Ақп 28, 2017 00:22 Asia/Almaty
  • Аптаның экономикалық журналы (99)

ИИР-ның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане осы аптада ирактық басшылармен кездесу үшін бір делегацияны бастап, Бағдадқа барды.

Дүйсенбі күні таңертең бір делегацияны бастап, Бағдадқа келген Иранның Мұнай министрін Бағдад әуежайында  Ирактың Мұнай министрі Джаббар әл-Луайби  қарсы алды. Зангане Ирак премьер-министрі әл-Абадимен де кездесті. Бұл кездесуде екі тарап ортақ ынтымақтастықтардың көкжиегін кеңейту жолдарындағы кедергілер мен қиындықтарды жою жөнінде пікір алмасты.

Осы келіссөздердің соңында Иран мен Ирактың мұнай министрлері ортақ мұнай және газ алаңдарын дамыту, мұнай және газ бөліміндегі техникалық-инженерлік қызметтерді жөнелту және тауар экспорты жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Қазіргі кезде Иракпен ортақ мұнай алаңдарының бірі Иранның оңтүстік-батысындағы Йадаваран мұнай алаңын кеңейту жобасы жүзеге асырылып жатыр. Күніне бұл алаңнан 115 мың баррель мұнай өндіріледі. Алдын ала жасалған жоспарларға сәйкес, 2017 жылдың ақпан айының ортасына дейін Карунның батысындағы ортақ алаңдардан мұнай өндіру мөлшері күніне 300 мың баррельге жетуі тиіс. Жоспарларға сәйкес, бұл алаңды кеңейту үш фазада жүзеге асырылады: бірінші фазада 85 мың баррель мұнай өндіріліп, екінші фазада бұл мөлшер күніне 180 мың баррельге жетсе, үшінші фазаның мұнай өндірісінің деңгейі 300 мың баррельді құрайды.

Иран Мұнай министрі дүйсенбі күнгі Бағдадтағы келіссөздерінің бір бөлігінде Ирактың Энергетика министрімен сұхбаттасты. Бұл отырыста Занганеден Дияла жолы арқылы Ираннан Иракқа газ жөнелту құбырын іске қосуды жылдамдатуға көмек көрсету үшін өтініш жасалды. Ирактың электр стансаларының жұмыстарына табиғи газ қажет болғандықтанИраннан Иракқа газ экспорттау жөнінде келіссөздер шамамен бес жыл бұрын  басталған болатын. Бағададқа газ сату келісіміне 2013 жылдың шілде айында осы қалада қол қойылған болатын.

Жасалған келісімдерге сәйкес, табиғи газ алтыншы газ желісіне қарасты ұзындығы 228 шақырымды құрайтын 48 дюймдік «Кухдашт-Нафтшахр» газ желісі арқылы Ирактың Дияла және Бағдад облыстарына жеткізіліп, әл-Мансурие, әл-Құдс пен әс-Садр электр стансаларының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Иранның газын Бағдадқа экспорттау келісімінің мерзімі 6 жыл, экспорт мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі күніне 35 миллион баррельді құрайды. Ирак пен Иран арасында қол қойылған екінші меморандумның өзегі шикі мұнай және мұнай өнімдерін жеткізетін «Басра-Абадан-Басра» желісі болды.

ИИР Ирактың екінші сауда серіктесі болып табылады. Екі елдің 2016 жылғы сауда айналымының деңгейі 6 миллиард 200 миллион долларды құрады.

Иранның бұрғылау өнеркәсібінің халықаралық 4-ші конференциясы халықаралық деңгейдегі бұрғылау өнеркәсібінің жағдайын талқылау мақсатында жергілікті және шетелдік компаниялардың қатысуымен осы аптада Теһранда өтті.

