Ғанкабут сүресі, 703-бөлім, 1-7 аяттар
"Ғанкабут" сүресінің 1-7 аяттарының тәпсірі
«Ғанкабут» суресінің 1-3 аяттары:
«الم»، «أَحَسِبَ النَّاسُ أَن یُتْرَکُوا أَن یَقُولُوا آمَنَّا وَهُمْ لَا یُفْتَنُونَ»، «وَلَقَدْ فَتَنَّا الَّذِینَ مِن قَبْلِهِمْ فَلَیَعْلَمَنَّ اللَّـهُ الَّذِینَ صَدَقُوا وَلَیَعْلَمَنَّ الْکَاذِبِینَ»
Ұғымын Алла біледі. (1) Адамдар: "Сендік" деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма? (2) Рас олардан бұрынғыларды да сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі. (3)
Бұл сүренің атауы Құранның жан-жануарлардың атауымен аталған басқа да сүрелері сынды осы сүренің аяттарынан алынған. Осы сүренің 41-ші аятында шерктің негізі өрмекшінің ұясы сынды осал, тұрақсыз деп аталған. Құран Кәрімнің 29 сүресі «моқатаэ» қаріптерімен басталған. Бұл сүре де осындай қаріптермен басталған. Бұдан бұрын «моқатаэ» қаріптерінің құпиялы қаріптер екендігін айттық. Жалпы алғанда, бұл – Құранның әліппенің осындай қарапайым әріптерінен құралған илаһи мұғжиза екендігінің көрсеткіші. «Егер, сендер де қолдарыңнан келсе, осы қаріптер арқылы Құран сынды кітап жазып, әлем халқына ұсыныңдар» дейді.
Осы сүренің алғашқы аяттары тарих бойындағы адамдардың барлығын қамтитын Алланың ауқымды сүннетін атайды. Бұл – адамдардың ниеттері мен ішкі дүниелерін көрсететін, шыншылдық туралы уәж айтатындарды өтірік айтатындардан ажырататын сынақтың сүннеті.
Өздерін нағыз мүмін, Құдайға мойынсұнатын пенде санайтын, бірақ иман жолында кейбір қиындықтармен кездескен кезде оңайлықпен өз имандарынан бас тартатын адамдардар әрдайым болады. Сол кезде бұл адамдардың өздері ойлағандай емес екендіктері белгілі болады.
Келесі біреулер де жүректерінде имандары болмағанымен, бірақ ислам қоғамында өмір сүретіндіктен, өздерінің өткінші мүдделерін сақтап қалу үшін иман адамдары деп көрсетіп, исламның сыртқы көріністерін сақтайды. Адамдардың бұл тобының да қиындық туған кезде бет перделері ашылып, шынайы бейнелері әшкере болады.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Иман тек тіл, ұран және сөзбен айтылмайды. Иман сынақта білінеді. Адам іс жүзінде иманын сақтау үшін кез келген жанпидалыққа әзір екендігін көрсетуі керек.
2.Сынақ тарих бойындағы Алланың тұрақты сүннеттерінің бірі болған. Әр адам әртүрлі тәсілмен сыналады.
2. Байлар байлығымен, кедей кедейшілікпен, билік иесі билікпен, әлсіз әлсіздік және қауқарсыздығымен.
«Ғанкабут» сүресінің 4-5 аяттары:
«أَمْ حَسِبَ الَّذِینَ یَعْمَلُونَ السَّیِّئَاتِ أَن یَسْبِقُونَا سَاءَ مَا یَحْکُمُونَ»، «مَن کَانَ یَرْجُوا لِقَاءَ اللَّـهِ فَإِنَّ أَجَلَ اللَّـهِ لَآتٍ وَهُوَ السَّمِیعُ الْعَلِیمُ»
Немесе жамандық істегендер Бізден қашып құтыламыз деп, ойлай ма? Олар нендей жаман үкім береді! (4) Кім Аллаға жолығудан үміттенсе, әрине Алланың белгілі мезгілі келеді. Ол, аса естуші, толық білуші. (5)
Сынақтың ауқымды сүннетін баяндаған алдыңғы аяттардың жалғасында осы аяттар кәпір және мүмін екі топқа қаратып, кәпірлерді қорқытып: «Олар Алланың жазасынан қашып, Алланың құдіретін жеңе аламыз деп ойламасын. Олардың Алланың алдындағы бағынбаушылықтары мен мүміндерді қинағандарының барлығы олардың амал дәптерлерінде жазылып, Алланың әділ сотында есептеліп, оларға жаза беріледі» дейді.
