Ақп 20, 2017 21:57 Asia/Almaty
  •  Ұлы тұлғаның алдында 57

Қоғамның бақытты болуының маңызды факторларының бірі оның адамдарының білімді және иманды болуы саналады. Егер білім мен иман екі үйлесімді қанат сынды қатар орналасса, бірқалыпты және бақытты қоғам қалыптасады.

Соңғы қасиетті кітап Құран Кәрім бірінші бұйрығында және бірінші сөзінде Алланың елшісін оқуға бұйырып, келесі аяттарында қаламмен ант етіп, «Қалам» сүресінде бүкіл адамзат үшін оқу мен жазудың Жаратушының алдындағы тәлім-тәрбие жолында үлкен орынға ие екенін айтады. Исламның көзқарасы бойынша тәлім-тәрбие  ғибадат  және адам өмірінің қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Мектеп қабырғасы – білім алатын бірінші мекен. 

Исламның тәлім-тәрбие мәселесін маңызды санауына байланысты, Иранның Ислам  революциясының 1979-шы жылғы жеңісінен бір жылдан кейін имам Хомейни сауатсыздықпен күрес қозғалысын құру туралы үкім шығарды. Ол өз жолдауында Иранның мұсылман үмбетінің назарын ұлттық жігер мен мәдениетке аударып: «Тәлім-тәрбие – ұлы Алла  бізді соған шақырған ғибадат»,- деді. Бұл бұйрықтан кейін сауаттандыру шектеулі мәдени қозғалыстан кең ауқымды қозғалысқа айналып, бұл үкімнен кейін Ислам революциясының қасиетті мақсаттарының бірі ретінде қалыптасты. Мұғалімдер мен сауатты адамдар халықты сауаттандыру ісіне кірісті. Олар алыс аймақтарға сапар шегіп, халыққа оқу мен жазуды үйретті. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сауаттандыру саласында белсенділік танытатын бауырлар мен қарындастарға: «Сауаттандыру қозғалысының бауырлары мен қарындастары! Біліңіздер, сіздер жиһад жолындасыздар. Алыс жерлерде орналасқан ауылдар мен қалаларға барып, үйлердің есіктерін қағып, мешіттерде сыныптар ашып, ешқандай сый күтпей, ең құнды сый саналатын сауаттылық пен білімді халыққа жеткізу жиһад саналады»,- деді. Ол хазірет сөзінің жалғасында сауатсыздықты  қара дақ деп атап: «Алпауыт мемлекеттер халықтың сауатсыздығын өз мүддесіне пайдаланып отырған жағдайда революцияшыл мұсылмандар қоғамы үшін сауатсыздық – ұят. Сауатсыздарға тіл тигізгім келмейді, бірақ сауатсыздар мен олардың қасындағы сауаттылар бұл ұяттан құтылу үшін талпынуы керек»,- деп қуаттады. Қазіргі таңда әсіресе исламдық елдердегі сауатсыздық үлкен олқылық болып табылады. Өйткені, мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран Кәрім оқу-жазу мен білім алудың маңыздылығын қуаттады. Мұнымен қатар тарих өткен кезеңдерде ғылыми дамудың исламдық қоғамдардан басталғанына куәлік еткен жағдайда бүгінде ислам мемлекеттерінде сауаттандыру мен білім алуға неліктен немқұрайдылық танытылады. Аятолла Хаменеи исламдық мемлекеттерді өздерінің мақтан тұтатын өткен тарихына назар аудартып, сауатсыздықты тамырымен құрту саласындағы шынайы күресті исламдық міндеттердің бірі деп қуаттап: «Дүниежүзінде ілім мен сауаттылық туралы хабар және тәлім-тәрбиенің белгілері де болмаған жағдайда Ислам мен Құран  «оқы» деп басталып, қаламмен ант етіп, соғыс тұтқындарын бірнеше сөз үйреткені үшін босатқан. Бұл – он төрт ғасыр бұрын