Ғанкабут сүресі, 705-бөлім, 14-18- аяттар
"Ғанкабут" сүресінің 14-18 аяттарының тәпсірі
«Ғанкабут» сүресінің 14-15 аяттары:
«وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَى قَوْمِهِ فَلَبِثَ فِیهِمْ أَلْفَ سَنَةٍ إِلَّا خَمْسِینَ عَامًا فَأَخَذَهُمُ الطُّوفَانُ وَهُمْ ظَالِمُونَ» ، «فَأَنجَیْنَاهُ وَأَصْحَابَ السَّفِینَةِ وَجَعَلْنَاهَا آیَةً لِّلْعَالَمِینَ»
Рас Нұх (Ғ.С.)- ты еліне жібердік. Сонда олардың ішінде тоғыз жүз елу жыл тұрды. Сол уақытта оларды топан басты. Олар залым еді. (14) Оны және кемедегі жолдастарын құтқарып, ол уақиғаны әлемдерге ғибрат қылдық. (15)
Осы аяттар мен осыдан кейінгі аяттар Нұх, Ыбырайым мен Мұса сынды бұрынғы пайғамбарлардың заманында өмір сүрген қауымдардың тағдырына тоқталып, олардың имандарының мөлшері мен пайғамбарларының соңынан ергені немесе олардың бағынбаушылық танытып, жетекшілікке ермегені туралы баяндайды.
Осы аяттарға сәйкес, хазірет Нұхтың халықты мың жылға жуық тура жолға шақырғанына қарамастан, азғана адам ғана оған иман келтіріп, көпшілік күпіршілік пен қырсықтық жолын ұстанған. Сондықтан Құдайдың қалауымен, сел мен қатты топан су түрінде азап түсіріліп, тек келешек ұрпаққа ғибрат мәйегі болуы үшін және олар егер үмбет зұлымдық жолын ұстанып, хаққа қарсы шығатын болса, көздері жойылатындықтарын білуі үшін барлық қарсыластары мен қырсықтардың көзі жойылып, тек мүміндер ғана құтқарылды.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1.Иман мен күпіршілік халықтардың өлімі мен құтқарылуы үшін осы дүниеде де әсерлі.
2. Құран тұрғысынан, мың жыл өмір сүру – мүмкін іс. Сол себепті хазірет Мехдидің 1200 жылдан бері осы уақытқа дейін тірі екендігіне сенуге болады.
3.Дінді уағыздағанда сабыр мен табандылық қажет. Көпшіліктің иман келтіруін күтудің қажеті жоқ.
«Ғанкабут» сүресінің 16-17 аяттары:
«وَ إِبْرَاهِیمَ إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاتَّقُوهُ ذَلِکُمْ خَیْرٌ لَّکُمْ إِن کُنتُمْ تَعْلَمُونَ»، «إِنَّمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّـهِ أَوْثَانًا وَتَخْلُقُونَ إِفْکًا إِنَّ الَّذِینَ تَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّـهِ لَا یَمْلِکُونَ لَکُمْ رِزْقًا فَابْتَغُوا عِندَ اللَّـهِ الرِّزْقَ وَاعْبُدُوهُ وَاشْکُرُوا لَهُ إِلَیْهِ تُرْجَعُونَ»
Ыбырайым (Ғ.С.)-ды да. Сол уақытта еліне: "Аллаға қүлшылық қылыңдар да, Одан қорқыңдар. Егер білсеңдер, оларың сендер үшін хайырлы" деді. (16) "Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризық бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар." (17)
Хазірет Нұхтан кейін адамдарды пұтқа табынушылықтан тыйған, оларды бір Құдайға шақырған Құдайдың екінші үлкен пайғамбары – хазірет Ыбырайым. Ол хазірет пұтқа табынушылықтың тамырларының бірін халықтың қаржылық мұқтаждығы деп атап, оларға: «Егер кедейшілік пен мұқтаждыққа бола, пұттарға табынатын болсаңдар, бұлардың сендердің өмірлеріңде ешқандай рөлі жоқ, әрі олардың сендердің қажеттіліктеріңді өтейтін әлеуетке де ие емес екендігін біліңдер» деді.
Бірақ, егер Құдайға табынсаңдар және оған шүкіршілік білдірсеңдер, һәм мына жансыз пұттардан құтылып, һәм сендердің осы дүниедегі ырзықтарың соның қолында, һәм өлімнен кейін де сендердің істерің соның қолындағы Құдайға сәжде жасайсыңдар» деді.
Осы аяттардан үйренетініміз:
1. Тақуалық және күнәлардан бой тартусыз ғибадат пен табыну – сындарсыз.
2.Құдайдың орнына өздерінің материалды өмірлерінде басқаларды ықпалды санайтындар шерктің бір түріне шырмалған.
3.Дін адамдарды өмірде бақуаттылық пен тыныштыққа және материалды қажеттіліктерді қамтамасыз етуге талпыныс жасауға шақырғандай, олардан Құдайдың нығметтеріне шүкір айтып, тек оған ғана табынуды сұрайды.
«Ғанкабут» сүресінің 18 аяты:
«وَإِن تُکَذِّبُوا فَقَدْ کَذَّبَ أُمَمٌ مِّن قَبْلِکُمْ وَمَا عَلَى الرَّسُولِ إِلَّا الْبَلَاغُ الْمُبِینُ»
"Егер сендер жасынға шығарсаңдар, расында бұрынғы үмметтер де жасынға айналдырған. Пайғамбардың міндеті ашық жалғастыру ғана." (18)
Аяттардың жалғасында хазірет Ибраһим осы аятта пұтқа табынушыларға қаратып: «Мен адамдардың барлығы Құдайдың дініне иман келтіреді деп күтпеймін. Себебі, бұрынғы қауымдардың тәжірибесі көптеген адамдардың пайғамбарларды теріске шығарып, олардың шақыруын қабылдамағанын көрсетеді. Мені мен илаһи барлық пайғамбарлардың міндеті – илаһи шақыруды жариялау. Адамдардың қабылдау немесе қабылдамауына жауапты емеспін. Мен Құдайдың дінін уағыздау міндетіме жауаптымын. Егер адамдардың барлығы кәпір болып кетсе де, мен оларға жауапты емеспін» деді.
Осы аяттан үйренетініміз:
1.Пайғамбарлар халықты иман келтіруге мәжбүрлеген жоқ. Олар өз міндеттерін мәжбүрлеу емес, жариялау санады.
2. Мүміндер адамдардың барлығы өздері сынды Құдайға иман келтіреді деп күтпеуі керек. Егер олар өздерінің дінді уағыздау міндеттерін орындаса, кәпірлерге қатысты жауапкершілікке ие емес.