Бұрғылау мұнай және газ алаңдарын дамытуда, сонымен қатар мұнай алаңдарын, әсіресе ортақ алаңдарды сақтауда маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта әлемде 2000-нан астам ұңғыма жұмыс жасап жатыр. Иранның осы  мөлшердегі үлесі 140-тан астам ұңғыманы құрайды. Иранның Ұлттық мұнай команиясы жуырда Иранның батысындағы Луристан облысында 2 миллион баррель көлемінде қатпарлы мұнай қорының табылғанын хабарлады. Луристан облысында газ қатпарлары мен мұнай қатпарларын анықтау үшінгеологиялық барлау жұмыстарын жүргізу Иранның мұнай министрлігінің бағдарламасынан орын алған.

Иранның мұнай өнеркәсібі қарсыласу экономикасы мен энергия көздерінің көмегімен әл-ауқаттыарттыру шеңберінде ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыруды күн тәртібіне енгізген. Осы аяда Иран инвестицияларды тарту және жаңа технологияларды қабылдауға әзір.

Иран мен Армения ортақ шекара мен көршілес жатқан еркін сауда аймақтарға ие болғандықтан екі елдің өзара ынтымақтастықтары үшін көптеген мүмкіндіктері бар. Бұл мәселе өткен аптада Армения астанасы Ереванда Иранның елшісі сейіт Казем Саджадидің қатысуымен өткен Теһранның батысындағы Альборз облысының Арменияның бірқатар облыстарымен экономикалық, өнеркәсіптік және кәсіптік ынтымақтастықтар туралы ортақ отырысында  талқыланды.

Альборз облысы Иранның түрлі салалардағы маңызды өндіріс ошақтарының бірі болғандықтан Армениямен ынтымақтастық жасау үшін көптеген мүмкіндіктерге ие. Ортақ өндіріс, ауылшаруашылық және азық-түлік өндірісі, сондай-ақ, сауда және инвестиция  салаларында жұмыс жасау, Арменияның Еуропа нарығына жол ашуы ирандық белсенділер үшін осы елдің басымдылықтарының қатарына жатады.

Осы отырыста Арменияның Экономикалық даму және инвестиция министрінің орынбасары Эмиль Тарасян Иранмен ынтымақтастықтарды кеңейтудің Армения үкіметінің басты бағдарларының бірі екенін қуаттап, өткен жылдың желтоқсан айындағы Иран президенті Хасан Руханидің өз еліне сапары барысында екі ел арасында жасалған келісімдерді бағалы деп сипаттады. Ол ирандық тауарлардыңАрмения арқылы транзитінің шектеулі мөлшеріне тоқталып, Иран компанияларының экспорт тауарларын Кавказ бен Еуропа елдеріне тасымалдау үшін осы елдің жолдарын пайдалануды сұрады.

Иран мен Арменияның басқа салалардағы, соның ішінде, электр қуаты бөліміндегі ынтымақтастықтары Арменияда электр қуатының экспорты мен импорты үшін пайдаланылатын электр қуатын жөнелтуге арналған үшінші желінің құрылысынан кейін дамуға бет алды. Иран арқылы электр қуатын жөнелту Армения елінің 400 киловаттық электр қуаты желілерін орнату саласындағы алғашқы жобасы болып табылады.

Үшінші желі құрылғаннан кейін екі контурлы 700 киловольттық электр қуатын жөнелту үшін мүмкіндік туындайды. Сол себепті екі ел жалпы алғанда өз араларында 1000 мегаВатт көлемінде электр қуатымен алмаса алады. Иран мен Армения арасында электр қуатын жөнелтуге арналған үшінші желі құрылғаннан кейін Иранның электр желісі Армения, Грузия, Ресей мен Түркияға қосылатын болады.

Иранның Су және электр қуаты өндірісі қызметтері мен құрал-жабдықтарын экспорттау компаниясы (Sunir ) Армениядан Иранға 1000 мегаВатт электр қуатын жөнелту жобасын ирандық мердігерлердің көмегімен және елдің солтүстік-батысындағы Нурдуз шекарасы арқылы жүзеге асырады. ИИР Нахчыван автономиясымен қатар жеті елмен, соның ішінде, Ирак, Ауғанстан, Пәкістан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Түркиямен электр қуатымен алмасып отыр.

