Ұлы тұлғаның алдында 59
Исламның көзқарасы бойынша білім алудың шегі мен шекарасы жоқ. Білімқұмарлық жағымды іс саналады. Исламның ұлық пайғамбарының айтуынша білім алу үшін тіпті дүниенің ең алыс жеріне сапар шегу қажет, сондай-ақ бесіктен бастап, өмірдің соңғы сәтіне дейін білім алған жөн.
Исламның мұндай насихаттары бойынша білім алуды аяқтады деген сөздің мағынасы жоқ. Адал мұсылман әрқашан өзін білім іздеуші әрі білім талап етуші деп сезінуі керек. Үстемшілдер білім мен ғылымды тек өздерінің монополиясында ұстап, қолдарында бар технологияларды басқа мемлекеттердің ықтиярына бермейтін қазіргі дүниеде мұсылмандар білім жолында көптеген талпыныс жасап, жаңа мәліметтерге ие болуға міндетті. Иранның Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи елдегі ғылыми-технологиялық қозғалысқа ерекше көңіл бөледі. Ол осыдан біраз жылдан бері елдің негізгі органдарынан елдің ғылыми қоғамына көбірек назар аударуды талап етті. Ислам революциясының жетекшісі сонымен бірге жыл сайын студенттер, ұстаздар және ғылыми-мәдени саланың көрнекті азаматтарымен кездесіп, олардың қажеттіліктері мен ұсыныстарын тыңдап, бұл тапқа ерекше назар аудартады. Білім алу туралы таралған пікірлерге қайшы Ислам революциясының жетекшісі білімді тек мәлімет алу, мамандыққа ие болу, технология саласындағы алға ілгерілеу мен материалдық өмірді жеңілдету емес, білімнің негізгі міндетін күш-қуатты арттыру деп санайды. Осыған орай аятолла Хаменеи дүниежүзіндегі ғылыми жаңа жетістіктермен танысып, студенттер мен ғалымдардың дарындарына сүйеніп, ғылыми орталықтар мен ұйымдарға материалдық және рухани тұрғыдан көп қолдау көрсетуде. Аятолланың бұл жұмыстары бірнеше ғасыр дамымай артта қалған саланың алға ілгерілеуіне жеткізді. Басқа жақтан аятолла Хаменеидің ғылым мен технологияға ерекше көңіл бөлуі әлемнің үстемшілдерінің ғылыми монополиясына қатты зардап келтірді. Бүгінде Иранның ғылыми жетістіктері барлық елдердің назарын аударуда. Ислам революциясының жетекшісі елдің ғылыми жетістіктеріне көңіл бөліп: «Осы күні ядролық технология баршаға танымал болып, ел мен әлем деңгейінде бұл технологияға назар аударады. Әрине, бұл тек жалғыз технология емес, ғарыш, медицина ғылымы бар. Құдайға шүкір, біздің еліміз медицина саласында көптеген маңызды жетістіктерге жетті. Дүниежүзінің жаңа ғылымдары саналатын биотехнология, нанотехнология, радиодәрілер, клондау, бұлттық есептеу (ағыл. cloud computing) және ғылыми саладағы ең үлкен жұмыстардың бірі болып саналатын діңгекті жасушалар елде жасалып шығарылады. Сондай-ақ маңызды радиодәрілер мен обыр ауруына қарсы дәрілер де өндірілуде. Бұл тізімді ұзақ жалғастыруға болады»,- деді. Ислам революциясы жетекшісінің қолдауы және сындарлы саясаттың арқасында қазіргі Иран ғылым мен технология саласында алға ілгерілеп, сан рет жоғары ғылыми орындарды иемденді. Аятолла Хаменеи білім және мемлекеттің ғылыми дамуы туралы сөздерін барлық ғылыми таптар мен әр таптың саласына жеке арнайды. Жоғары оқу орындарының ұстаздары мен студенттерге, көрнекті тұлғалар мен өнертапқыштарға арнаған сөздерін осы тұрғыдан бағалауға болады. Діни жетекшінің ғылыммен айналысатын таптарға жолдаған сөздері «Біз жасай аламыз!» деген ұранға сүйенеді. Ол баршадан «Біз жасай аламыз!» деген ұранды өздерінің барлық жұмыстарының негізіне айналдыруды талап етеді. Аятолла Хаменеи: «Әрине, біз жолдың басындамыз. Алғашқы қадамдарымызды жасадық. Қадамдарымызды жалғастырып, алға ілгерілеп, «Жасай аламыз» деп сенуіміз керек. Сіздер осы сеніммен алға ілгерілеріңіздер»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі ғылыми алға ілгеру саласында жоғары оқу ұстаздарына көбірек