Қасас сүресі, 702-ші бөлім, 86-88 аяттар
Қасас сүресінің 86-88 аяттарының тәпсірі
«Қасас» сүресінің 86 аяты:
«وَمَا کُنتَ تَرْجُوا أَن یُلْقَى إِلَیْکَ الْکِتَابُ إِلَّا رَحْمَةً مِّن رَّبِّکَ فَلَا تَکُونَنَّ ظَهِیرًا لِّلْکَافِرِینَ»
Саған Кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ Раббыңның мәрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды ешқашан сүйемелдеме! (86)
Алдыңғы аятта Құдай пайғамбарына Меккеге хиджрат еткеннен кейін ол хазіретті қайтадан Меккеге қайтып оралтуға, кәпірлерді жеңетіндігіне уәде берді. Бірақ, бүгінгі аяттың мазмұны «Билік және ғиззатпен Меккеге оралуына үміттенбеген кезде Құдай солай болғанын қалап, оны орындады. Өзің де ресалатқа таңдалып, саған аспандық кітап түседі деп күтпеген кезде Құдай өзінің хикметі негізінде сені өзінің ерекше рақымына бөлеп, пайғамбарлыққа жеткізді. Ондай болса мүшіріктер мен кәпірлердің орынсыз талап-тілекетеріне берілме. Олай етсең, оларға көмектескен саналасың. Керісінше, олардан кесімді түрде теріс айналып, адамдарға жария ет» дейді. Осы сүренің алдыңғы аяттарында хазірет Мұсаның от әкеліп, өзі мен отбасын жылындыру үшін Тур тауына барғанын, сол жерде пайғамбарлыққа жеткенін оқыдық. Ислам пайғамбары туралы да тарихи деректерде ол хазіреттің Құдайға ғибадат етіп, құлшылық жасауы үшін Хира үңгіріне барғанда Жебірейіл келіп, ол хазіретке илаһи сүйіншіні жеткізгені айтылған.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Кәпірлердің сылтауларының бірі «Уәхи неліктен біздің өзімізге түсірілмейді?» болды. Құран былай дейді: «Рухтың кемел пәктігімен өмір сүрген пәк пайғамбарлардың өздері Құдайдан мұндайды күтпеген. Оның жанында кәпірлер, сендерге не жорық?!»
Пайғамбарлардың мектебінде кәпірлер мен залымдардың күшеюіне ұластыратын кез келген әрекетке тыйым салынған.
«Қасас» сүресінің 87 аяты:
«وَلَا یَصُدُّنَّکَ عَنْ آیَاتِ اللَّـهِ بَعْدَ إِذْ أُنزِلَتْ إِلَیْکَ وَادْعُ إِلَى رَبِّکَ وَلَا تَکُونَنَّ مِنَ الْمُشْرِکِینَ»
Алланың аяттары саған түсірілгеннен кейін олар сені одан (аяттарға ғамал қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да әсте серік қатушылардан болма! (87).
Бұл – «Кәпірлерге жақтаспа. Себебі илаһи аяттарды жариялаудан қол үзіп, халықты таухидке шақырудан тартыну күпіршілік пен шерктің күшеюіне себеп болады» деген алдыңғы аяттың дәлелдерінің бірі. Тарихта былай деп айтылған: «Пайғамбар Құран аяттарын адамдарға оқып, оларды илаһи сөздерді тыңдауға шақырған кезде мүшіріктер мен кәпірлер оны шайыр, сиқыршы деп, ырымшылдықпен айыптады». Осы аят былай дейді: «Уа, пайғамбар! Дұшпанның жала жабуы және қорлығынан қорқып, міндетіңді орындауда аянып қалма. Егер олай етсең, сен де мүшіріктерге қосыласың. Құдайдың жанында мүшіріктерден айырмашылығың болмайды».
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Діннің дұшпандары, тіпті Алланың пайғамбарлары үшін де жоспарлар мен бағдарламаға ие. Олар күпіршілік пен шеркті таратуда аянып қалмайды. Өз дінімізді сақтау үшін белсенді болып, басқаларды ислам дініне шақыруда солқылдақтық танытпайық.
2.Алланың пайғамбарлары Құдайдың бақылауында тәрбиеленеді. Құдай өзінің әмірі және тыйымымен оларға илаһи ресалатты дұрыс атқару туралы ескертеді.
3. Пайғамбарлар адамдарды өздеріне емес, Құдай жаққа шақырды. Күпіршілік және шеркпен күрес олардың бағдарламаларының басты бағдары болды.
«Қасас» сүресінің 88 аяты:
«وَلَا تَدْعُ مَعَ اللَّـهِ إِلَـهًا آخَرَ لَا إِلَـهَ إِلَّا هُوَ کُلُّ شَیْءٍ هَالِکٌ إِلَّا وَجْهَهُ لَهُ الْحُکْمُ وَإِلَیْهِ تُرْجَعُونَ»
Алламен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбір Құдай жоқ. Оның өзінен басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар (88).
Алдыңғы аяттарда Құдай пайғамбарын халықты дінге шақырып, хақ аяттарын жариялауда кез келген солқылдақтық танытудан тыйды. Бұл аят соның жалғасында: «Ешбір діншіл, Құдайды танитын адам Құдайға табынуда басқаны шерк етіп қоспайды. Себебі, Құдайдан басқа баршаның пәни, әрі жоғалатынын біледі. Тек Құдай мен Құдай жолында риясыз жасалаған ғамалдар ғана қалады. Жаратылыстың абсолютті иелігі Құдайдың қолында. Одан басқаға табынудың мағынасы жоқ».
Осы аятта әлемнің барлық жаратылыстары пәни деп аталады. Ерте ме, кеш пе, бір күні жойылып, өлетін болғандықтан, сонымен қатар осы қазір өмір сүріп, бар болуының өзі өздеріне тиесілі емес болғандықтан, қай сәтте Алланың рақымы үзілсе, сол сәтте көздері жойылады.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Шынайы діншіл, бір құдайға сенетін адам барлық тәңірлерден азат. Ол өздерін жердің иесі санайтын жердің барлық тұрғынына билік етуді қалайтын тағұттар мен билік иелеріне табандылық танытып, күреседі.
2.Бұл дүние мен ондағының барлығы – пәни. Керісінше Құдай мен Құдайдың діні – мәңгілік.
3. Өлім – құрдым емес, керісінше, жаратылыстың бастауына оралу.