Иран мен Армения электр қуатын жөнелту саласындағы ынтымақтастығымен қатар, Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасында еркін сауда аймағын құру шеңберінде де әріптестік жасап отыр. 2015 жылдың қаңтар айында ресми түрде қызмет ете бастаған мүше елдер – Ресей, Қазақстан, Армения, Беларусь пен Қырғызстаннан құралған Еуразиялық экономикалық одақ  2,2 триллион доллар көлемінде жалпы ішкі өнім мен 1,3 триллион доллар көлеміндегі өнеркәсіптік өндіріске ие. Мүше елдердің одақтан тыс елдермен сауда мөлшері 877 миллиард доллардан асады. Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы халықсаны 180 миллион адамды құрайды. Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ осы уақытқа дейін бірінші кезеңде бір уақытша ынтымақтастық бағдарламасына қол жеткізу үшін экономикалық серіктестік жайлы келіссөздердің бірнеше кезеңін өткізді. Армения Иранмен ортақ құрлық шекараларынаие Еуразиялық экономикалық одаққа мүше жалғыз ел болып табылады. Сол себепті осы одақ мүшелері мен Ислам республикасы арасында кәсіптік және транзиттік ынтымақтастықтар шеңберіндегі күре жол және темір жол қатынастарының  бірден-бір көпірі бола алады.

Оманның Маскат банкінің бір делегациясы осы аптада Иранның қор биржасын аралау кезінде «Хафиз» мәмілелер залында мәмілелер жасау тәсілі, нарықтық құн, брокерлік компаниялар, мәмілелердің комиссиялық ақылары, шетелдік инвестицияға қатысты ережелер мен заңдар, өнеркәсіптер мен компаниялардың әртүрлілігі, Теһран қор биржасындағы мәміле жасау құралдары және қабылдау шарттарымен танысты.

Теһран қор биржасының нарықтық құны қазіргі уақытта 100 миллиард доллардан асып, дамудың жоғары потенциалына ие болып отыр. 50 жылдық тәжірибесі бар әрі 37 өнеркәсіп түрінде қызмет ететін компанияларды қамтитын Теһран қор биржасы аймақтағы тәжірибелі қор биржаларының бірі саналады.

Теһран қор биржасындағы мәмілелердің құны әрдайым өсіп келеді, тіпті өткен он жылда жылына орта есеппен алғанда шамамен 30 пайызға өсіп отырған.

ТеһрандаИранның ауылшаруашылық министрі Махмұд Ходжати мен Қырғызстанның Ауылшаруашылық, азық-түлік өндірісі және мелиорация министрі Мурашев Нурбек кездесті.

Қырғызстанның Ауылшаруашылық, азық-түлік өндірісі және мелиорация министрі Мурашев Нурбек осы кездесуде Қырғызстан мен Иран арасындағы ауылшаруашылық саласындағы сауда айналымы мөлшерінің 4 миллион долларды құрайтындығына тоқталып, екі ел арасындағы ауылшаруашылық саласындағы ортақ жобалар жүзеге асырылғаннан кейін Иран мен Қырғызстанның ауылшаруашылық саласындағы сауда айналымының арта түсетіндігіне үміт білдірді.

Нурбек Мурашев 7 адамдық делегацияны бастап, Иранның Ауылшаруашылық министрі Махмұд  Ходжатидің ресми шақыруымен ауылшаруашылық бөлімінің мүмкіндіктері және жетістіктерімен танысу мақсатында Теһранға сапармен келді.

Махмұд Ходжати Иран мен Қырғызстанның өсімдік пен жануар карантині саласында ынтымақтастық жасай алатынын айтып: «Аймақта сүт өнімдерін көтерме түрде экспорттайтын елдердің бірі болып табылатын Иран осы өнімдердің бір бөлігін Қырғызстанға экспорттай алады» деді.