Нау 11, 2017 18:50 Asia/Almaty
  • Жетекшілік хадисі 109

Ислам дінінде мүмін бауырды құрметтеу туралы көп насихатталған. Ешбір адамның мүмінді азаптауға құқығы жоқ. Өйткені, азаптау – үлкен күнә әрі жеке адам мен қоғамның өміріне зардап келтіретін жағымсыз сипат.

Исламның ұлық пайғамбары: «Мүмінді азаптағаны, негізінде мені азаптағаны, ал мені азаптағаны, Алланы қорлағаны. Алланы қорлаған адам Тәурәт пен Інжіл және Құранда айтылғандай, Алланың рақымынан алыстайды», - деген. Азап-қорлық көрсетудің шегі болмай, мұндай зұлымдық әр түрде жасалуы мүмкін. Басқалардың ренішіне себеп болатын әрбір іс-әрекет немесе кез-келген сөз қорлау саналады. Кейде  орынсыз айтылған сөз де, дұрыс қарамау немесе дауыс көтеру адамдардың қорлығына себеп болады. Адамды қорлайтын әрекет немесе сөз жеке адам немесе қоғамға материалдық я болмаса рухани тұрғыдан зардап келтіреді. Сол себепті адам күнә жасаған болып саналады. Исламның ұлық пайғамбары өзінің сахабаларына: «Сендерге кімнің мұсылман екені туралы айтайын ба? Мұсылман – басқа мұсылмандар оның  қолы мен тілінен азап көрмейтін адам»,- деген болатын. («Бихар әл-Анвар», 72-ші том). Қасиетті Ислам діні ешбір мұсылманға өзінің көз қарасымен басқаларды азаптауға рұқсат етпейді. Алланың елшісі мұсылмандардың басшысы ретінде бұл туралы: «Мүмінге өзінің мүмін бауырын қорлайтындай қарауға рұқсат жоқ»,- деген болатын. Келесі бір хадисте имам Садық (ғ.с.): «Алла Тағала «Менің мүмін пендемді қорлаған адам менімен соғысуға дайындалғанмен бірдей»,- деген. («Усул Кафи», 2-ші том). Бұл хадисте Алла Тағала мүмін пендесін өзіне жақын көрсетеді. Бұл мүмін адамның Құдайдың алдындағы абыройы мен кемелдігін білдіреді. Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулеті мұсылманды қорлауды айыптауымен бірге оған махаббат пен мейірімділік білдіру қажеттігін қуаттады. Алла елшісі: «Мұсылман бауырын мейірімді сөзімен құрметтеп, қайғырғанда жұбатқан адам  Алланың ррақымдылығына бөленеді»,- деген. Сондай-ақ келесі бір хадисте: «Мүмін бауырына мейірімділік жасайтын үмбетімнің пендесіне Алла Тағала жәннәтта қызмет көрсетушілерді жібереді»,- деп айтылған. Имам Садық (ғ.с.): «Мүмін бауырын жұбататын әр адамға ұлы Алла он жақсылық жазады»,- деген.  Мүмінді қорлау бұл дүниеде де қиындықтарға душар ететін күнәләрдің бірі саналады. Сол себепті Алланың елшісі адамдарды мазаламауды адамның саулығының кепілдігі деп қуаттап: «Халықты қорлама, мұның өзі садақа саналады»,- деген. («Бихар әл-Анвар», 72-ші том).  Мүмінді қорлау бұл дүниедегі қорлықтармен бірге ақыреттің азабына да себеп болады. Имам Садық (ғ.с.): «Қиямет күні «Менің достарымнан теріс айналғандар кімдер?» деген дауыс естіледі. Сонда беттерінде еті жоқ топ орнынан тұрады. Содан соң «Бұлар мүміндерді қорлап, оларға дұшпандық танытқандар. Мүміндерді діні  үшін азаптағандар» деген дабыс естіледі. Сол кезде оларды тозаққа тастау бұйырылады»,- деген болатын. («Усул Кафи», 2-ші том).  Имам Әли (ғ.с.) басқаларды азаптап-қорлауды адамгершілікке жатпайтын іс деп атап: «Адамның адамгершілігін дәлелдеу үшін ұят пен абыройға көп мән беріліп, оның басқаларды азаптамауына назар аударылған»,- деп айтқан болатын. Саморат бен Джондабтың рауаяттар кітабында көршісінің үйінде өсіп тұрған өз құрма ағашымен оның мазасын алғаны туралы айтылған. Саморат кейде ештеңе айтпастан көршісінің үйне кіріп, өзінің құрма ағашына қарай баратын. Көрші Алла елшісіне Самораттың үстінен шағым түсіріп, оның мұндай кіріп-шығуының жанұясының мазасын алатыны туралы айтады. Сонда Алланың елшісі араға түсіп, Саморатқа көршісінің үйіне кіретін болса, рұқсат сұра деген жолдауды жеткізеді. Бірақ Саморат пайғамбарды тыңдамайды. Пайғамбар: «Бұл ағашты сат немесе олардың мазасын алып, ол жаққа барма. Сонда Алла саған жәннаттаән үш ағаш сыйлайды»,- дейді. Саморат хазіреттің  бұл сөзіне де құлақ аспайды. Сол кезде Алла елшісі: «Әй, Саморат, сен басқалардың мазасын алатын адам екенсің»,- деп, оның көршісіне: «Бар да, ағашты тамырымен қазып, иесіне қарай таста. Өйткені, Ислам дінінде бір адамның басқа адамға зардап тигізуіне рұқсат берілмеген»,- деді. («Васаель шие», 17-ші том).