Нау 10, 2017 08:04 Asia/Almaty

Қасас сүресінің 76-78 аяттарының тәпсірі

«Қасас» сүресінің 76 аяты:

 «إِنَّ قَارُونَ کَانَ مِن قَوْمِ مُوسَى فَبَغَى عَلَیْهِمْ وَآتَیْنَاهُ مِنَ الْکُنُوزِ مَا إِنَّ مَفَاتِحَهُ لَتَنُوءُ بِالْعُصْبَةِ أُولِی الْقُوَّةِ إِذْ قَالَ لَهُ قَوْمُهُ لَا تَفْرَحْ إِنَّ اللَّـهَ لَا یُحِبُّ الْفَرِحِینَ»

Рас, Қарұн Мұса (Ғ.С.)-ның елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ оған кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: "Елірме! Расында, Алла еліргендерді жақсы көрмейді" деді (76).

«Қасас» сүресінің аяттарында хазірет Мұса мен Перғауынның оқиғасына сілтеме жасалды. Осы аяттар Мұсаның заманындағы ең бай адамдардың бірі болған Қарунның оқиғасына сілтеме жасайды. Тарихи жазбаларда Қарунның Мұсаның туысы болғаны, басында оған иман келтіргені туралы айтылған. Бірақ ол байлыққа масаттанып, тәкәппарлық пен кеудемсоқтыққа душар болған, тіпті хазірет Мұсаға қарсы шығып, қырсықтық танытқан. 

Перғауын – халықты зұлымдық пен езгіге душар етіп, хаққа қарсы тұрған бүлікшіл күштердің символы; Қарун – адамдардың алдында мақтанып, үстемшілдік талап еткен, хақтың тағылымдарына бағынбаушылық танытқан байдың символы; Самери –  адамдарды хақ жолынан бұрмалап, шерк пен адасушылыққа кіріптар еткен  өнерпаздың символы.

Аяттың жалғасы Қарунның бүлікшілігі мен кердеңдігінің тамырын тәкәппарлық пен қапылдық және менмендік деп атайды. Қарун байлығы неғұрлым артқан сайын Құдай мен халықтан соншалықты көбірек алыстап, есіл-дерті алтын-күміс пен бағалы, қымбат асыл тастар және жауһарлар мен құнды заттарға ие болуды мақсат еткен. Байлықты бай адамдардың бір тобы өз пайдалары үшін жинамауы керек. Байлық халыққа пайда әкеліп, қоғамның экономикалық істеріне сай жұмсалуы керек.   

Осы аяттардан үйренетініміз:

1.Байлыққа ие болып, мал-мүлік жинауға талпыныс жасау жаман емес, бірақ Құдай мен пайғамбар және халыққа қарсы байлыққа масаттанып, бүлік шығару – бұрыс іс.

2. Адам шарап ішу арқылы ғана мастыққа ұшырамайды, кейде зерделері төмен адамдардың ақша мен байлыққа жету арқылы масаттанып, кердеңдікке салынатындықтары соншама, олар бәрін ұмытып кетеді.

2.Ондай адамдар өздерінің биліктері мен байлықтарына арқа сүйеп, басқалардың құқығына шабуыл жасап, масаттанады.

«Қасас» сүресінің 77 аяты:

 «وَابْتَغِ فِیمَا آتَاکَ اللَّـهُ الدَّارَ الْآخِرَةَ وَلَا تَنسَ نَصِیبَکَ مِنَ الدُّنْیَا وَأَحْسِن کَمَا أَحْسَنَ اللَّـهُ إِلَیْکَ وَلَا تَبْغِ الْفَسَادَ فِی الْأَرْضِ إِنَّ اللَّـهَ لَا یُحِبُّ الْمُفْسِدِینَ»

"Алланың саған берген дәулетімен ахирет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла саган жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде бүліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді. (77).