Басқа жақтан, иман адамдары да Аллаға ғибадат етіп, мойынсұнуда талпыныс жасау мүмкіндіктеріне ие. Олар дұшпандардың қоқан-лоққыларынан немесе көріп жатқан қиындықтарына қарамастан имандарынан бас тартпайды. Себебі Құдайдың қиямет туралы уәдесі кесімді. Сол күні материалды перделер ашылып, шындық көрініс тауып, олар келісім орнаған жерде болады. Олар мен Пәруәрдігерлерінің арасында перде болмайды. Олар Хақтың бейнесін анық көреді. Осы аяттардан үйренетіміз:
- Күнә жасап, оны жасауды жалғастыру адамның көзқарасына теріс әсер етіп, оны Құдай мен жаратылыс жүйесі туралы бұрыс ойға душар етеді.
- Күнәһаралар илаһи мұрсатқа дандайсымасын. Мұрсаттар аяқталып, қиямет міндетті түрде келеді. Ізгі іс иелері де сабыр мен табандылықта солқылдақтық танытпасын. Алланың уәдесі кесімді.
«Ғанкабут» сүресінің 6-7 аяттары:
«وَمَن جَاهَدَ فَإِنَّمَا یُجَاهِدُ لِنَفْسِهِ إِنَّ اللَّـهَ لَغَنِیٌّ عَنِ الْعَالَمِینَ»، «وَالَّذِینَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَنُکَفِّرَنَّ عَنْهُمْ سَیِّئَاتِهِمْ وَلَنَجْزِیَنَّهُمْ أَحْسَنَ الَّذِی کَانُوا یَعْمَلُونَ»
Біреу игілік үшін күрессе, сөзсіз өзі үшін күреседі. Әрине Алла, әлемнен бай. (6) Сондай ииан келтіріп, ізгі іс істегендердің жамандықтарын әлбетте жоямыз да өздерін істегендерінен көрі жақсырақ сыйлыққа бөлейміз. (7)
Иман иесі оқшау, әрекетсіз және сылбыр емес. Керісінше, белсенді әрі әрекет иесі.
Ол ислам мен мұсылмандардың дамуына күш салып, қажет жағдайда діннің дұшпандарымен күресіп, джиһадқа шығады. Құдайдың иман иелері мен олардың дінді сақтап қалу үшін талпыныстары мен күресін қажет етпейтіндігі белгілі. Олар жасайтын істердің пайдасы олардың өздеріне жетеді. Бірақ Құдай ондай адамдардың Құдайдың ерекше мейірімі мен рақымына бөленетіндігі туралы уәде берген. Құдай һәм олардың қателіктері мен кінәраттарын кешіреді, һәм олардың ізгі ғамалдарына жақсы сый мен сауап жазады.
Осы аяттағы «джиһад» дегендегі мақсат дұшпанмен семсермен күресу дегенді ғана білдірмейді, сонымен қатар кез келген талпыныс пен әрекет дегенді де білдіреді.
1. Бұл талпыныс мейлі өзін-өзі қалыптастыру және нәпсімен күрес жолында болсын, мейлі дұшпандардың саяси, экономикалық және мәдени салалардағы қастандықтарын залалсыздандыру болсын, бұлардың барлығы – пайдасы мұсылмандардың өздеріне жететін джиһадтың түрлері.
2.Егер Алланың жолында талпыныс жасасақ. Құдай біздің қателіктеріміз бен кемшіндіктерімізді кешіріп, біздің еңбегіміз үшін ең жақсы сый береді.