жатқан қатпарға байланысты болып табылады. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, 25 пайыздық қайта қалпына келтіру коэффициенті қолжетімді мақсат болып табылады. Ирак та Иран сияқты қайта қалпына келтіру коэффициентін арттыру үшін бағдарламаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Иран осы аяда Shell компаниясымен меморандумға қол қойып, Total және Inpex компанияларымен де осы жоба туралы келіссөздер өткізді.

Иранның Мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін тарату ұлттық компаниясы сонымен қатар  Жапонияның Chiyoda, Marubeni, Mitsui деген үш компаниясымен Исфаһан мұнай өңдеу зауытын дамыту жобасы туралы келіссөздер жасалғанын хабарлап, жақын арада осы мұнай өңдеу туралы құны 3 миллиард 600 миллион долларды құрайтын ірі жобаның келісімінің қорытындыланатынын мәлімдеді. Исфаһанның мұнай өңдеу зауытын дамыту жобасына қатысты Оңтүстік Кореяның DAELIM компаниясымен де құны 2 миллиардты құрайтын келісімге қол қойылды.

Иранда мұнай өңдеу зауыттарын дамытуға қатысты жапониялық, кореялық және қытайлық компаниялармен жасалған келісімшарттардың жалпы құны 8 миллиард 600 миллион долларға жетті. Иранның мұнай өнімдері экспортының мөлшері артқаннан кейін осы экспорт 2017 жылы күніне 500 мың баррельден 600 мың баррельге артатын болады.

Иран өзінің стратегиялық жағдайымен аймақта әлемнің түрлі елдері үшін байланыс көпірі болып отыр. Сол себепті бұл аймақтың дамуында маңызды рөл атқара алады. Осы аяда Систан мен Белучестан облысында Чабаһар порты мен еркін сауда аймағының болуы Ауғанстанның транзиті мен саудасының дамуында маңызды рөл атқарады. Чабаһар портын кеңейту аймақ елдері  және Иранменкөршілес елдермен, Пәкістан және Ауғанстанмен қарым-қатынастарын кеңейту  үшін жарқын көкжиек ұсынады.

Систан мен Белучестан облысының әкімі осы мәселені қуаттай келе, аталмыш облыстың Иран мен Ауғанстанның сауда байланыстарында жеңілдіктер тудырып, Ауғанстанмен еркін сауда жасауға әзірлігін мәлімдеді. Әли Аусат Хашеми сәрсенбі күні Захеданда Ауғанстанның Көлік және тасымал министрі Мұхаммадолла Баташпен кездесуінде: «Иранның Систан мен Белучестан облысы жаңа энергия түрлері, көрме өткізу, Чабаһардың Шәһид Бехешти атындағы портын кеңейтуге атсалысу, ортақ тасымал көліктері базасын құру, екі елдің шекарасындағы инфрақұрылымдарды жетілдіру және осы облыста арнайы экономикалық аймақ құру салалары бойынша Ауғанстанның кәсіпкерлерімен ортақ инвестиция салуға әзір» деді. Иранның Чабаһар порты өзінің стратегиялық жағдайы мен құрлықпен қоршалған Орталық Азия елдерінің еркін суларға шығатын ең қысқа жолы болуына байланысты ерекше маңыздылыққа ие.

Ауғанстан жан-жақтан құрлықпен қоршалғандықтан Чабаһар портының көмегімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту арқылы еркін суларға шығып, өз тауарларын Чабаһар мен Иранның қауіпсіз аймақтары арқылы оңай түрде әлемге экспорттай алады.

Өткен аптада Иранның Шығыс Африкадағы алғашқы мамандандырылған көрмесі өтті.

Ирандық 120 компания ақпан айының үші күні Найроби қаласында ашылған Иранның Шығыс Африкадағы алғашқы мамандандырылған көрмесінде құрылыс индустриясы, байланыс және ақпараттық технологиялар, мұнай және газ, мұнай-химия, биотехнология, медицина, фармацевтика, кілем, үй керек-жарақтары, азық-түлік өнімдері мен тоқыма өнеркәсібі салаларындағы өз өнімдерін жұрт назарына ұсынды. Осылайша Иран мен Кенияның өзара танысуы мен экономикалық және кәсіптік қарым-қатынастарын кеңейтуге алғашқы қадам жасалды.

Африканың шығысында орналасқан 45 миллион халқы бар Кения елі Африканың шығысындағы бірінші туристік орталық болып саналады әрі сауда байланыстары үшін айтарлықтай мүмкіндіктерге ие. Осы елдің экономикасының басым бөлігін ауылшаруашылығы құрайды. Кенияның қажеттіліктеріне орай  ирандық компаниялардың  басқа салалар бойынша осы елде жұмыс жасауы үшін лайықты мүмкіндіктер бар. Африканың оңтүстігі пен шығысындағы исламдық экономика, әсіресе, исламдық инвестиция, халал өнімдер мен туризм бөлімдеріндегі инвестициялық мүмкіндіктерге сәйкес бұл аймақ Иранның сауда байланыстары үшін лайықты нарық болып табылады.

Африка құрлығының экономикалық өсуі жекесектордыңтабысының артуы мен халал өнімдердің сұранысының артуына себеп болды. Бұл мәселе елдің жер-жеріне түрлі өнімдер жеткізу үшін көптеген мүмкіндік тудырды. Африканың исламдық экономика бөліміне инвестиция салудың табыстылығына себеп болатын факторлардың қатарына халықтың тығыздығы, экономикалық өсудің жоғарғы көрсеткіші мен Африканың географиялық тұрғыдан Парсы шығанағы елдеріне жақын болуы жатады.