Алдыңғы аятта түсініктері жоғары әрі шыншыл адамдар болған хазірет Мұсаның ізбасарларының бір тобының өздерін төмен, Қарунды үлкен санаудың орнына батыл түрде оған кеңес беріп: «Абайла, байлығыңа масаттанба, олай жасасаң, Алланың махаббатынан кенде қаласың. Мұнымен қатар адамдар тәкаппарларды жақсы көрмейді» деп насихат айтқан. Бұл аят алдыңғы аяттың жалғасында соңдары мен салдарларын ойлайтын мүміндердің тілі арқылы келесі төрт насихатты баяндайды. Олардың кеңестерініңң ең маңыздысы мынадай болды: дүние – ақыреттің егістігі. Егер бұл жерде ештеңе екпеген болсаң, қияметте ешбір өнім алмайтын боласың. Осы байлықтың барлығы содан өнім шығатын, оны жерге егу қажет тұқым сынды. Тұқымды қамбаға жинау ол қаншалықты көп болса да, өнім бермейді. Екінші кеңес мынадай болды: егер бұл дүниенің байлығынан ақыретке азық жина дейтін болсақ, оның мағынасы бұл дүниедегі өмірді ұмытып, бар байлығыңды Құдай жолына жұмса дегенді білдірмейді. Керісінше, олардан өзің мен отбасыңның тыныштығы мен бақуаттылығы және рахаты үшін де пайдалан. Үшінші кеңес мынадай: барыңды өзіңдікі екен деп ойлама. Бұл байлықтың барлығы ­– саған сыйлап, сенің иелігіңе берілген Құдайдың мүлкі. Өзіңді мүліктің иесі емес, аманатшысы сана. Сен де одан Құдай сынды мұқтаждарға тарту ет.

Иман иелерінің Қарунға берген төртінші кеңесі мынадай болды: егер бұл кеңестерді пайдаланбасаң және көңіл аудармасаң, сенің байлығың өзің мен қоғамда бейбастақтық пен жемқорлықтың таралуына себеп болады. Мал-мүлкің мен байлығың қоғам істерін түзету жолына жұмсалмаса, қоғамның жіктелуі мен адамдардың саған деген кектерінің артуына себеп болады. 

Бүгінде капиталистік қоғамдарда адамдардың аз пайызы банктер мен қоғамның капиталына ие. Көпшілік байлардың байлығы арта түсуі үшін құл сынды еңбек етеді.

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Адамның барлық істердегі, соның ішінде экономикалық істердегі мақсаты Құдайдың қияметтегі ризалығы жолында жасалуы керек. Адамның дүниесі де осы жолда қамтамасыз етілуі керек.

2.Адам өзінің ақыреттегі тағдырын ойлауы керек. Сонымен қатар дүниеден де пайдалануымыз керек. Басқаша айтқанда, өзіміздің үлесіміз бен несібімізге табиғи қажеттіліктеріміз бен талаптарымыз негізінде көңіл бөліп, байлығымызды ақырет жолына жұмсайық.

Егер, байлық ақырет жолында басқаларға қайырымды істер үшін жұмсалатын болса, жаман болмауымен қатар адам үшін мәңгілік бақыт үшін негіз әзірлейді.

«Қасас» сүресінің 78 аяты:

 «قَالَ إِنَّمَا أُوتِیتُهُ عَلَى عِلْمٍ عِندِی أَوَلَمْ یَعْلَمْ أَنَّ اللَّـهَ قَدْ أَهْلَکَ مِن قَبْلِهِ مِنَ الْقُرُونِ مَنْ هُوَ أَشَدُّ مِنْهُ قُوَّةً وَأَکْثَرُ جَمْعًا وَلَا یُسْأَلُ عَن ذُنُوبِهِمُ الْمُجْرِمُونَ»

Қарұн: "Шын мәнінде бұл маған мендегі білімге берілді. (Баюдың жөнін білуші едім)" деді. Негізінде Алланың бұдан бұрын, бұдан да күшті тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкарлар күнәларынан сұралмайды. (Бәрі жазулы. 82-С. 10-11-А.) (78).

Осы аятта Қарунның иман адамдарының ақыл-кеңестеріне берген жауабы баяндалған. Қарун олардың насихаттарын қабылдаудың орнына менмендік және тәкаппарлыққа салынып: «Бұл – мал-мүлік пен байлық өзімнің білімім мен талыныстарымның өнімі. Не істеп, не істемеуім керектігі туралы айтатын сендер емес, ықтияр менің өзімде. Қайда жұмсап, қайда жинайтынымды өзім білемін. Бұл байлықты егер маған Құдай берсе, шәксіз, менің білімім мен талпыныстарымды көріп, осыған мені лайық деп тапқан» деді. Құран байлардың мұндай бұрыс қисындарына жауап беріп: «Ол одан да бай әрі мықты адамдардың болғанын, хаққа қарсы шыққан кезде осы дүниеде олардың өздерін өлтіріп, байлықтарын жойғанын тарихтан оқымап па, білмеп пе?» дейді. 

Осы аяттан үйренетініміз:

1. Байлық, тіпті егер адамның білімі мен ғылыми талпыныстарының жемісі болса да, бәрібір тәкәаппарлық пен қапылдыққа салынуға болмайды. Оны илаһи сый деп білу керек.

2.Білім мен күш және байлыққа масаттану адамның осы дүниеде өлімге ұшырауына себеп болады.