орын алған оқиға. Ислам мен оның пайғамбарының жұмыстары бүгінгі Еуропада ғылым мен білімнен хабар да болмаған кезде арабтың сауатсыз қоғамының ең үлкен жоғары оқу орындары мен Фараби, Ибн Сина, Мұхаммад бен Закария, Әбу Райхан Бируни және тағы да басқа ең әйгілі ғалымдарға ие болуына себеп болды. Яғни, исламның бастапқы кезінде сауатсыздықпен күресу мен ілім мен білім алуға шақыру исламдық қоғамды басқа өркениеттерден жеті-сегіз ғасырға алға ілгерілетті. Бірақ, кейін біз артта қалдық. мұсылмандар жалқауланып, біз осындай жағдайға жеттік. Алайда  енді қайтадан бастай аламыз»,- деп баса айтты. Исламның көзқарасы бойынша, бір қоғамдағы сауатсыздықты тамырымен жою қасиетті іс әрі Алла жолындағы жиһад саналады. Ал сауаттандыру қозғалысына қатысу Алла тарапынан табыс болып табылады. Сондықтан сауаттандыру саласында жұмыс істейтін, халықтың әртүрлі жастағы әртүрлі таптарына білім беретін  тәрбиешілер мен мұғалімдердің ісі өте маңызды саналады. Ислам революциясының жетекшісі сауаттандыру белсенділерінің ортасында айтқан сөзінде: «Сауаттандыру қозғалысының екі нәтижесі бар. Біріншісі – сіздер сауатсыздарды сауаттандырасыздар. Бұл – сауаттандыру қозғалысының жұмыстарының бірі. Екіншісі – сендер тәлім-тәрбиені елдің әртүрлі аймақтарына жеткізесіздер. Егер сіздер кинотеатрдан барлық адамдарды сауатты ететін бағдарламаны таратсаңыздар жақсы. Бірақ тәлім-тәрбиені үйдің сыртында, сыныптарда үйрету – басқа іс. Бұл келесі жақсылық. Сауаттандыру қозғалысы осы жақсылыққа ие. Олар үйлерді аралап, адамдарды сабақ оқуға шақырады»,- деді. Сауаттандыру қозғалысының маңызды жұмыстарының бірі елдің әртрүлі жерлеріндегі дарындарды  анықтау болып табылады. Сауат – ойлану әлеміне кіргізетін кілт. Адамдар сауатты болып, ой-өрістерін алға ілгерілететін алтын жолға түскен кезде ішкі дарындар дамиды. Аятолла Хаменеи дарындарды анықтауды сауаттандыру қозғалысының маңызды жұмыстарының бірі деп атап: «Кішкентай аймақтарда  үлкен дарындар бар. Біздің ауылдарымызда жарқыраған қабілет, дарындарға ие адамдар бар. Олар сауатты болмаса, дарындарын қалай көрсетіп, танытады? Олардың дарындары сауатсыздықтың үйінділерінің астында жатыр.  Олар сауатты болған кезде олардың таланттары дами түседі. Сол кезде бұл гауһар тастарды өңдеп, қымбатқа бағалауға болады. Мұның барлығы сауаттылықтың берекесі»,- деп баса айтты. «Бесіктен көрге дейін білім ал» деп айтылған хадис қарапайым сөз емес. Бұл хадис маңызды жолды көрсетеді. Білім алу жолына түспеген және бұл мәселеге немқұрайдылық танытқан әр адам аталмыш хадиске теріс қараған саналады. Ол өзін білімнің мөлдір бұлағынан пайдаланудан мақұрым етіп, қоғамның артта қалуына әсерін тигізді. Исламның насихаттары бойынша бала кезден көз жұмғанға дейін білім алу жеке адам мен қоғамға көптеген береке мен жақсылық жеткізеді. Осы хадиске сәйкес, әр адам кез келген жасында білім ала алады. Аятолла Хаменеи: «Білім мен сауат тек балаларға ғана емес, үлкендерге де қатысты. Сауаты жоқ ерлер мен әйелдер білім ала алады. Бұл олардың өздері үшін пайдалы»,- деген.