талап қояды. Ол ұстаздарға маңызды жайттарды еске салады. Діни жетекшінің университет ұстаздарына жолдаған ең маңызды сөздерінде өз-өзіне деген сенімділік пен ұлттық сенімділікті өздерінің маңызды қажеттілігі ретінде нығайтуды насихаттады. Ол ұстаздарға: «Біріншіден, біздің ұстаздарымыз өздеріне сенім артып, ғылыми жұмыспен айналысып, ғылыми жұмысқа сүйеніп, оны мақтан тұтуға міндетті. Екіншіден, ұлттық сенімге иек артуы керек. Яғни, халықтың мүмкіндіктеріне сенімді болулары керек. Егер ұстаз мұндай сенімге ие болса, сабақ үстінде студентке толыққанды білім беріп, оның тәрбиесіне де әсерін тигізеді. Үшіншіден, еңбекқорлық. Біз бұл тұрғыдан жалқаулық танытып, жалқаулықтан зиян көрдік. Еңбектеніп, еңбек етуден шаршамаумыз керек. Сондықтан жаңашылдық, ғылыми батылдық, жеке және ұлттық сенімге иек артып, көп еңбектену ғылыми дамуға жеткізеді. Бұл университет ұстаздарына қатысты»,- деді. Діни жетекші сөзінің жалғасында университет ұстаздарынан ғылыми батылдықты талап етіп: «Гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, ғылым мен технология, іргелі ғылымдар салаларында зерттеулер жүргізіп, өнім шығарып, өнертапқыштық белсенділік танытып, сынақ жасаңдар. Ешбір жұмысты көз жұмып жасамаған дұрыс»,- деді. Мемлекеттің ғылыми қозғалысының мақсатты болуы – Ислам революциясының жетекшісінің сөзіндегі маңызды мәселелердің бірі. Яғни, біріншіден, елдің ішінде ғылыми қажеттіліктерін анықтап, содан соң бұл қажеттіліктерге сай университтетер мен ғылыми орталықтар, тіпті үкімет пен билік үштігі бұл бөлімге инвестиция салуға міндетті. Зерттеулер елдің ғылыми дамуы үшін жоғары маңыздылыққа ие болғандықтан Ислам революциясының жетекшісі университетет ұстаздарынан елдің ғылыми қажеттіліктерін шешу саласында жұмыс жасауды сұрап: «Біз зерттеулерді елдің қажеттіліктері мақсатында жасауымыз керек. Яғни, елдің шынайы не нәрселерді қажет ететінін анықтап, қажет болса мәліметтер үшін орталық банкке ие болуымыз қажет. Баршаның елге ненің қажет екенін, қандай жұмыс жасалғанын және бір зерттеуді толықтыру ету үшін тағы не нәрсенің қажет екенін білген жөн»,- деді. Діни жетекші сөзінің жалғасында елдің ғылыми ортасынан Иранның қажеттіліктерін шешу саласында ғылыми мақалалар жазуды сұрап: «Шетелдік елдерден ғылыми орынға ие болу мақсатында мақала жазу – дұрыс емес. Ғылыми ұпай беретін жүйені өзгерту керек, өйткені әр мәліметтің елдің қажеттілктеріне сәйкес болғаны жөн»,- деп қуаттады. Иран Ислам революциясының жетекшісі бірнеше жылдан бері ғылыми өнім, ғылыми қозғалыс және ғылыми монполияны бұзу туралы баяндап келеді. Діни жетекшінің жігерімен Құдайға шүкір, бүгін бұл мәселе студенттік және ғылыми аудиториядағы ортақ талапқа айналды. Аятолла Хаменеи елдің ғылыми дамуына көптеген көмек көрсеткендерді мадақтап, алғыс айтып: «Ғалымдар мен ғылыми-зерттеу орталықтарынан көптеген талпыныс күтілуде. Біз ғалымдарымыздан қысқа жол табуды күтеміз. Табиғат әлемінде құпия жолдар бар. Біз бұл жолдарды тапқымыз келеді. Технология құралдарын, мәселен басқалар бізден бұрын жасап, пайдаланған ядролық жұмыстарға қажет центрифугаларды өзіміз жасап, пайдаланатын болдық»,- деді. Бұл басқалардың көмегінсіз іске асырған үлкен жұмыс болды. Бұл басқалардың бізден бұрын іске асырған ісі болды. Біз де алдағы 50-100 жылға дейін бұл жетістіктен кенде қалған болар едік, бірақ біздің жастарымыз бен ғалымдарымыз бен зерттеушілеріміз өз талпыныстарымен бұл құнды жұмысты іске асыра алды. Біз ғылым мен технология саласында басқалар жетпеген жұмыстарды жасап, бір қадам алға ілгеріледік. Бірақ, еш уақытта қысқа жолды табу үшін зерттеулерді тоқтатпауымыз керек. Бұл ел үшін қажет іс»,- деді.